Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет264/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265
Сүлеймен қарақшы

Қойшы,  сонымен,  бүкiл  Өзбекстан  мен  Тәжiкстанды  бес 

ай  адақтап,  молданы  қолға  түсiре  алмадым.  Арада  бiр  жыл 

өткенде  оған  деген  ашуым  басылып,  ол  уақиғаны  ұмытқандай 

едiм.  Бiр  күнi  жазға  салым  Тәшкендегi  Әстi  имам  мешiтiнiң 

шайханасына барып қалсам, әлгi сабаз қақ төрдегi нар үстiнде 

шәй  iшiп  отыр.  Менi  көрiп,  тiл-ауыздан  айырылды.  Ал  менiң 

басылып қалған ашуым бұрқ етiп қайта көтерiлiп кетпесi бар ма? 

Шынымды айтсам, ол ашу — анау жас қатынымды қызғанғаннан 

көтерiлетiн...

Көрген  сәтте-ақ  әлгi  молдаға  жетiп  бардым  да,  сол  жағын 

ала малдас құрдым. “Қалай, пiрiм, амансың ба?” деп едiм, тiлi 

жұтылғырдың  сөйлеуге  шамасы  келмей,  басын  изеген  болды. 

Мен  шайханашыны  шақырып,  екi  табақ  палау  мен  екi  бөтелке 

арақ әкелуiн өтiндiм. Ол аталған нәрселердi заматта әкелдi. “Же!” 

— дедiм молдаға палауды көрсетiп. Қатты әбiржiген ол, екi табақ 

палауды да апыл-ғұпыл жеп қойды. Оны жеп болғанда бөтелкенiң 

бiрiн ашып, кесеге толтыра құйдым да, “Iш!” — дедiм. Сорлы 

қорыққанынан  кесе  тола  арақты  сiмiрiп  салды.  Екiншiсiн  де 

сөйттi. Содан маған бiр, жанын солар сақтап қалатындай айналада 

толып отырған жұртқа бiр, алақ-жұлақ қарады. “Болдың ба?” — 

деп сұрадым мен. Ол басын изедi. “Болсаң, иманыңды үйiр”, — 

дедiм  де,  қонышымдағы  ұзын  екi  жүздi  қанжарымды  суырып 

алып,  әлгiнiң  басын  тiземе  бастым  да,  тамағынан  орып-орып 

жiбердiм. Орғаным былай тұрсын, қой бауыздағандай тамағын 

осып,  басын  кесiп  алдым  да,  шайхананың  ортасына  лақтырып 

жiбердiм. Мойнынан қаны атқылаған бассыз дене орнынан ұшып 

тұрды да, екi-үш қадам жасап, нардан аунап түстi. 

Ой,  сондағы  шайханадағы  жұрттың  дүрлiккенiн  көрсең. 

Бiреулерi тесiкке, бiреулерi есiкке қарай қашты. Лап етiп, бiрден 

қашқандары  сондай,  есiк  пен  тесiкке  бiразы  кептелiп,  сыртқа 

шығып кетуге мұршалары болмай, бiрiнiң үстiн бiрi басты. “Ей, 

сендердiң  ешқайсыларыңа  тимеймiн.  Неге  қашасыңдар?!”  — 

деп  айқайласам  да,  құлақ  асар  бiрi  жоқ.  Екi  шайханшық  сарт 

көмiр салатын үлкен жәшiкке кiрiп тығылып жатыр. Оларға да 

“қорықпаңдар”,  —  деп  айқайладым.  Есi  кеткен  екеуi  жәшiкке 

түсiп  алып,  үстерiнен  қақпағын  жауып  алды. 



549

Сүлеймен қарақшы

Бұл уақиға осылай болған. Көп кешiкпей он бесшақты мiлиса 

келдi.  Соңдарынан  ерiп,  мiлисаханаға  бардым.  Сол  жолы  тағы 

да  үш  жылға  сотталдым.  Бiрақ  тағы  үш-ақ  ай  отырдым.  Иә, 

Дүйсенбек, жұрт аңыз қылып айтатын бұл қылығым ерлiк емес. 

Осы  үшiн  өмiр  бойы  өкiнiп  келемiн.  Жалпы,  атыс-шабыспен 

өткен бар өмiрiме өкiнемiн. Десем де, момынның мүддесi үшiн 

күрескенiмдi  ойлап,  сәл  жеңiлденем. 

—  Соншама  қауiп-қатердi  бастан  өткерiп  жүргенiңiзде, 

қорыққан  кезiңiз  болды  ма?

— Қорқу, үрку деген — маған жат нәрсе. Тiптi оның не екенiн 

осы жасыма дейiн бiлмеймiн. Ешнәрседен қобалжып, сескенген 

емен. Дегенмен бiр рет қатты абыржығам. Бекаба жөйiттi көрген 

кезде.  Өйткенi  ол  маған  адам  емес,  мақұлық  тектес  болып 

көрiнген. Әрi қарусыз едiм.

— Елге қылған жақсылығыңыз да аз болмады-ау... 

—  Жақсы  адам  жасаған  жақсылығын  айтпайды.  Ондайым 

болса,  оны  көргендер  айта  жүрер. 

—  Ашығын  айтсам,  сiздi  бiреулер  шын  қаһарман  ретiнде 

сыйлайды,  ал  кейбiреу  қорыққанынан  асты-үстiңiзге  түседi. 

Сайып  айтқанда,  қай  жерге  барсаңыз  да,  төр  сiздiкi.  Ал  ендi 

сiз  өзiңiз  бұрынғы  өткен  кiсiлердiң  қайсыларын  құрметтедiңiз. 

Қазiргi қариялар мен жастар арасында сыйлайтындарыңыз бар 

ма?


— Iлгергi қариялардан айтсам, Ордабек болыс пен Естемес, 

Досалы  билердi  қатты  құрметтедiм.  Ондай  тектi  жаратылған 

адамдарды  қанша  жерлердi  шарласам  да  көрген  емеспiн. 

Сиқымдағы  Құлажан  мен  Нұржандай,  шегiрдегi  Сыдықтай 

шабандоздар  ендi  қайтып  туылмайды.  Парманқұл  мен 

Қараман  сияқты  ержүректер  өмiрге  келмейдi  ендi.  Бауыржан 

Момышұлымен де талай табақтас болдым. Ол да қазақ маңдайына 

бiткен  ерен  тұлға.  Қазiргi  қариялардан  өзiңнiң  туысың, 

көсемсөздi Аманкелдiнiң Садығы мен Ұлтанбектiң Бекмырзасы, 

өз  жақыным  Шаңбай  дәу,  Нарымбеттiң  Тұрғанбегi,  ауылдағы 

Жолдықара  балуан,  сiргелi  қайшылыдағы  суырып  салма  ақын 

Ырыспанбеттiң  Ыбрайы  жаныма  жақын  адамдар.  Жастардан 

өзiңнен  бастап  iнiмдей  жақсы  көретiн  бiраз  жiгiттер  бар… 



550



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет