Эндоскопиялық бөлімшеде / кабинетте эндоскоптарды өңдеу сапасын
ішкі бақылаудың бағдарламасын әзірлеу және енгізу
Эндоскопиялық бөлімшеде/кабинетте эндоскоптарды өңдеу сапасын ішкі бақылау бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламаға мыналар кіреді:
- ТТ/ТТ+Д процессін,соның ішінде эндоскопиялық жабдықтың өңдеу сапасын инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізуге жауапты тұлға тарапынан кезеңдік (ай сайынғы) визуалды тексеру;
- осы мақсаттар үшін тестілерді пайдалана отырып, эндоскоптарды тазалау сапасын және химиялық индикаторларды пайдалана отырып, қайта қолданылатын ЖДД ерітіндісінде белсенді зат концентрациясын аға мейірбике тарапынан апта сайын бақылау;
- эндоскопты өңдеудің толық циклінің микробиологиялық сапасын бақылау (тоқсан сайын) және ЖДМ өзін-өзі дезинфекциялау сапасы (жылына 2 рет);
- эндоскоптардың профилактикалық және техникалық қызмет көрсету кестесін әзірлеу және енгізу;
- ЖДМ техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау (су, ауа сүзгісін ауыстыру және эндоскопты тазартуды тексеру);
- эндоскопиялық бөлімшесі/кабинеті персоналымен қол гигиенасы ережелерінінің сақталуын, стерильді емес/стерильді қолғаптарды, басқа да жеке қорғану құралдарының пайдалануын бақылау;
- эндоскоптарды тазалау кезінде микробтық аэрозольдердің пайда болуына жол бермеу үшін персоналдың техникалық әдістерді меңгеруін, шаншып-кесетін (пирсингтік) құралдарды, медициналық қалдықтарды қауіпсіз пайдалану процедурасын бақылау;
- персоналдың төтенше жағдайларды жоюға (химиялық заттарды немесе биологиялық сұйықтықтарды төгу, биологиялық сұйықтықтың ағзаға түсуі, стерильді емес құралдардан жарақаттар алу) дайындығын бақылау.
Стерильді эндоскопиялық араласуларды жүргізуге арналған иілгіш эндоскоптарды өңдеу
Стерильді эндоскопиялық араласуларды жүргізуге арналған иілгіш эндоскоптарды пайдаланылғаннан кейін өңдеу келесі ретпен жүзеге асырылады:
-алдын ала тазалау;
- дезинфекциямен үйлескен стерилизация алдындағы тазалау;
- стерилизациялау;
- микроорганизмдермен қайталама ластануды болдырмайтын жағдайларда сақтау.
Иілгіш эндоскоптарды алдын ала, стерилизация алдындағы тазалау, дезинфекциялаумен үйлескен тазарту процесі стерильді емес араласуларға арналған эндоскоптар үшін қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады
Иілгіш эндоскоптардың стерилизациясы химиялық ерітінділерде қол немесе механикалық тәсілдермен төменгі температуралық стерилизаторларда жүзеге асырылады, олар нақты бір эндоскоп моделіне (арналардың материалдарына, мөлшеріне,ұзындығына және диаметріне байланысты) пайдалануға шектеулері жоқ.
Қол тәсілімен эндоскоптарды стерилизациялау процесі келесі қадамдарды қамтиды:
- дезқұралдардың біреуіне эндоскопты толығымен батыру және адаптерлер арқылы (жуғыш түтіктер) арналарды мәжбүрлеп толтыру, сондай-ақ сыртқы беттерден ауа көпіршіктерін алып тастау арқылы стерилизациялау;
- нақты стерильдеуші құралдың пайдалану жөніндегі нұсқаулығына сəйкес эндоскопты стерилді сумен шаю. Ішкі арналар адаптерлер, жуғыш түтіктер арқылы шайылады.
Стерильді су және суға арналған стерильді контейнер бір рет пайдаланылады.
Эндоскоптың сыртқы беттері стерильді майлықтармен, арналар - ауа қысымымен немесе ауа ағынымен кептіріледі. Арналарды спиртпен қосымша кептіру жүргізілмейді. Стерильдеуші құралдардың қалдықтарынан жуылған және кептірілген өнімдер стерильді шүберекпен қапталған стерильді стерилизациялы қорабына салындады. Стерилденген өнімдердің жарамдылық мерзімі 72 сағаттан аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |