«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық



бет22/23
Дата29.09.2023
өлшемі148,42 Kb.
#111734
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
!

қойылатын талаптар

Стерильді эндоскопиялық араласулар медициналық ұйымның ота, кіші ота немесе профильді хирургиялық бөлімшелердің манипуляциялық эндоскопиялық бөлмелерінде жүргізіледі.


Эндоскопиялық жабдықтарды (қатты эндоскоп, видеокамера головкасы, жарық бағыттаушы, сорғыш (жуғыш) сорғы, инсуффляция құрылғысы, силиконды түтіктер жиынтығы, аспаптар) алдын ала тазалау оперативті араласулар аяқталғаннан кейін, хирургиялық құралдарды алдын-ала тазалау жүргізілетін аймақта орындалады.
Иілгіш эндоскоптар мен олардың аспаптарын алдын-ала тазалау эндоскопиялық манипуляцияға араласу аяқталғаннан кейін дереу жүргізіледі.
Стерильді манипуляция үшін эндоскоптар және аспаптарды дезинфекциялаумен үйлескен стерильді алдын ала тазалау, операциялық блоктың аспаптарды бөлшектеу және жуу бөлмесінде, хирургиялық бөлімшенің жуу-дезинфекциялық бөлмесінде, ОСБ жүргізіледі.
Стерильді араласуларға арналған эндоскоптар мен аспаптарды стерилизациялау:
- қол тәсілімен операциялық блоктың немесе хирургиялық бөлімшенің стерильді бөлмелерінде (Б тазалық классы) ;
- операциялық блоктың, хирургиялық бөлімшенің, ОСБ стерильді бөлмесінде (Б тазалық классы) стерилизация қондырғысын пайдалана отырып механикалық тәсілімен жүргізіледі.
Стерилизацияланған эндоскоптар мен аспаптар асептикалық жағдайда сақталады.
Стерильді эндоскопиялық араласулар жүзеге асырылатын бөлмелерді тазалау және дезинфекциялау әрбір араласулардан кейін жүргізіледі. Күрделі тазалау – аптасына 1 рет.


Эндоскопиялық араласулармен болжамды байланысты инфекциялық аурулардың жағдайларын эпидемиологиялық зерттеу жүргізу тәртібі

Эндоскопиялық араласумен болжамды байланысты инфекциялық ауру жағдайы туындаған кезде эпидемиологиялық зерттеу жүргізіледі.


Патогенді бактериялардан туындаған инфекция жағдайын зерттеу кезінде:
- ауырған күні, бөлінген микроорганизм штаммдарының сипаттамасымен клиникалық материалды бактериологиялық зерттеу нәтижесі, серологиялық және басқа зертханалық зерттеу әдістері; аурудың инкубациялық мерзімі аралығындағы эндоскопиялық араласу күні (немесе күндері) белгіленеді;
- эндоскопиялық араласуды жүзеге асыратын медициналық ұйымның бөлімшелері тексеріледі, оның барысында мыналар бағаланады: эндоскоптардың нақты өңдеуінің қазіргі санитариялық қағида талаптарына сәйкестігі; қолданылатын тазалау құралдары және ЖДД; ЖДД цикл параметрлерін бақылауды қамтамасыз ету; аспаптарды стерилизация алдындағы тазалау және стерилизациялау сапасы; эндоскоптарға өңдеу жүргізетін персоналдың білімі, эндоскопиялық араласулармен байланысты инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігінің болуы;
- эпидемиологиялық зерттеу алдындағы жыл ішінде эндоскоптарды өңдеу тиімділігін жоспарлы бактериологиялық бақылау нәтижелеріне талдау жасалады.
Болжамды инфекция көзін және зардап шегуші болған жұқтыру қаупіне ұшыраған науқастарды анықтау үшін келесі іс-шаралар жүргізіледі:
- эндоскопия бөлімінде, бөлімшесінде, кабинетінде орындалатын зерттеулерді тіркеу журналы, стационарда оперативті араласулар журналы негізінде, онда зардап шеккен пациентке дейін және кейін аурудың этиологиясына сәйкес эпидемиологпен анықталған мерзімдер аралығында сол эндоскоппен тексерілген (операция жасалған) пациенттердің тізімі құралады;
- медициналық құжаттардың мәліметтері және қосымша жүргізілген зертханалық зерттеулер бойынша жоғарыда көрсетілген тізімге қосылған пациенттердің инфекциялық статусы анықталады;
- зардап шеккен пациентке эндоскопиялық араласу жүргізуге және жабдықты өңдеуге тікелей қатысқан медициналық персоналды тексеру және зертханалық тексеру;
- культуралды (антибиотикограмманы анықтаумен түрді сәйкестендіру), болған жағдайда зертханалық зерттеулердің молекулярлы-генетикалық әдісін қолданумен клиникалық материалдан бөлінген сол бір түрінің бактериясын сәйкестендіруді дәлелдеу жолымен зардап шеккен пациенттің және күдікті инфекцияның көзі (егер табылса) арасындағы тікелей байланыс орнатылады.
Эндоскоп, эндоскоп аспаптары, ЖДМ және медициналық персоналдың қолдары инфекция қоздырғышын таратудың ықтимал факторлары ретінде қарастырылады.
Инфекция қоздырғышын берілу факторларын анықтау үшін келесі шаралар жүргізіледі:
- зардап шегуші пациент тексерілген эндоскоптың герметикалығын бағалау және оқшауланған микроорганизмдердің түріне сәйкестендірілген өңдеудің тиімділігін кезектен тыс бактериологиялық бақылау. Эндоскоптың арналарынан және (немесе) сыртқы беттерінен алынған сүртінділерден бөлінген микроорганизмдер, зардап шегуші пациентте инфекциялық ауру қоздырғышына сәйкес келуі осы эндоскоптың берілу факторы екенін растайды;
- эндоскопиялық зерттеу хаттамасы бойынша қолданылған аспап түрі анықталады; өңдеу технологиясын сақтау, оның ішінде стерилизация әдісі бағаланады; аспаптардың стерилділікке жоспарлы микробиологиялық бақылаудың алдыңғы нәтижелері талданады; жоспардан тыс бактериологиялық бақылау жүргізіледі;
- эндоскоп өңделетін ЖДМ (өңдеудің механикалық тәсілін пайдаланған кезде) анықталады және машинаның әр түрлі аймағынан алынған сүртінділерге және қайталама ластануға арналған (көп рет қолдану кезінде) дезқұралдарының жұмыс ерітінділерінің сынамаларына бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі. Алынған үлгілерден бөлінген, зардап шегуші пациенттің инфекциялық ауру қоздырғышына сәйкес микроорганизмдер ЖДМ-ді инфекцияны тарату факторы ретінде қарауға негіз болады.
Шартты-патогенді бактериялармен (бұдан әрі - ШПБ) және диагностикалық эндоскопиялық тексерулермен немесе эндоскопиялық қол жеткізумен орындалған хирургиялық араласулармен байланысты инфекция оқиғаларына тексеру патогенді бактериялардан туындаған инфекциялар ұқсастығы бойынша жүргізіледі. Жалпы медициналық ұйым бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы деректер және микробиологиялық мониторинг нәтижелері қосымша бағаланады. ШПБ туындаған инфекциялар эндоскопиялық араласудан кейін 48 сағаттан 30 күнге дейін тіркеуге жатады.
Жұқтырған пацинеттердің клиникалық материалынан, сондай-ақ, инфекцияның болжамды тарату факторларының сүртінділерінен бөлінген бір түрдегі бактериялар культурасының сәйкестігін анықтау үшін, олардың культуралық қасиеттеріне, антибиотикограммаларына салыстыру жүргізіледі, ал егер мүмкіндік болса, қосымша зерттеудің молекулярлы-генетикалық әдісі пайдаланылады.
Пациенеттің болжамды эндоскопиялық араласулармен байланысты B вирусты гепатитімен (бұдан әрі - ВBГ) немесе C вирусты гепатитімен (бұдан әрі - CВГ) жұқтырылу жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізуде пациент туралы келесі деректерді жинау қажет: ауырған күні, соңғы, бұрынғы ауырған күндері, қан сарысуының вирусты гепатит маркерлеріне зерттеулері және (немесе) дезоксирибонуклеин қышқылдарына (бұдан әрі - ДНК) және (немесе) рибонуклеин қышқылдарына (бұдан әрі - РНК) теріс нәтижелері құжатпен бекітілген; В вирусты гепатит түріне қарсы вакцинациясының болуы (вакцина енгізілген күн және препарат); максималды инкубациялық мерзім аралығында эндоскопиялық араласулар күні (күндері);
Эндоскопты инфекция қоздырғышының ықтимал тарату факторы ретінде қарастырған кезде келесі шаралар қабылданады:
- қазіргі санитариялық қағидаларға сәйкес эндоскоптарды өңдеудің барлық аспектілері зерттеледі;
- эндоскопиялық араласулардың (әр түрлі түрдегі жүргізілген араласулар кезектілігі) картасы құрылады және бөлімде, бөлімшеде, эндоскоп кабинетінде орындалған зерттеулерді тіркеу журналы бойынша, немесе стационарда оперативті араласулар журналының жазбасынан 3 ай ішінде (ВВГ үшін) немесе 2 апта мерзімінде (СВГ үшін) жұқтырған пациент эндоскопиялық араласу күндеріне дейін сол эндоскоппен тексерілген (операция жасалған) пациенттер анықталады;
- медициналық ұйымға жатқызу сәтіне дейін оларда B (C) гепатиті болуы (болмауы) туралы деректерді алу үшін анықталған пациенттердің медициналық құжаттары зерделенеді; мұндай мәліметтер жоқ адамдарға қосымша ВВГ (СВГ) маркерлеріне зерттеулер жүргізіледі, қажет болған жағдайда – ДНҚ (РНҚ) және вирус генотипін анықтау.
Пациентте және зардап шеккенде сол генотиптің гепатит вирусы, эндоскопиялық зерттеулер күніне дейін анықталды, инфекцияның болжамды көзі ретінде қарастырылуы мүмкін. Оның зардап шеккенмен тікелей байланысын дәлелдеу үшін, олардың ұқсастығын анықтау бойынша вирустарды молекулярлы-генетикалық зерттеулер қажет.
Жоғарыда көрсетілген мерзім шегінде вирусты гепатит маркерлері анықталмаған пациенттер (серонегативті пациенттер), жұқтыру қаупі төнген адамдар ретінде зардап шеккендермен тең дәрежеде қарастырылады. Максималды инкубациялық кезең шегінде эндоскопиялық зерттеулерден кейін оларда ВВГ (СВГ) маркерлерінің анықталуы, тереңдетілген клиникалық-зертханалық тексеру молекулярлы-генетикалық әдістерін пайдалана отырып, вирусты верификациялауда инфекция көзі және жұқтырған науқастың байланысын растау үшін (алып тастау) жүргізу негіз болып табылады.
Егер эндоскопиялық зерттеу седативті препараттарды пайдалана отырып жүргізілсе, препараттардың атауы және оларды өлшеп орауы (бір дозалық, көпдозалық) анықталады. Науқас және басқа да пациенттер үшін (жүргізілген эндоскопиялық зерттеулер түріне қарамастан) бір құты препарат пайдаланған кезде, олардың қаны ВВГ (СВГ) маркерлеріне зерттеулер жүргізіледі, ал серопозитивных тұлғалар - вирустардан ДНК (РНК) бөлу. Пациенттер арасында жұқтырған бір генотипті вируспен байланысын дәлелдеу үшін қосымша молекулярлы-генетикалық зерттеу әдісі пайдаланылады.

«Дезинфекция, дезинсекция мен


дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
10-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет