Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет225/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Түс  қайта  аттарына  қойта  қонып,  шатқалдан  жылқыларды 

айдап шығарғанша, бiрталай уақыт өттi. Содан Ғарамты тауларына 

қарай барымта жылқыларды айдаған үшеу, кеш батқанша аттан 

түспедi. Ғарамтыға тек қараңғы түсе жеттi.

— Бағана бұл таулар жақын көрiнген сияқты едi. Ұзақ екен-ау.

—  Сен  байқамапсың,  Сүлеймен.  Бiз  төте  жолмен  жүрмей, 

көптеген  қия-беткейлердi  айналып  өттiк.  “Себебi  артымыздан 

қуғыншы түскендей болса, iзiмiзден адастырайық” деп ойладық 

мына  Парманқұл  екеумiз.

— Бестоғай әлi алыс па?

— Жолдың қиыны ендi басталады. Дегенмен үш күнде жетiп 

қалармыз.

Шынында сол түнi Ғарамты етегiне ат шалдырған бұлар үш 

күн бойы небiр құз-жартастардың арасындағы қиын өткелдерден 

өтiп,  Бестоғай  жазығына  тұяқ  iлiктiрдi.  Бестоғай  деген  жан-

жағын тау қоршаған кең алап екен. Таудан өтiп, жазыққа тiрелген 

қарақшылар,  тағы  да  аттан  түстi.  Осы  жерде  жатып,  бiраз  көз 

шырымдарын  алған  соң  Айдабол  Парманқұлды  сонадайдан 

көрiнген  ауылға  жұмсады.

—  Бұл  ауыл  қырғыз  өкiметiне  қарайды.  Менiң  естуiмше, 

қырғыз өкiметiнiң ауыл-ауылдарға әлi онша көп белсендiлiгi жоқ. 

“Бұл маңда осы күнге дейiн басмашылар жұрттың мазасын алып 

тұр” деп естiгенмiн. Мейлi, қалай болса да, мұнда Қазақстандағы 

сияқты  зiркiл  қаққан  шолақ  белсендiлер  жоқ.  Қобалжымай 

ауылға  бара  бер.  Ауылдың  бас  жағында  қаңлы  Мұрсат  деген 

кiсi тұрады. Соны тауып ал да, Бейiсқожаны шақырт. Содан соң 

екеуiн осында ертiп кел.

Парманқұл кеш түсе бiр-ақ оралды. Қасында екi кiсi бар. Олар 

аттарынан  түсе  сап,  Айдаболмен  құшақтасып  көрiстi.  Бiрауық 

амандық-саулық  сұрасып  болған  соң  оларды  Сүлейменге 

таныстырды:

— Мынау ұзынтұра — Бейiсқожа. Ал мынау тәпелтек — 

Мұрсат.  Екеуi  қай  жағынан  болса  да,  осы  өңiрге  белгiлi 

адамдар. Батыр десең — батыр. Қаһарман десең — қаһарман. Ал 

ендi,  Мұрсат,  жағдайларыңды  айтыңдар.  Елдерiңде  не  гәп?




470

Сүлеймен қарақшы

Мұрсат  пен  Бейiсқожа  елдерiндегi  жағдайды  айта  бастады. 

Олардың  айтуынша,  қазақтардың  үш  ауылы  үш  колхоз  боп 

құрылыпты. Бiрақ үшеуiнiң де бастықтары сырт жақтан келген 

адамдар  екен.  Олар  елге  жайлы  болғанымен,  ауылдарға  түн 

мезгiлiнде  ауық-ауық  шабуыл  жасап,  жұрттың  барын  тонап 

кететiн  басмашылар  мен  бандыларға  болысып  кетедi  екен. 

Басмашылардың денi таулықтар болғасын, жергiлiктi қазақтарға 

қырғидай тиiп, кей кездерi жас қыз-келiншектердi әкетiп қалады 

екен.  Сондайда  жергiлiктi  жұрт  Шұстыдағы,  Терексайдағы 

мiлисаларға  хабар  берейiн  десе,  әлгi  қорқақ  бастықтар 

қазақтардың  жолына  тұрып,  ол  жаққа  жiбермейдi  екен...

Бейiсқожа бұдан басқа да көп жайттарды айтты. Бiрақ қандай 

әңгiме  айтса  да,  қазақтардың  таулық  басмашыларынан  көрiп 

жүрген  зәбiрлерi  жайына  қайта-қайта  тоқтала  бердi.

—  Қырғыз,  өзбек  мiлисалары  басмашылардың  зомбылығын 

жұрт айтпаса бiлмей ме? — деп сұрады Айдабол.

— Бiлмеушi ме едi. Бiрақ көздерiн құрта алмайды. Осыдан бес-

алты жыл бұрын Хоженттен, Тәшкеннен көп отрәд келiп, оларды 

тас-талқан  еткен  едi.  Алайда  басмашылардың  тас-талқандары 

шыққанымен,  солардан  қалған  азғантай-аз-ғантай  топтар  тау 

шатқалдарына  тығылып  алып,  өкiметке  қарсы  әлi  күресуде. 

Олардың  “өкiметке  қарсы  күресемiз”  дегендерi  жәй  далбаса. 

Олай болатұғын болса, анау үш колхоз бастықты өлтiрiп кетпей 

ме.  Бастықтарды  өлтiрмейтiн  себебi  —  олар  өздерiн  асырап 

отыр. Бастықтар бандыларды немен асырайды дейсiң. Жұрттың 

жиған-тергенiмен  асырайды.  Қит  етсең,  сол  түнi  басмашылар 

келiп,  жаныңды  шығарады.  Осыдан  запы  болдық.  Қазiр  мына 

жылқыларды  жұртқа  таратып  берсек,  ертең-ақ  басмашылар 

келiп,  бәрiн  сыпырып  әкетер.

— Олар бiр келгенде қаншау болып келедi?

— Әртүрлi. Кейде он шақты, кейде он бес шақты.

— Үш ауылдың адамдары он-он бес басмашыдан қорқып жүр 

ме?


—  Жұртта  қару  жоқ.  Ал  бандылардың  бәрiнде  мылтық, 

пүлiмөт бар. Былтыр тал түсте бiр басмашының өзi ауыл үстiне 

пүлiмөтпен оқ жаудырып, күллi халықты жерге жатқызып қойған.



471



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет