Сүлеймен қарақшы
ғана болып қалғандарына таңданысқан басқа жiгiттер: “Мына
бiр диюдай адам бұлардың қандай таныстары екен?” десiп, есiк
алдында топырлап тұр. Топыш пен Қасқабай кезек-кезек сөйлеп,
жағдай сұрасты. Топыш жiгiттерiне бұрылды:
— Ей, келiңдер мұнда. Бiздiң айтып жүрген Сүлеймен дегенiмiз
осы. Амандассаңдаршы келiп. Неге қақшиып қалдыңдар?
— Ә, Сүлеймен деген осы екен ғой, — дескен олар шетiнен
оған жақындап, амандасты. Амандасып болғасын, Топыш пен
Қасқабай Сүлейменнiң екi қолтығынан ала үйге қарай жүрдi.
“Алыстан келген қонақсың ғой”, — деп оны төрге жайғастырды.
Содан бiр-бiрiнiң елдерiнiң амандығын сұрастырып, тағы басқа
әңгiмелер айтып, бiрқыдыру уақыт отырды.
Сүлеймен жылы бозаның бiр кесесiнен соң бiр кесесiн iшiп,
ара-арасында нан мен еттi де қарпып жеп, тойынып қалды. Күн
бесiнге таянғанда басқа жiгiттер тарай бастады.
— Иә, Сүлеймен, бұрындары ылғи жорық үстiнде жолығып
жүрсек те, әлi бiр рет дастархан басында жайланып кең
отырмаппыз. Дала кезген бөрiдей айдалада оқтын-оқтын кездесiп,
хал-жағдайдан артық ахуалды сұрастырмасақ та, бiр-бiрiмiздiң
сырымызды айтыспай-ақ ұғысатын сыралғы жандармыз ғой.
“Жол болсын” айту бiзден, “әлей болсын” сенен. Көздерiңе
қарасам, келiсiң тегiн емес-ау. Сырың болса, iшiңде бықсытпай,
көсеу сап, түрте отыр, — дедi сөзге шешен Қасқабай.
— Бiздiң ауылдағы сөйлеп кеп берсе, ағын судай тоқтау-
ды бiлмейтiн, жөн мен жосыққа, шежiре мен нақылға жүйрiк,
көкiрегi дария Достай деген атам: “Басыңа iс түскенде өзiңмен
көңiлi теңдес, жүрегi шендес адам ғана саған қорған болуға
лайық”, — деп айтып отырушы едi. Менiң тегiн келмегенiмдi
сен дұрыс байқадың, Қасқабай. Басына қауiп төнбеген адам тау-
тасты жолды түнде кезiп, қасқырлардың қоршауында қалып, елсiз
айдалада түнеушi ме едi. Бiр орыстың попын өлтiрiп, ағайынға
ауырлық, туысыма дау салдырмайын, қазiрше елден жырақта
бола тұрайын деген оймен екеуiңдi паналап келiп отырмын.
Бұдан кейiн попты қалай өлтiргенi, түндегi қасқырлармен
қалай алысқаны туралы тәптiштей әңгiмелеп бердi. Топыш пен
Қасқабай оның сөзiн бөлмей, үнсiз тыңдады.
— Кәпiрге көр құштырғаның өкiнiш емес. Сонда да болса,
бұрынғы да, мынау орнап жатқан жаңа өкiмет те, сол орыстарға
бiр бүйрегi бұрып тұратыны ақиқат. Қашан да кiсi өлiмi ауыр
118
Сүлеймен қарақшы
айып. Солай бола тұра, “оны мен өлтiрмесем, ол менi өлтiретiн
едi” деп ғадiлдiк пен хақтықты айтып, ешкiмдi иландыра
алмайсың бәрiбiр. Сол үшiн де ол жақтан кеше кетiп қалғаның
тәуiр болған. Мұнда сенi паналатуға бiз жараймыз.
— Онда тағы арыз-тiлегiм бар сендерге. Осы екеуiңнiң бiрiң
бiздiң елге барып, ауыл ауанын, Досалы мен Ордабектiң ахуалын
бiлiп қайтыңдаршы. Орыстар менi iздестiрiп жат-қан жоқ па
екен? Егер кәпiрлер ауылыма барып лаң салатындай болса,
оларды кiм басқарып жүргенiн анықтасаңдар. Кейiн бiр түнде
барып, белсендiсiнiң белiн сындырып қайтайық.
— Ол жаққа Топыш барып қайтсын.
— Барайын, — дедi Топыш сөзге келмей.
— Онда жаныңа бiреудi ертiп, ертең аттан.
— Жарайды, жаныма Елеусiндi ертем.
Ертесiне Топыш пен Елеусiн аттанып кеттi. Содан оныншы
күн дегенде қайта келдi.
— Қалай, ат-көлiктерiң аман келдiңдер ме? — деп қарсы алды
ол екеуiн Сүлеймен мен Қасқабай.
— О, Сүлеймен, жаңа мансабың құтты болсын, — дедi Топыш
ыржия аттан түсiп жатып.
— Мансабы несi?
— Саған елiңдегiлер “қарақшы” деп ат қойып алыпты.
— Әй, әй, түсiндiрiп айтшы. Кiм менi бұлай атап жүрген?
— Мен ұзақ жолдан атсоқты боп, шаршап келiп тұрмын.
Талған тiземдi ауырсына басып, қаздиып тұрып әңгiмемдi
айтпайтын шығармын. Үйге кiрейiк те. Әмбе хабар, дұғай сәлем-
сауқат содан кейiн-ақ айтыла берер.
Қымыз iшiп, көңiлi жайланған Топыш әңгiме айтуға кiрiстi.
Оның айтуынша, поптың өлiмi кәпiрлердi қатты дүрлiктiрiптi.
Бұлар Ордабектiң ауылына жеткен күнi орыстың да бiр топ
адамдары болысқа келiп, “Сүлеймендi тауып бер” деп дау
салыпты. Орысшаға жүйрiк шодыр мiнез Ноғай, мiлисалығын
пайдаланып: “Сүлеймен мұнда келген жоқ. Оған тиiссеңдер,
тағы бiреуiңдi өлтiредi”, — деп оларға ұрсып-ұрсып қайтарып
жiберiптi. Қайтарғанда жәй қайтармапты. Қасындағы өзi секiлдi
қызыл киiмдi сарбазды жұмсап, орыстардың иықтарына асынған
мылтықтарын тартып алыпты. Орыстар болса: “Шымқаладағы
119
Достарыңызбен бөлісу: |