Стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптарды және олардың аспаптарын өңдеу сапасын жоспарлы микробиологиялық бақылау жүргізудің тәртібі
Эндоскоптарды өңдеу сапасын бақылау микробиологиялық әдіспен жүргізіледі.
Толық өңделген және кептірілген эндоскоптардан сүртінділер сынамасын жоспарлы алутоқсан сайын жүзеге асырылады. Сынамалар бөлімшенің медбикесінің көмегімен лаборантпен немесе дәрігер - микробиологпен алынады.Бақылауға жататындыр: биопсиялық арна, енгізілетін түтік, клапандар және клапан ұялары.
Эндоскопқа енгізілетін түтіктердің сыртқы бетінен сүртінділерді алу стандарт әдісі бойынша стерильді дистелденген суға батырылған стерильді тампондармен жүзеге асырылады.
Сүртінділер әрбір клапанның барлық беттерінен (сыртқы беттерінен, қуыс кеңістіктерінен және тесіктердің беттерінен) бір тампонмен алынады.
Клапан ұяларының беттерінен сүртінділер цилиндрдің барлық беттерін қамти тампонмен айналдыра қозғалыспен алынады.
Эндоскоптың толық циклді өңдеуінің тиімділік критерийі, ішек таяқшалар тобы бактерияларының, жалтырауық стафилококктың, көкіріңді таяқшаның, өңезді және ашытқы саңырауқұлақтарының, сондай-ақ басқа шартты- патогенді және патогенді микроорганизмдердің өсуінің болмауы болып табылады. Бұл жағдайда эндоскоптың биопсия арнасының жалпы микробтық ластану көрсеткіші -100 КОЕ/мл-ден аз.
Егер микроорганизмдер анықталса немесе биопсия арнасындағы микроорганизмдермен ластану мөлшері ≥ 100 КОЕ/мл болса, өңдеу қанағаттанарлықсыз деп саналады. Эндоскоп толық циклді өңдеуден өтеді және сынамалар бақылауға алынады. Микробиологиялық зерттеулерде қанағаттанарлықсыз нәтиженің қайталануы және эндоскопты өңдеу технологиясында анықталған бұзушылықтардың болмау жағдайында, оның техникалық сенімділігін тестілеу үшін қызмет көрсету орталығына қарау ұсынылады.
Эндоскоптың өңдеу сапасын жоспардан тыс микробиологиялық бақылау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
ЖДМ өзін-өзі дезинфекциялаудың микробиологиялық сапасын бақылау кем дегенде жарты жылда бір рет жүргізіледі. Сүртінділер машинаның түрлі аймақтарынан (ванна, су және ауаны беру түтікшелер, штуцерлер), өзін-өзі дезинфекциялау циклы аяқталғаннан кейін дереу стерильді дистильденген суға батырылған тампондармен алынады. Тиімділік критерийі - зерттелген сүртінді үлгілерінде микроорганизмдердің вегетативті түрлерінің өсуінің болмауы.
Стерильдікке бақылауға жататын эндоскоп құралдары стерилизациясы жүзеге асырылған қаптамада микробиологиялық зертханаға жолданады. Стерилизацияның тиімділік критерийі - микроорганизмдер өсуінің болмауы.
Эндоскопиялық бөлімшеде /кабинетте профилактикалық дезинфекцияны жүргізуге қойылатын талаптар
Стерильді емес эндоскопиялық араласуларға арналған манипуляциялық және жуу - дезинфекциялау бөлмелерінде тазалау және профилактикалық дезинфекция ластану шамасына қарай жүргізіледі, бірақ ауысымда кемінде бір рет немесе күніне 2 рет. Жалпы соматикалық профильді медициналық ұйымдарда осы мақсатта вирустардың, бактериялар мен Candida түріндегі саңырауқұлақтардың жойылуын қамтамасыз ететін режим бойынша дезинфекциялаушы құралдар қолданылады; туберкулез профилінің медициналық ұйымдарында – микобактериялардың жойылуын қамтамасыз ететін режимі бойынша, басқа инфекциялық ауруханаларда – аса тұрақты коздырғыштардың (вирустар, туберкулез микобактериясы немесе аурухана профиліне сәйкес басқа микроорганизмдер) жойылуын қамтамасыз ететін режимі бойынша.
Эндоскопиялық манипуляциялық бөлмеде әрбір пацинеттен кейін зерттеуге арналған кушетканың беті (үстел) және олармен қатынаста болған қосымша эндоскопиялық жабдықтар, қысқа уақыт ішінде дезинфекциялық ұстау құралдарымен зарасыздандырудан өтеді. Әрбір пацинет үшін кушеткаға / үстелге таза жайма жабылады.
Жуу ванналары сүрту тәсілімен дезинфекциядан өтеді, ал эндоскоп арналарын өңдеу үшін арналған қосалқы құрылғылар - әр эндоскоптың түпкілікті тазалау процесі аяқталғаннан кейін батыру тәсілімен (дезинфекцияны үйлестірмей) дезинфекцияланады.
Жұмыс ауысымының соңында жуу-дезинфекциялау бөлмесінде дезинфекцияға мыналар жатады:
- түпкілікті және стерилизациялау алдындағы тазалауға, ЖДД кейін эндоскоптарды шаюға арналған барлық сыйымдылықтар мен жуу ванналары, медицина персоналының қолын жууға арналған раковиналар, барлық көлденең беттер;
- аспирациялық банка және қосылғыш түтікшелер. Аспирациялық банка биологиялық ластануды бекітпелі қасиеттері жоқ құрал ертіндісіне толық батырылғанда дезинфекцияланады, содан кейін қылшықтармен және шеткалармен тазартылады. Түтікшелерді тазалау және дезинфекциялау ЖДМ-да ОСБ-де жүргізу ұсынылады. ЖДМ болмаған жағдайда, түтіктерді өңдеу қол тәсілімен оттегі белсенді құралдарының ерітіндісінде ертіндіні соруға арналған қондырғыларды (мысалы, помпа, шприц және басқалар) пайдалану арқылы жүргізіледі. Түтіктердің тұтастығын тексерумен және таза материалды, помпаны немесе ауа пистолетін пайдалану арқылы кептірумен өңдеу аяқталады;
- линзаларды тазалау үшін суға арналған сыйымдылық (контейнер, банка), оған қақпақ және жалғастырушы түтіктер жұмыс ауысымының соңында тазалаудан, кептіруден және стерилизациядан өтеді.
- қақпақ және жалғастырушы түтіктер қылшықтар мен щеткаларды пайдалану арқылы тазаланады, содан кейін мұқият кептіріледі, қапталады және стерильзациядан өтеді. Эндоскопиялық зерттеулерді бастамас бұрын стерильді банка стерилтденген сумен толтырылады;
- түпкілікті тазалау процесі кезінде пайдаланылған помпаның су-ауа контуры, қолдану режимі бойынша дезинфекциялаушы құралдардың вирустардың, бактериялар мен Candida түріндегі саңырауқұлақтардың жойылуын қамтамасыз ететін ерітінділерде үздіксіз сору арқылы дезинфекцияланады, содан кейін қолданылған құралдың нұсқаулығында көрсетілген уақытқа дейін сумен шайылады және ауамен үрленеді.