Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау


 Шеткері артериялардың облитерациялық атеросклерозы, патогенезі, клиникасы, аурудың сатылары, диагностикалық бағдарламасы және емдеу тактикасы



бет57/125
Дата29.11.2023
өлшемі11,18 Mb.
#131284
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   125
Байланысты:
Диафрагманы концепциясы. Операциялы емге к рсеткіш, операция а-1

36. Шеткері артериялардың облитерациялық атеросклерозы, патогенезі, клиникасы, аурудың сатылары, диагностикалық бағдарламасы және емдеу тактикасы. 

  • Аяқ тамырларының облитерациялық атеросклерозы – аяқтардағы эластикалық және бұлшықетті эластикалық типті тамырларды зақымдаумен көрінетін созылмалы ауру. Тамырлар қабырғасында дәнекер тіннің өсіп кетуі туындайды. Соның нәтижесінде қанайналым бұзылады.

  • Облитерациялық эндартериит (тромбангиит) – аяқ артерияларының қабынуымен көрінетін, олардың көлденең кесіндісінің тарылуымен және қанайналым бұзылуымен көрінетін ауру.

  • Клиникалық көрінісі

  • I саты – компенсация.

  • Трофикалық бұзылыстар: аяқтардың жүдеуі, шаштың түсуі, терінің құрғақ болуы, терлеудің төмендеуі

  • Ұйып қалу сезімі, бұлшықеттердің дірілі;

  • Ұзақ жүргендегі балтыр бұлшықетіндегі ауырсыну;

  • Симптом «ауыспалы ақсау» (жүру кезіндегі аяқтың ауырсынуы науқасты тоқтатады, кейін біраз демалғанан кейін науқас қайта жүріп кетеді.);

  • Перифериялық артериялардағы пульсацияның төмендеуі.

  • II саты – субкомпенсация.

  • 1 саты симптоматикасының күшеюі.

  • Ақсақтық өмір сүруді ауырлатады;

  • Перифериялық артериядағы пульсация жоғалады.

  • III саты – декомпенсация

  • 1 және 2 саты симптомдарына науқасты мүгедектікке әкелетін жағдайлар пайда болады.

  • Түнгі уақытта күшейетін аурысынулар, науқасты төсектен түсіп, аяғын салбыратып отыруына себеп болады.

  • Наркотикалық анальгетиктер ауырсынуды азайтпайды.

  • Трофикалық бұзылыстар күшейе түседі. Бақай басынан трофикалық некротикалық жаралар пайда болып, ауруы шыдатпайды. Соған ұқсас жаралар табан сыртында, балтырдың төменгі үштен бірінде пайда болады. Уақыт өте келе жара үлкейіп, құрғақ болады. Инфекция түсетін болса, ылғалды гангренаға ауысады.


    • Емдеу жолдары

    • Компрессия (аяқты эластикалық бинтпен орау, емдік колготки кию, цинк-желатиндік таңу);

    • Жергілікті дәрі-дәрімектік терапия (троксевазин жақпамайы, гепатромбин, гепариндік);

    • Дәрілік терапия (спазмолитиктер, антикоагулянттар, антиагрегант, ангиопротекторлар);

    • Аурудың созылмалы венозды жетіспеушілікке алып келген негізгі ауруды емдеу.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   125




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет