«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық


Стерилді емес эндоскопиялық араласуларды жүргізумен байланысты инфекциялардың алдын алу бойынша шараларды ұйымдастыру



бет18/23
Дата29.09.2023
өлшемі148,42 Kb.
#111734
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
!

Стерилді емес эндоскопиялық араласуларды жүргізумен байланысты инфекциялардың алдын алу бойынша шараларды ұйымдастыру

Эндоскопты өңдеуді арнайы бөлінген, оқудан өткен медицина персоналы жүргізеді.


Медициналық ұйымдарда эндоскоптарды өңдеуді жүзеге асыратын медицина персоналын үздіксіз оқыту жүйесі құрылады (жұмысқа түскен кезде жұмыс орнында бастапқы оқыту, эндоскоптардың жаңа модельдерін өңдеу процедурасын оқыту, жаңа ЖДМ-ды пайдалануға енгізген кезде эндоскопты механикалық тәсілмен өңдеу процедураларын оқыту, 5 жылда бір рет бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру);
Стерильді емес эндоскопиялық араласулар орындалатын медициналық ұйымдар қажетті эндоскоптар мен олардың аспаптарымен, эндоскоптарды тазалауға және сақтауға арналған жабдықтармен, тазалау, дезинфекциялау құралдарымен, ЖДД және басқа да шығын материалдарымен жабдықталады.
Нақты бір медициналық ұйым жағдайында эндоскоптардың қажетті саны жұмыс жүктемесі негізінде, эндоскопиялық араласулар жүргізілген барлық уақыт және эндоскопты өңдеудің толық циклымен анықталады. Эндоскоптардың әрбір моделінің (гастроскоптар, колоноскоптар, бронхоскоптар, дуоденоскоптар және басқалар) болжамды саны жоспарланған араласу сандарын орындау үшін келесі формула бойынша есептеледі
h = n × (a + b) : c, онда


a – эндоскоптың белгілі моделін өңдеудің толық циклінің ұзақтығының орташа мәні, мин;
b – осы модельдегі эндоскоптармен орындалатын араласулардың орташа ұзақтығы, мин;
c – осы модельдегі эндоскоптармен араласуларды орындау кезіндегі жұмыс ауысымының ұзақтығы, мин;
n – осы модельдегі эндоскоптармен жоспарланған немесе шынайы орындалған араласулар саны, абс.бірлік.
а және b мәндері эндоскоптың әрбір моделі үшін эндоскопты өңдеудің бірнеше циклдердің ұзақтығына немесе тиісінше оларды пайдаланумен жүргізілген эндоскопиялық араласуларға хронометраж жолымен анықталады. Алынған h мәні бүтін мәнге дейін үлкен жағына қарай дөңгелектенеді.
Ауыр жүктемеде (бір мезгілде бірдей типтегі үш немесе одан да көп эндоскоптар өңделеді) ЖДМ қолдану міндетті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет