АШЫҚ ТҮСТІ ГИТАРА Джереми Берден Менің ең құнды затым – ол ескі, сәл қисайған ашық түсті «Мадейра» фирмасының гитарасы, мен тартуды үйренген алғашқы аспап. Еш ерекшелігі жоқ, ескірген, тырналған, түгел саусақтың іздері қалған қарапайым гитара. Гитара мойнының басында күміс құлақтардың тесігінен өткізілген жез ішектер орамының шегелері. Ішектер ұзын гитараның мойнының бойымен тартылған, пернелері көмескіленген, ағаштары да саусақтар аккордтарды алып, ноталарды тергеннен жылдар бойы тозып кеткен. Гитарының корпусы – тасымалдау кезінде зақым келтірілген үлкен сары алмұрт тәрізді. Ашық түсті ағашы кей жерлерде, әсіресе қаптамасы көп жыл бұрын түсіп қалған жерлері, сыпырылып, сұрғылттанып қалған. Жоқ, гитара әдемі аспап емес, бірақ маған әлі де музыка шығаруға мүмкіндік береді, сондықтан да мен оны бағалап өтемін. Аргументтің құрылымы:
Абзац сияқты аргумент те анық белгіленген бөліктерден тұрады. Оны үш бөлікке бөлуге болады: пікір, негіздеме және дәлелдеме. Пікір – ол сіздің аргумент. Басқаша айтқанда, ол сіздің оқырманды сендіргіңіз келетін пікіріңіз. Келіспеуге болатын көзқарастар туралы сіздің пайымдауыңыз. Сондай-ақ, ол «Не?» деген сұраққа жауап береді. Пайымдау- ол сіз сенетін нәрсе.
Мысалы: Барлық адамдарвегетарианец болуға тиіс … Негіздеме – бұл сіздің пікірдің логикалық қолдауы. Ол сіздің пікіріңізді күшейтеді. «Неге» деген сұраққа жауап береді. Негіздеме оқырманға неге сіздің пікіріңіз дұрыс екендігін түсіндіреді.
Мысалы: Барлық адамдар вегетарианец болуға тиіс, себебі денсаулық үшін ет жемеген пайдалы. Айғақ – сіздің дәлелдемеңіз. Егер дәлел болмаса, мысалдар келтіруге болады.
Мысалы: Барлық адамдар вегетарианец болуға тиіс, себебі денсаулық үшін ет жемеген пайдалы. Біздің заманда етке деген үлкен сұраныстан ауыл шаруашылығының өндірушілері жануарлар салмақты тез жинау үшін арнайы гормон инъекциясын егеді. Бұл химикаттар ақырында адамдардың тамақтарына түседі, олардың қалдықтары біздің ағзаларымызда қалады. Аргумент жазғанда біз сол абзац жазудың құрылымын сақтаймыз. Төменде ұсынылған үлгіде құрылымға сәйкес пайымдау мен негіздеме негізгі ойды қолдау үшін қолданылғандығын, және қосымша деталь ретінде дәлелдер келтірілгендігін көруге болады. Қорытынды сөйлемдерпікір мен негіздеменің арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылған.