Детальді абзацтар:
1-2 абзац - «қосыламын» аргументтері , негіздемелер және дәлелдер/мысалдар келтіру керек 1-2 абзаца – «қарсымын» аргументтері (контр-аргументтер), негіздемелер және дәлелдер/мысалдар келтіру
Қорытынды
Қорытынды
Барлық пікірлерді бір-екі сөйлеммен қорытындылаңыз, теңгерімді сақтап, өз пікіріңізді білдіріңіз.
«Қосыламын» және «қарсымын»эссесінің үлгісі Қазіргі заманда технологиялар қарқынды дамып келе жатыр. Тіпті сыныпта да жаңа технологиялар дағдылы құбылысқа айналды.. Қазіргі кезде олардың сыныптағы рөлі жайлы мәселе талқыланып жатыр. Кейбір адамдар нәтижесінде роботтар мұғалімдерді алмастыра алады десе, басқалары мұғалімнің сыныптағы рөлі ерекше деп пайымдайды. Бұл аргументті екі жақты пікірді қарастыра отыра, нгізделген қорытынды жасауға болады. Уақыт өте келе робот-мұғалімдер болашақта мұғалімнің орнын алуы мүмкін. Адамның дене қабілетімен қатар ойлау қабілетін жаңа технологиялар қарқынды имитациялайтынын көруге болады. Мысалы, бүгінде робот Honda Азимов өзі жүре алады адамның қимылын дәл қайталай алады. Осыдан мұғалімнің орынын робот алмастыра алады деген аргумент қолдау алып отыр. Бірақ, роботталған мұғалімдерде түрлі елеулі кемшіліктері болады деген де пікір бар. Жасанды интелект бар мұғалім өз оқушыларын қадағалай алмайтындығын ескерген жөн. Мысалы, сыныпта балаларға мұғалімнің қадағалауы, сабақ үстінде олар тәртіпті бұзбай, тапсырманы орындап жатқанын бақылауы керек. Өкінішке орай, робот-мұғалім оны қамтамасыз ете алмайды. Осыдан, роботтар сыныптағы мұғалімнің орынын алмастыра алмайтындығы түсінікті. Жалпы, кейбір компаниялар адамның әрекетін дәл қайталайтын машиналар жасауда үлкен жұмыс атқарды, бірақ студенттердің оқуын бақылайтын мүмкіндіктері туатыны екіталай. Сыныпты басқару дағдысынсыз мұғалімдердің орынын жасанды интелекті бар роботтар алмастыра алуы де екіталай.. Бұндай өзгерістерді енгізу үшін оқушылар мен мектепке мүлдем басқа көзқарас қажет болады.