ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата24.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#10309
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

ИНТЕРМЕДИЯ
Бұрынғы Қобыланды ордасының орны.  ртеніп орда, қаңырап қоныс 
қалған. Тылсым буғандай жым-жырт боп жайраған дүниелік арасында 
баяу басып Қобыланды шығады, жалғыз.
Қ о б ы л а н д ы 
...Сенбісің сол, сенбісің? 
Есіл атты бесігім.

217
Жазығым не, жазығым не осынша
Қарсы алардай жабығып?! (Толғана күңіреніп.)
Күндіз бүркек, түн тұман,
Қуарып солған сор заман,
Қайда жүрмін қаңғырып?
Жұрты жатыр, елім жоқ,
Батпағы жатыр, к лім жоқ.
Қаңырап қалған Қараспан,
Бауырыңда бұла  скен
Балапаның келіп тұр.
Жазығым не осынша
Тұншыққандай үн шықпай,
Осыншалық дал қылып?
л, Қобылан, десең де,
Үн қатсаңшы, жаңғырық!
Қас болмасаң, қор дүние,
Аясаңшы, айтсаңшы,
Қайда, қайда жүрмін қаңғырып?
Қобыланды  з мұңымен жым-жырт болып отырып қалған. Бір шеттен 
жалғыз Қарлыға шығады, о да ойда.
Қ а р л ы ғ а 
Бауыры суық ұяда 
Түңілдірген к п еді, 
Арманым ғана жүр еді 
Қол жетпес бір қияда. 
Қасымда отыр сол бүгін, 
Қайғысы бар қара тас. 
Сыр ашқаным сыя ма? 
ртеп кеттім артымды. 
Алдым жұмбақ бір тұман, 
Қайда барам, кім боп барам! 
Не де болса жалғыз-ақ 
Ынтығыма жеткізем, 
Аямастан күш салам, 
К ре тұрып Құртқаны,
Барар бетім аңғарам... (Қараман шығады, о да баяу.) 
Қ а р а м а н 
Қайран менің құрдасым,
Саған нала келгенше, 

218
зіме пәле болсын дер, 
Қадірлесім, қимасым, 
тті ғой зарың, аяулым,
Қайдасың, жаным, құрдасым! (Ізденіп, тыныштық 
таба алмай жүріп, алтын қазық тауып алады.) 
Бұ не, бұ не, мынау не? 
Бүлінген дүние ішінде 
Бұғып қалған белгідей!
К кжал, Қарлыға! Бер қара! (Қобыланды жақындайды.) 
Қ а р л ы ғ а 
Бұ не, не қып ұмыт қалғандай? 
Тегін бұйым болмас-ты, 
дейі қалған емес пе, 
Тапқанға бір ой салғандай? 
Қ а р а м а н 
Тоқта, тоқта, таптым мен, 
Айналайын Құртқажан, 
Айналсамшы есіңнен!
К тер басты, К кжалым, к тер бері, бер қара! 
Ай, жұлдыздың тұрақсыз 
Тынымсыз кешкен жолында, 
Темірқазық аспанда – 
Тапжылмастай тірегі, 
Сол қазықтай айнымас 
Қайда жүрсең Құртқаның 
Саған деген жүрегі. 
Сол белгісін қалдырған 
Жандай жардың жолында, 
Талдым, солдым дер болса
Шіріп-ақ қалса болмай ма? 
Ер дегеннің білегі... 
Таста, К кжал, азаны, 
Жұлдызыңа бет түзе, 
Жазалы оғың қазалы, 
К тер деймін басыңды! 
Қ о б ы л а н д ы 
Қанатыма қанат қос, 
Жалыныма жалын қос, 
Айтшы, айтшы, тағы аямай, 
Айтшы аямай, есіл дос.

219
Қ а р л ы ғ а 
Қадірлесім Қобылан, 
Аямасың, қасың кім? 
Қайда екенін білемін! 
Талдырмайық жұртыңның 
Жау қолында жабығып, 
Жанып-с нген тілегін. 
Қинамайық Құртқаңның 
Қайғыменен қан жұтқан 
Жалынға толы жүрегін! 
Бар қайратым қан кегінің жолында, 
Сарапқа сал серігіңнің білегін! 
Сен мұратқа жеткенше, 
Қай қамалы тұрса да, 
Ашуменен сермелген, 
Ақ найзаңның ұшы боп, 
Алдыңда  зім жүремін! 
Қамдан, батыр, әзірлен! 
Қ о б ы л а н д ы 
зірлен, достар, әзірлен... 
...К к жүзіне тырмысып 
К геріп  скен жас емен. 
Тілемесін тәңірінен 
Тұнжыраған тыныштықты, 
Қара бұлттан туып кеп, 
Қас иесі қуып кеп, 
Құтыра соққан дауылын 
Қарайласым десін ол! 
Қарлы мұзы қабаттай, 
Қарсылай соққан қаңтардың 
Сықырлаған аязын 
Сыбағам деп білсін ол! 
Т ңкеріліп аспаны, 
Түйіліп келіп т беден, 
Күтірлей ұрса кең ие, 
Шатырлай түссе найзағай, 
Шың етпестен зымырап, 
Тағы соқ деп тұрсын ол! 
...Жас емендей жас елім, 
Қайсар күшің қайт қылман,

220
Ала алмайсың, қас  лім! 
К нбес үшін қарысам! 
Жеңбек үшін алысам! 
Алдымда осы жалғыз жол, 
Алдымда осы жалғыз жол... 
Ер, достарым, соңымнан,
Бол, бол, кегім, басшым бол! (Тартып кетіседі.)
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
IV АКТ
Жетінші сурет
Арыны күшті аюдай хан Алшағыр ордасы. Сарайдың ішкі даланына 
шығатын алаң, ашық үйінде Бірсімбай мен қалыңдығы Күнікей отыр.
К ү н і к е й (күйеуін тоқпақпен басқа ұрып тұрып, күле 
беріп). Сок, тоқпағым, соқ-соқ! Соқ, тоқпағым, тоқ-тоқ!
Б і р с і м б а й. Семсер ал да шауып жіберсеңші бұл ба-
сымды.
К ү н і к е й. Ойын бұзбай, кан шығармай ойнаймын.
Б і р с і м б а й. Осының да тәттілік пе, ұнатқаның осы 
ғой, ә?
К ү н і к е й. Ұнатқаным ғана емес, сүйгенім сол. 
(Күледі.)
Б і р с і м б а й.  ттеген-ай, онда балуан қыз болмағаның 
бекер екен, айызың кана түсер еді ғой.
К ү н і к е й. Шыдамасаң шыныңды айт, к лг рсіме. 
Бірақ Күнікей жарың осындай.
Б і р с і м б а й. Сүйгені жазадай де.
К ү н і к е й. Уай, қой әрмен. Күнікей кептерше сүймейді, 
жүнжіп, жидіп. Сілеусінше сүйеді, тістеп, тырнап. Шыда-
маса шандозым  ле калсын ойынымнан. (Сақ-сақ күледі. 
Алшағыр кіреді.) Соқ, тоқпағым, соқ-соқ! (Тағы күледі.)
А л ш а ғ ы р. Ойын ба, бекзадам! Ойын ба, бүбім 
қарындасым? Ойын бұзған не к ред?
К ү н і к е й. Кім бұзады ойынды!

221
А л ш а ғ ы р (қатуланып). Жау, жау бұзады... Алдияр!
К ү н і к е й,   Б і р с і м б а й.  Жау? Жау?
А л ш а ғ ы р.   Жат жаманат келіп тұр, қамауда жатқан 
жау Қыпшақ құтылып кетіпті тұтқыннан.
Б і р с і м б а й. Біздің берік зынданнан ба? Қара бассын 
әкемді. Айырылғаны несі алжымай. Қара бассын, К бікті!
А л ш а ғ ы р. Айып әкеңде емес, Қарлығада.
К ү н і к е й. Қарлығада? Не қылған ол?
А л ш а ғ ы р. Зынданнан  зі шығарып, қашып кетіпті 
сонымен. (Тасырлап.) Кетіпті жауына еріп, аңшыға ерген 
қаншықтай!
Б і р с і м б а й. Қаншық? Қансылата жоймасам ба к зіңді. 
Не қып қалған, неге жоймай айырылып отыр К бікті? Не 
қып  лмей тірі отыр.
А л ш а ғ ы р. Тірі емес деп естимін. Жаманат бар, жазым 
бопты деп отыр.
Б і р с і м б а й (қайнап). Кімнен жазым бопты?
А л ш а ғ ы р. Кетерінде жарып кеткен Қобылан дейді.
К ү н і к е й. Жау қолынан  лген бе? Не деген қорлық 
еді?
Б і р с і м б а й. Үйтіп  лген әкем болса, садаға болсын 
шерімнен. Ома қапсын  лмесе. Кегім, кегім, Алшағыр! 
Қамдан, сайлан, жол тартам. (Тулап әзірлене бастайды.)
А л ш а ғ ы р. Салдым барды кегіңе, камдануға әзірмін. 
(Екеуі кетеді.)
К ү н і к е й. Кек, кек! Кектен басқа табынатын тәңір 
жоқ. Тек кезек-кезек кек болсын. Алшағыр, бұйрығым 
бар! Жауыңа еріп Қарлыға қашса, тегін емес, қатын болып 
қашқан да. Қайын атамды  лтіріп, Қарлығасын қатын ет-
кен дұшпанды құр  лтіріп қояр болсаң, қорсың  ңшең дер 
едім. Қолында отырған жоқ па к к шүберекке түйгендей 
оның жаны... Құлықтысы Құртқасы. Сен де соны қатын ет. 
Қорлап қатын еткен соң ғана жауды к здей ж нейсің. Осы 
менің бұйрығым!
Б і р с і м б а й. Ақылыңда қапы жоқ. Кектің басы осыдан. 
Ал, Алшағыр, бұйрығын!
А л ш а ғ ы р. Не дедің, бүбім, не дедің? Алмасыма шарам 
жоқ.  зің білдір бетпаққа, бұйрығыңды  зің айт!
К ү н і к е й.  зім айтам қазір-ақ. Шақыр! Келтір мұнда 
күңдерді! (Алақанын қағып қалады.)

222
Бірсімбай, Алшағыр қаруларын қамдай шыға береді. Күнікей жалғыз. 
Аздан соң тұтқын Қарлығаш пен Құртқаны алып жасауыл келеді.
Азалы Құртқа сенбісің, 
Айрылдым деген жарыңнан? 
Қ ұ р т қ а
Не демексің тағы да? 
К ү н і к е й 
лі айрылдым деп едің,
Айрылыпсың тірідей. 
Зынданнан босанып, 
К біктіні  лтіріп, 
Құтылыпты Қобылан. 
Қ а р л ы ғ а ш
О-о, дос ием Қамбар-ай! 
К ү н і к е й (Құртқаға).
Сен қалайша қуанбайсың? 
Қ ұ р т қ а
Сүйінші болмас тілерің, 
Тағы да бар ғой айтпағың. 
Айтып тындыр барлығын, 
Үздір Құртқа күдерін! 
К ү н і к е й 
Үздіретін мен емес, 
Біл Қобылан қорлығын! 
Зынданнан шығарған, 
Аямаған әкесін, 
Қайраты асқан Қарлыға –
Қыздан достық тауыпты
Досын алып кетіпті, 
Үйдегі жар ұмыт боп, 
Соны қатын етіпті... 
Қ ұ р т қ а 
Мен қуанар аз екен, 
Білмей тұрмын жалғыз-ақ, 
Күнікей неге мәз екен? 
К ү н і к е й 
лгенменен  лмек жоқ, 
Безген жардың бейілі 
Қайта оралып келмек жоқ. 
Қарлығаның орайы 

223
Қайтар болды Құртқадан,
Алмақ болды Алшағыр. 
Жақсы с збен жан тартам, 
Жарасатын жеңгем де... 
Қ а р л ы ғ а ш 
Үніңді  шір, оқ жылан, 
Жас тілеуін жалмаған! 
зіңдей деп ойлап па ең? 
ктегенде  зеуреп, 
Аярлықтан талмаған... 
Садаға кетсін Алшағыр 
Айналайын ағамнан. 
Азатұғын жеңгем жоқ, 
Садаға кетсін Құртқамнан! 
К ү н і к е й 
Болдың ба айтып барыңды, 
Сертім болсын, асқақ қыз, 
Саған да сый тартамын. 
Соныменен ақтармын 
Сен былғаған арымды. (Құртқаға.) 
Не дейсің, сен  зің айт! (Құртқа үндемейді.) 
Таныдың ба, жалғаны к п жарыңды? 
Қ ұ р т қ а
Таныдым... 
Қ а р л ы ғ а ш
Не деп тұрсың, Құртқа, сен? 
К ү н і к е й (Қарлығашқа).
Шығарма енді үніңді? (Құртқаға.) 
Танығаның шын болса, 
Таңдар жолың жоғын тағы білерсің? 
Қ ұ р т қ а
Білдім... 
Қ а р л ы ғ а ш
Құртқа?.. 
К ү н і к е й
Құртқа! Ал дейсің бе Алшағырдан сүйінші?! 
Қ ұ р т қ а
Шақырып бер ағаңды, айтысатын сертім бар... 
К ү н і к е й (кейін бұйрық етіп). 
Келсін мұнда Алшағыр, 

224
Келсін бері Бірсімбай! (Екеуі келген соң.)
Құртқа айтатын байлау с з 
йгіленсін жақынына жауымның, 
Келтіріңдер атасы мен енесін! 
А л ш а ғ ы р 
Келтіріңдер, тыңдасын!
Тоқтарбай, Аналықты кіргізеді. Олар құл мен күң халінде.
К ү н і к е й 
Жалтаратын жол емес, 
Жасырып айтар сыр емес, 
С йле, Құртқа, сертіңді. 
А н а л ы қ
Қай жазамен қинамақ? 
Т о қ т а р б а й
Қандай серті болушы ед? 
Қ а р л ы ғ а ш 
Шыда, сорлы ата-анам, 
Таныр болсаң тосыннан 
Білінбеген дертіңді. 
Қ ұ р т қ а 
Жұлдызынан жаңылған, 
Жаманатқа таңылған, 
Азалыда амал жоқ. 
Бұрын бетін серіпсем де, 
Бүгін үйтер шарам жоқ. 
Айтқаның болад, Алшағыр, 
Тек жалғыз-ақ Қобыланның 
Қарлығаны алғанын 
Таныт, к рсет к зіме. 
К рісімен тиемін, 
Одан әрі аял жоқ... 
А н а л ы қ
Не деп, не деп кеттің сен? 
Қ а р л ы ғ а ш 
Қайран ағам, қойныңа салмақ болғаның 
Жарың емес, жылан ба ед? 
А л ш а ғ ы р (н керіне әмір етіп). 
Тоқтат тілін зәрлінің. (Қарлығашты жасауыл жұлқып 
ұстайды.)

225
Т о қ т а р б а й 
Не дермін мен, не дермін... 
Тентіреген тірлікте 
Бұндайда медің к рер күн! 
О, сұмырай, к рер күн!.. 
А л ш а ғ ы р 
Алдым, Құртқа, сертіңді! 
Бұрымын кесіп сайқалдың, 
Басын кесіп Қобыланның, 
Алдыңа әкеп табысқанын танытпай, 
Алдырмаймын, алмаймын мен еркіңді... 
(Бұйрық етіп, Тоқтарбайларды нұсқап.) 
Есітерін есітті, 
Шығар мынау құл, күңді. 
(Оларды алып кетеді.)
Ойнақшып, құтырып К клан шығады.
К   к л а н 
К зін к рсет, к зін к рсет
Сертін берген сайқалдың! (Құртқаға кеп қадала 
қарап.)
Асыраған қолымда
Қызым болған күніңде,
Қырсығыңа шыдағам,
Жатым болған күніңде,
Айдағы ақ піріме аямасқа ант бергем.
Тілеп алған сыбағаң! (Тіміскіп.)
Монтаны ма? Монтаны!
Монтанысы болатын.
Мені де мерт еткізген,
Иектеген иесі.
Атың  шсін, Алшағыр,
Алданар болсаң тағы да,
Жер соқтырар күн болса,
Киеңкінің киесі! (Тағы құтырынып.)
С зін алма,  зін ал!
Сертін алма,  зін ал!
Сертін алма,  зін ал! (Ойнақтап шығып кетеді.) 
Қ ұ р т қ а (күліп). 
Табыстырар сен болсаң,

226
Жар таппас па ем мен ерте! 
Не ғып тұрсың, Алшағыр, 
Тілін алсаң асаудың, 
Аяма да мені  рте!.. 
Б і р с і м б а й
Жоқ! Ердің серті емес... 
А л ш а ғ ы р 
Қайтарым жоқ айтқаннан, 
Тек, тек бірақ килікпе. 
Қолқа қылма, Құртқа, сен, 
Қыпшаққа деген кегімді, 
Бастаймын мен кезекпен
Мына тұрған байталдан! (Қарлығашты к рсетеді.) 
Қ ұ р т қ а (күліп). 
Алмастан бұрын  зімді, 
Сайламақпең күндесті? 
Б і р с і м б а й
Не деп тұрсың, Алшағыр? 
А л ш а ғ ы р 
Алдияр, тыңда кебімді! 
Кебімді тыңда, Күнікей! 
Сен бұйырдың, мен к ндім, 
Сен де маған кезек бер! 
К ү н і к е й
Бердім кезек бұйырсаң! 
А л ш а ғ ы р 
Сенен асар Қаңқайдың 
Қай қызының талайы? 
Күң қатын қып, қор қылып 
Бірсімбай алсын мынаны! 
Қ а р л ы ғ а ш 
Тарт қолыңды қасиетті басымнан, 
Зарламаймын, садаға кет жасымнан. 
Тарт қолыңды қасиетті басымнан, 
Қара басса Қарлығаш, 
Қатын болмас, қар болар... 
Қай мінезім жағып ед, 
Жау б ріне жар болар? 
Сансыз отқа күйгенше, 
Сен сұмдарға тигенше, 

227
Қадір білер Қарлығаш
Жас тілегін жат етіп, 
Жанын айтып жолына 
Жан бауыры Қобыланның,
Жарылып  лер, қан болар! (Сапысын жұлып алып,  зіне 
сала береді. Күнікей атқып тұрып ұстайды.) 
К ү н і к е й 
Сен бе тимей тулайтын? 
Сен бе безер ерімнен? 
Қ а р л ы ғ а ш  (арпалысып). 
Жиренемін, жиренемін, жат к рем 
Азынаған к рімнен... 
К ү н і к е й (Қарлығаштан сапыны алып). 
Не дедің, не дедің сен, не дедің? 
Бекзада туған Бірсімбай, 
Қай Қаңқайдан кем едің? (Ашумен қайнап.) 
Алшағыр! Алдым, алдым, к ндім мен. 
Бұйрығыңа бас ұрдым. 
Намысым қайнап күйгеннен, 
Жарыма тілі тигеннен 
Егестім де кестім мен! 
Күң қатын қып алмасаң, 
Таспа тіліп жонынан, 
К ндіріп жолға салмасаң, 
Ерім емес, қорсың сен. 
Ал, Бірсімбай, ал мына 
Атым  шсін, ант ұрсын, 
Алғызбасам осыны!.. 
А л ш а ғ ы р 
Бәсе, бәсе, солай-ды!
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
Сегізінші сурет
Сол сарай, сол орын. Бірақ бұл суреттің оқиғасының к бі үй ішінде емес, 
сарайдың ішкі алаңында болады. Алаңды қоршаған биік тас қабырға, 
шойын қақпа к рініп тұрады. Құртқа, Қараман шығады.

228
Қ ұ р т қ а (асығыс).
Алыста ма, арыстаным қайда тұр? 
Қ а р а м а н
Алыста емес, тақауда тұр тіл күтіп! 
Қ ұ р т қ а
Жақын тұрған кісің бар ма қорғанға? 
Қ а р а м а н 
Килігем деп кіжініп, 
Зорға шыдап Дәулет тұр, 
Жаза осы деп жалғанда! 
Қ ұ р т қ а 
Килікпесін бір  зі, 
Тез әкелсін Қобыланды! 
Басқа түскен қыспақтың 
Асып тұрған сор кезі. 
Арыстанның аузында 
Ажал тосып сәт сайын 
Ата-анасы, бауыры тұр! 
Таусылғанша амалы,
реңменен жары жүр. 
Тілімді алсын арыстан, 
Тақап келіп тап берсін,
Шаңдатпасын алыстан! (Қараманға кілт береді.) 
Мә, қорғанның кілтін ал, 
Бір күн сейіл еткіз деп, 
Алшағырдан алып ем. 
Б гелме енді, барың сал!.. 
Қ а р а м а н 
Кетем, Құртқа, ж нелем, 
К мегіңе бұл жерде 
Батыр серік қыз берем! 
Қ ұ р т қ а
Қыз? Кім еді ол? 
Қ а р а м а н
Қарлыға! 
Қ ұ р т қ а (күлімсіреп). 
Айта кетсең нетеді, 
Кім деп алам к мегін? 
Қ а р а м а н  (о да күліп, жазыла беріп).
Қай-ра-қа-а-а-н!

229
Қалжыраған болса да, 
Алжыған жоқ құрдасың. 
Қараман ба ед жансыздап 
Сыр тартатын б бегің?
Қ ұ р т қ а (күліп). 
Күпті еткенше к ңілімді, 
Күйіп кетсең нетуші ед.
Қ а р а м а н 
Саспа! К кжал болса мен білген 
Сұлулардың сендердей 
Талайына жетуші ед! 
(Қарлығаны ертіп кеп.) 
Ал, мен кетемін ж німе, 
Шүйіркелесе екеуің, 
Танысып ап, табысып, 
Барың сал да, серік бол 
Батыр қуған кегіне. (Ж неледі.)
Қ а р л ы ғ а 
Құртқа?!
Қ ұ р т қ а 
Қарлыға?!
Қ а р л ы ғ а 
Шалғыншы боп келіп ек, 
Арманым жоқ жол болса...
Қ ұ р т қ а (Қарлығаны қасына отырғызып). 
Айтқаның келсін, Қарлыға, 
Осы күнді тілеп ек!
Қ а р л ы ғ а 
Аяғаны батырдың 
Жебір, жесір жасыған,
Қара Қыпшақ ел болса, 
Аңырағаны зар тұтып, 
Қалың қайғы қажытқан 
Қарт ата-ана бір болса, 
Аңсағаны жалындап, 
Құлықтысы Құртқа едің, 
К зім к ріп күйігін, 
Шыбын жаным жолына, 
Сен тигенше қолына, 
Құмарлық болсын деп едім.

230
Қ ұ р т қ а
Қарыздармын, Қарлыға, 
Қайысыпсың қимастай 
Қорлықтағы зарлыға!.. 
Ұмытпаспын, аямаспын барымды, 
Бұл тірлікте шықпаспын 
Айнығыш болып алдыңа. 
Алғыс деген аз бейіл, 
Айтқаныммен толмайды. (Күлімсіреп.) 
Тағы бар ғой бір жора, 
зегін берер  з болса, 
зіндей жақын к з болса, 
Алғыс олай болмайды, 
Рас емес пе осыным, Қарлыға? 
Қ а р л ы ғ а 
зім дерлік болсаң сен, 
зге тілек тілемен! 
Қ ұ р т қ а
Ашылса екен маңдайым... 
Айықса екен тұманы... 
Қ а р л ы ғ а 
Алынса екен ер кегі, 
Жеткізсе екен қуғаны! 
Қ ұ р т қ а 
Күпті болған жүректің 
Тарқаса екен күмәні! 
Қ а р л ы ғ а 
Бар тілегім, бар күшім 
Талабына батырдың, 
Керегіне жарасын!.. ( зіне.) 
К рсем деп ем, ынтық ем, 
К рдім ердің күнде аңсаған данасын! 
Ақылын к ркі безеген, 
К ркін мінез безеген, 
Бұдан артық ер сүйер 
Қай адамзат баласын... 
Барым берем, табыстырам сендерді, 
Содан әрі  ртенсем де жол берем. 
Лайығы жоқ! Жоқ, мүлде жоқталасым! 
(Құртқаға.)
Бақытыңа жет, жаның жарқын асылкеш!

231
Қ ұ р т қ а 
Тәу еттім, айдай нұрлы асыл дос!
К клан келе жатады. Зу! Зу! Арзу! Құртқа Қарлығаны қалтарысқа тығады. 
К клан, Күнікей шығады.
К   к л а н (құтырынып). 
Жайра! Жайра! Жайрағыр! 
Жау бар жақын, Алшағыр! 
Қайдасың сен, Алшағыр, 
Жау бар жақын, ес қайда? 
К ү н і к е й (жүгіріп). 
Шақырайын, шақыртайын бәрін де! (Н керге.) 
Шақыр, келтір Бірсімбайды, 
Шақыр жылдам Алшағырды! (Құл ж неледі.) 
Қандай қатер, анам-ау, 
Қатер жау ма сасқандай? 
К   к л а н (құшырланып). 
Есіңді жи, с кек қыз! 
Жіп-жіңішке жол қалды, 
Екеуміз-ақ қашқандай!
Қамдан, қамдан, қасыма ер! (Алшағыр, Бірсімбай 
шығады.)
Жау бар, жау бар, жайрағыр!.. 
А л ш а ғ ы р
Қайда? Қандай, қандай жау? 
Б і р с і м б а й
Қайдан таптың жоқ жауды? 
К   к л а н (Құртқаның айналасында жортып). 
Мұнда, мұнда, мынада, 
Монтаның да мынада! 
Құлатады басыңа 
Қара аспандай ку тауды. 
К ү н і к е й
Құртқа! 
Қ ұ р т қ а (мұңлы жүзбен). 
Қоймайсың ғой, анам-ау, 
Мен тумастан к рінген 
Баяғы ашқан балың ғой. 
Не жазып ем осынша?

232
Қайда барсам  мірде, 
Ұсынғаның зәрің ғой! 
Тумап па едім тірлікке, 
Маңдайыма жазылған 
Қара дүлей қастықты 
К рмек үшін к рімдей! 
Осы болса жазғаны, 
Қүрысам нетті ж ргекте, 
Жау к зіне к рінбей... 
Қолыңда тұтқын болғанда, 
Анам деуге ынтықпап па ем мен талай! 
Соған орай қалмаған несі сенің жалаң, 
Жалмайтұғын кебіндей? 
К   к л а н
Анам десең, анам десең, балам демек едім мен! 
мірімде жалғыз жол, балам демек едім мен! 
Қ ұ р т қ а. Ләнет, ләнет болсын к ргенім,  ртегенсің 
бәрін де, кешу білмес кегіңмен.
К   к л а н (қайта құтырынып). Ләнет? Ләнет? Мен 
ләнет! Жайра, жайра, жайрағыр! Қамдан, есуас Алшағыр! 
(Құтырынып ж неледі.) 
А л ш а ғ ы р (ақырып). 
Шакыр қолды қорғанға, 
Соқтыр соғыс дабылын!
Дүние даңғаза бола бастайды.  р жерден жүйткіп  ткен жасауылдар. Аз 
толастан соң ұрандап келе жатқан Қобылан үні естіледі.
Қ о б ы л а н д ы   (биік қорған басына жарқ етіп шыға 
бере).
Қара Қыпшақ!
Қара Қыпшақ! Қара Қыпшақ! (Қасында Қараман мен 
қолбасылар.) 
Қ ұ р т қ а
А, тәңірім, кең ием! 
А л ш а ғ ы р
Не дейді, не дейд? Қобыланды?! 
Б і р с і м б а й
Қобылаңды? 
Қ о б ы л а н д ы 
Мен, мен жеттім, міні, Қобыланды. Шық, шық, 
Қатын болмасаң! Шық қарсыма, Алшағыр!

233
Б і р с і м б а й 
Жекпе-жекті тілеп тұр. 
(Пауза.) 
Алшағыр? 
А л ш а ғ ы р 
Ашылсын деп қорғанды, 
Аярлықпен алдап тұр! 
Қ о б ы л а н д ы 
Шық, шық менің қарсыма, 
Аюсыған Алшағыр. 
Қорқар болсаң жерге кір! 
Шық, шық! Жекпе-жек! 
Б і р с і м б а й
Алшағыр! Енді қашан, Алшағыр!? 
А л ш а ғ ы р
Шықпасам ба деп тұрмын... 
Қ ұ р т қ а
Қарусызға қасқыр ма ең, 
л, бүйткенше, сен құрғыр! 
А л ш а ғ ы р 
Не дейд, не дейд? (Құтырынып.) 
Тұр былай! (Айналып атқып ж неледі.) 
Қ о б ы л а н д ы  (қорғаннан сыртқа қарай түсе беріп). 
Кел, кел бермен, кел бері!
К рінбей кетеді. Сыртта жекпе-жек үні келеді.
К ү 
Н
 
І
 
К
 е 
Й
 
Құртқа? Құртқа, басың бәйгеде, 
Бақтым, бақтым енді сені мен. (Бірсімбайға.) 
Алдаған болса аярдай, 
Аямастан жаза кес, 
Аянбай кес, Бірсімбай! 
Б і р с і м б а й (Құртқаға). 
Қасым болсаң қылқұрттай, 
з обалың  зіңе!.. 
Қ ұ р т қ а 
Ер егесі сол ма еді 
Кіжінетін қатынға, 
Қарсы барып жау құртпай...

234
Сырттан Қыпшақтардың қуанған айғайы келеді.
Д а у ы с т а р
Жарайды, жайрады жау Алшағыр... Алшағыр! 
Қ о б ы л а н д ы  (қорғанға қайта шығып). 
Жайрады жауым Алшағыр, 
Шық ер болсаң, Бірсімбай! 
Б і р с і м б а й (тап беріп Құртқаны қармап алып, семсерін 
сілтеп тұрып, Қобыландыға). 
Кет қорғаннан, к зің жой, 
Кетпес болсаң ж ніңе, 
Жоқ етемін жарыңды! 
Алыспай алам жаныңды! 
Қ о б ы л а н д ы 
Құтқарам деп елімді, 
Жолына айтқам басымды, 
Кеш, қош, жарым, жұлдызым, 
Қимасам да жанымды, 
Қайта басар мен емен. 
Қамап тұрған бетімнен (Бірсімбайға) 
Босатпаймын маңыңды. 
К ү н і к е й
Сал, ендеше, семсерді, Бірсімбай! 
Б і р с і м б а й (сермей беріп). 
Жойдым, міні, жоқ еттім. (Бұл ұра бергенде Күнікей 
баж етеді. Оны сарт етіп кеп Қарлыға қармап алған.) 
Қ а р л ы ғ а 
Аш к зіңді, Бірсімбай,
Оны  лтірсең, міні, орай! (Семсерін сермей береді.) 
Айрылдың мынау жарыңнан. 
К ү н і к е й
Құтқар мені, Бірсімбай... 
Б і р с і м б а й 
А, мұнда ма ең, сен сайқал, 
Келді кезім, келді кезім кек қайтар!
Құртқаны тастап, Қарлығаға ұмтылады. Екеуі де жекпе-жектің асқан 
шебер білімін оқыған, алпыс екі айламен алысқандай бірін-бірі ала алмай 
жүреді. Қақпа шалқасынан ашылады. Ашып тұрып Қараман.

235
Қ а р л ы ғ а (қақпаны к ріп). 
А, жетті ме ері жеріне,
Жеттім мен де, мен де жеттім, жететұғын жеріме! 
(Қылышын тастайды.) 
Алыспаймын,  ліспеймін сенімен. 
Б і р с і м б а й (қылышын жұлып ап). 
кең берген қылышы 
Аямасқа берілген, 
Жаза кесіп, қаза берсін ж німен! 
(Қарлығаны шауып  лтіреді.) 
Қ а р а м а н 
Ұмтыл, ұмтыл, К кжал, жаның сал!
Қобыланды, Қараман және қолбасылар кіреді. Қобыланды Бірсімбайды 
алып ұрады.
Қ о б ы л а н д ы  (семсері қолында).
Жояйын ба, Қарлыға? 
Қ а р л ы ғ а ( лімші күйде). 
лтірме, тек байлап ал! 
Бұл аямас болса да, 
Мен тас емес, қаным бар... 
Қ о б ы л а н д ы 
Кеше г р, жаным, Қарлыға? (Н керіне Бірсімбай ту-
ралы.) 
лтірме, тек байлап сал! 
Ал к теріп Қарлығаны қолыңа!
Қолбасылар Бірсімбайды байлаған. Қарлығаны екі батыр қолына алған. 
Қобыланды Құртқаға ұмтылып.
Айым, Құртқам, кел, келші! 
Қ ұ р т қ а (бір ғана сәт тізе бүгіп, Қобыландыны қолынан 
сүйіп).
Арыстаным, арманым! (Деп шапшаң атқып тұрып.) 
Азапта жатыр ата-анаң, 
Құтқар, құтқар, жүр соған! (Тарта береді.) 
Қ о б ы л а н д ы  (қолбасыларына). 
Ал, достарым, қайрат қыл, 
Қыпшақ, Қият ел қайда? 
Тұтқында күткен ер қайда? 

236
Қапта бәрің кідірмей, 
Амандап қал, алып шық, 
Тап бәрін де, азат қыл! 
Қайда жатыр, қай-қайда?
Қолбасылар тарай ж неледі.  зі Құртқа кеткен жаққа атқи ж неледі. 
Сахнада Аққозы, Қараман, Күнікей қалған. Осы кезде “Зу! Зу!” деп 
К клан келе жатқаны білінеді. Қараман қалбақтай бастайды.
Қ а р а м а н. Қайрақан! Ойбай, батыр, қамың қыл! Мына 
пәле әлі жүр ме еді алдымда? Маған сенбе, Аққозы. Менен 
қайрат кетті де...
К к л а н  (құтыра шыға кеп Күнікейге). Ер соңымнан, 
салдақы! Зу! Зу! Арзу! (Деп Аққозыға қарай сиқырлай қимыл 
етіп қарсы жүреді.)
А қ қ о з ы (семсерін ала ұмтылып). Құтыла алмайсың, 
құтыла алмайсың, к к долы!
Қылышын сермейді. Бірақ к зі таңулы кісідей теріс сермеп  теді. К клан 
бір шетке кеткен.
Қ а р а м а н. К рінбей кетті к зіме!
А қ қ о з ы. К рінбей кетті к зіме! Қайда? Қайда жүр?
Қараман екеуі Күнікейді қоршап алған. Күнікей шырқырап: “құтқар, 
құтқар” деп бажылдай береді. К клан  зі сахнаның бір шетінде ақырын 
“Зу! Зу!” деп жүр.
Қ а р а м а н. Қайда кетті, қайда жүр?
К клан осы кезде “Зу! Зу!” деп ағындап барып т рдегі тас қабырғаға бар 
екпінімен беріп ұрады да, сол тас қабырғаға батып, жоқ болып кетеді. 
Мыналар бұл жақта әлі күнге Күнікейді қоршап бос әбігерде жүр. Бір 
сәтте К клан тас қорғанның басына атқып шығып алады.
К к л а н  ( згеше жат бір қимылдар жасап, булыға 
кұтырып).
Зу! Зу! Қараң  шсін, караң  шсін, Қобыланды,
Қаптатармын әлі талай пәлемді! Зу! Зу!
Алғашқы суреттегідей қара түнде тастан ұшқан қара құстай лап етіп 
ұшып, сырт қарап жоқ болып кетеді.

237
К ү н і к е й (үмтылып). 
Құтқар, құтқар, мен қалдым, құтқар! (Қараман мұны 
ұстай алмайды.)
А қ қ о з ы (қармап алып). 
Құтылмайсың, қолымда қалдың сен менің. 
Қ а р а м а н. Ұстадың ғой асауды,  зі қандай осының? 
Бері қаратшы к рейін. (К ріп айналып.) Қандай сұлу к кайыл 
еді.
Қасында ата-анасы, қарындасы және азат етілген қалың ел – ата-аналар. 
Қобыланды елді тастап ұмтылып, Қарлығаның басына келіп, тізе бүгіп 
отыра қалады, қатты толқып, қайғыға түсіп шер айтады. Құртқа қасына 
кеп бірге тізе бүккен.
Қ о б ы л а н д ы 
Қадірің асқан Қарлыға, 
Қайда кеттің, қайда кеттің, қимасым!? 
Ұқтым ғой мен, жаңа ұқтым ғой, 
Неге кеттің, не деп кеттің? 
Аз  мірде азғындай
Сен бе ең, сірә, сыртқа тебер сыймасым! 
Тар жолымда бар қасиет үстінде 
Асып шығып аспанға, 
С нбей жанар жұлдызым бол бір  зің! 
Қасиет аты Қарлыға болсын, 
Бұдан былай жаңа жолға басқанда! 
Қош, қош! Кеш, қадірлім Қарлыға! (Қиналып тұрып, 
зорға есін жияды. Халықты к ріп с йлейді.) 
Уа, елім, жұртым, бауырым, 
Кетті кесел түнерген, 
Жайлана бер жадырап, 
Ұмыт енді к рген кердің ауырын. 
Мына ордасын дұшпанның, 
Бар қаласын қасымның, 
Бар бұйымын, асылын 
Үлесіп  зің аласың. (Қолбасыларына.) 
Айдатып кел жылқысын! 
Боз биенің сүтіне 
Шомылдырып халқымды, 
Арылтамын біржола 
Жаудан шеккен қайғысын!

238
(Жұрт мәз, алғыстар. Қобыланды ата-анасына жақын-
дап, Құртқаны қасына алып бас иіп.)
Айналайын ата-анам, 
Арманды бір ой бар ед! 
Туы құлап тараған, 
Бұзылып кеткен той бар ед! 
Шығар ойдан барлығын 
К ңілдегі алаңның, 
Ақ тілекпен басташы 
Жақсы бір тойын жаңадан 
Келінің мен балаңның... 
Т о қ т а р б а й
Айтқаның болсын, карағым!.. 
А н а л ы қ 
Айналайын қаралдым!..
Халық шулай қостайды. Той болмақ. Шат. Қуаныш.
Ж ұ р т. Той, той. Қайырлы той! Той тойла! Той тойла!..
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
С о ң ы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет