Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет54/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

өзiне  тағы  бiр  қасқырдың  жабыса  кететiнiн  бiлген  Сүлеймен, 

оң  қолындағы  қанжарын  оның  қарын  тұсына  екi  рет  сұғып-

сұғып жiбердi. Бөрi жерге сылқ еттi. Оны тастай салып: “Тағы 

қай  жағымнан  келедi  екен?”  деп  айналасына  алақтай  қараса, 

қарагер  ат  үш-төрт  қасқырдың  ортасында  алақұйын  болып 

тебiнiп жүр екен. Мұны көрген Сүлеймен жер-дүниенi көшiре, 

бар даусымен ақырып, оларға ұмтылды. Қасқырлар түнгi даланы 

дiрiлдетiп  жiберген  сұмдық  дау-ыстан  шошынды  ма,  жоқ  әлде 

екi серiгiнен айырылған соң бұлармен арпалысуға батпады ма, 

әйтеуiр,  әп-сәтте  жылыс-тап,  қараңғылыққа  сiңiп,  жоқ  болды. 

Сүлеймен атының жанына жүгiре барып: “Жарадың, қарагерiм! 

Сен болмағанда бұлардың бәрi маған бiрден жабылып, жүндей 

түтiп тастар едi”, — деп күбiрлей оның мойнынан құшақтады. 

(Алайда  дәл  қазiр  Сүлеймен  қарагердiң  тек  бүгiн  ғана  емес, 

алдағы уақыттарда да талай рет небiр үрейлi қауiптердi алдын-

ала ескертiп, олардан өзiн құтқарып алатынын бiлген жоқ. Тiптi 

бұл аттың жылқы iшiнде сирек кездесетiн ерекше мiнездi жануар 

екенiне  де  көзi  жеткенше  әлi  талай  уақыт  бар-тын…)  Қарагер 

ат  та  аман  қалғандарына  шаттан-ғандай,  Сүлейменнiң  иығын 

тұмсығымен  сипап-сипап  қойды. 

— Ал, қарагерiм. Бүгiн түнде екеумiз үшiн ең қауiптi жаулардан 

құтылдық. Ендi таң атқанша, осы жапан далада түнеп шығайық.

 Сөйттi де оның тартпасын босатып, ауыздығын алды. Бiрақ 

шiдерлеген жоқ. Себебi қарагердiң өзiн тастап кетпейтiнiн бiледi. 

 Ауыздығынан босанған қарагер бiрден жер иiскеп, шөпке бас 

қойды. Сүлеймен ердегi қоржынды алып жерге төседi де, үстiне 

жатты. Жата бергенде: “Айтпақшы, жаңағы қасқырлар шынымен 

өлдi  ме?  Өлмей,  жәй  жарақаттанып  қалса,  кек  қайтармай 

тынбайтын  азулы  немелер  жорғалап  келiп,  менi  жарып  тастап 

жүрмесiн”,  —  деп  орнынан  тұрып,  анадай  жерде  теңкейiп-

теңкейiп  жатқан  екi  қасқырға  таяды.  Таяуын  таянғанымен, 

тура  қастарына  бармады.  Қасқырдың  өлгенсiп,  жанына  барып 

қалған адам мен малға бiрден бас салатынын Сүлеймен жақсы 

бiледi. Сол үшiн де кейiн бұрылып атының жанына келдi. Ердiң 

үзеңгiсiмен қоса таралғысын шешiп, оң бiлегiне орап, қанжарын 

сол  қолына  ұстап,  жатқан  қасқырға  жақындады.



113

Сүлеймен қарақшы

  Еппен  басып  бергi  жақтағысына  таяп,  үзеңгiмен  оның 

басына  бар  күшпен  бiр  соқты.  Соққының  тарс  еткен  дыбысы 

шыққанымен,  қасқыр  тырс  етiп,  қимыл  көрсетпедi.  “Демек, 

мұнысы өлiп қалған екен” деп, екiншiсiне жақындай бергенде, 

ол арс етiп, өзiне таяған Сүлейменге атылмақ болып әрекеттендi. 

Дегенмен  қарнынан  сұғылған  қанжар  жарақаты  бойын  түзеуге 

шамасын  келтiрмей,  бүктелген  күйi  бiр  аунады  да,  ырылдап 

айбат шектi. Сүлеймен оны үзеңгiмен аямай екi рет ұрды. Қасқыр 

қорылдап барып, жан тәсiлiм қылды. Олардың ендi шын өлгенiне 

көзi жеткен Сүлеймен атының жанына барып, оның ерiн шештi 

де  тоқымдарын  жерге  жайды.  Ердi  жастанып  жата  кеткенiмен, 

алғаш рет жапан далада жалғыз қалғандықтан ба, тез ұйықтай 

алмады. Есiне бағана өзi өлтiрген орыстың попы түстi. “Ит, кәпiр-

ай,  жанындағы  арсалаңдаған  ит  секiлдi  мас  жiгiттерiнiң  сөзiн 

сөйлеп, өзiме тиiспегенде, ажал таппас едi-ау. Өзiнен болды. Несi 

бар,  жынымды  қоздырып.  Титтей  де  обал  жоқ  өлiмiне.  Бұдан 

былай  қалғандары  қазақтарға  тиiспей  жүретiн  болады.  Соның 

кесiрiнен  Ордабекке  бара  алмай,  екi  өлi  қасқырдың  жанында 

жатысым  мынау  айдалада.  Осыдан  поптың  адамдары  ауылыма 

барып,  лаң  салатын  болсыншы,  Топыш  пен  Қасқабайды  ертiп 

келiп,  түн  iшiнде  ойрандарын  шығарып  кетейiн. 

Айтпақшы, мына қасқырлардың қоршауында тұрғанда көзiме 

көрiнген  кiсi  кiм  болды?  Шайтан  болса  да,  әйтеуiр  бейне-

сұлбасы маған таныс сияқты. Бұрын да бiр жерден көрдiм ғой 

оны. Астындағы ақбоз арғымақты да көргем. Құдай-ау, қай жерде 

көрдiм… Иә, иә, ендi есiме түстi. Билiкөлдегi Керiмбай болыстың 

тойында орыспен күресiп жатқанымда, ол маған бiр көрiнiп, дем 

берiп кеткен жоқ па едi? Япыр-ау, ол қайбiр жылы Шыршыққа 

бара  жатқанда  «Әулиетас»  үңгiрiнде  шешеммен  бiрге  түсiме 

кiрген кiсi емес пе? Бiрде түсiмде, бiрде өңiмде көрiнетiн оның 

кiм болғаны? Ауылдағы Сұлтан атаның iнiсi Достай қария: “Бая-

ғыда Төле бабаның жаны қысылған шағында қасына келiп, дем 

берiп, желеп-жебеп жүретiн ақбоз атты, қара сақалды әруақ-кiсiсi 

болған екен. Ылғи аттан түспей жүретiн жарықтық сол әруақ кiсi 

Төле өлген соң, одан тараған ұрпақтарды айналшықтап жүрген 

тәрiздi.  Кезiнде  ол  Қожамжар  мен  Шойбек  датқаға  да  ауық-



114



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет