Диалогтық аргумент келтіру; Диалектикалық пайымдау: оқу бағдарламасының аясында аргументті және сыни жазу



бет7/11
Дата17.03.2023
өлшемі91,97 Kb.
#75047
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Эссе жазылуы

Пікір-эсседегі контраргумент
Күрделі пікір-эсседе КОНТРАРГУМЕНТ немесе ҚАРСЫ ПІКІР болуы мүмкін. Бұл сіздің аргументке қарсыласыңызды білдіретін пікір.
Бұндай абзацта қарсы пікірді өзінің негізгі сөйлемі ретінде қолдануға болады.
«Бірақ, кейбір адамдар уақыт өте келе адамның қылықтарын дәл түсіретін машиналар ойлап табуы мүмкін деп санайды»
Қолдаушы сөйлемдері/дәлелдемелер бұл абзацта қарсы пікірді жоққа шығаруға арналған болу керек.
«Бірақ, бұл пікірді егжей-тегжейлі қарастырсақ,…»
Контраргумент келтірілген пікір-эссенің үлгісі
Қазіргі заманда технологиялар қарқынды дамып келе жатыр. Тіпті мектепте де әр қадамымыз жаңа технологиялармен байланысты.. Білім саласындағы жаңа технологиялар қаншалық маңызды рөл атқаратындығы және болашақта олар адамдарды толық алмастыратындығы жайлы түрлі пікірталастар жүріп жатыр. Жаңа технологялар мұғалімнің орнын алуы, екіталай. Робот-мұғалім сыныптағы тәртіпті реттей алмайтындығы және керісінше, білім алу үрдісіне кедергі жасайтындығы сараптамалар арқылы дәлдеуге болады.
Ең алдымен, жасанды ақылы бар мұғалім сыныптағы оқушыларды бақылай алмайды. Мысалы, балалар өз бетімен ойын ойнап кетпей, тапсырманы орындау үшін мұғалімнің бақылауы қажет екендігі баршаға мәлім. Өкінішке орай, тек осы ғана роботмұғалімнің қолынан келмейді. Сондықтан жаңа технологиялар мұғалімдерді ешуақытта жұмыссыз қалдырмайды.
Екіншіден, робот-мұғалім оқу үрдісін бұзып, сабақта жаңа білім алуға кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, оқушыларға тиімді білім алу үшін уәж керек. Адамдар оны қамтамасыз ету үшін қабілеттері бар, ал технологиялар басқаратын адам-роботта ондай қабілеттер жоқ. Осындан роботтар мұғалімдерді алмастыра алмайтындығы анық көрініп тұр.
Бірақ, кейбір адамдар роботттың жасанды санасының күші зор екендігі роботтар мұғалімдердің орнын алмастыруға негізгі агумент деп санайды . Бірақ, бұл пікір егжей-тегжейлі қарастырылмаған, себебі роботттар оқушылармен эмоциялық деңгейде тиімді қарым-қатынас жасай алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет