Диалогтық аргумент келтіру; Диалектикалық пайымдау: оқу бағдарламасының аясында аргументті және сыни жазу


әр абзац бір негіздемені дәлелдері мен мысалдарымен сипаттайды



бет6/11
Дата17.03.2023
өлшемі91,97 Kb.
#75047
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Эссе жазылуы

әр абзац бір негіздемені дәлелдері мен мысалдарымен сипаттайды.

Қорытынды

Қорытынды
Тезистің перифразасы

Барлық пайымдауларды негіздемелермен қоса қорытындылаңыз және келтірілген аргументтерге өз пікіріңізді қосыңыз.

Пікір-эссенің үлгісі:
Қазіргі заманда технологиялар қарқынды дамып келе жатыр. Тіпті мектепте де әр қадамымыз жаңа технологиялармен байланысты. Білім саласындағы жаңа технологиялар қаншалық маңызды рөл атқаратындығы және болашақта олар адамдарды толық алмастыратындығы жайлы түрлі пікірталастар жүріп жатыр. Жаңа технологялар мұғалімнің орнын алуы, екіталай. Робот-мұғалім сыныптағы тәртіпті реттей алмайтындығын және керісінше, білім алу үрдісіне кедергі жасайтындығын сараптамалар арқылы дәлдеуге болады.
Ең алдымен, жасанды ақылы бар мұғалім сыныптағы оқушыларды бақылай алмайды. Мысалы, балалар өз бетімен ойын ойнап кетпей, тапсырманы орындау үшін мұғалімнің бақылауы қажет екендігі баршаға мәлім. Өкінішке орай, тек осы ғана роботмұғалімнің қолынан келмейді. Сондықтан жаңа технологиялар мұғалімдерді ешуақытта жұмыссыз қалдырмайды.
Екіншіден, робот-мұғалім оқу үрдісін бұзып, сабақта жаңа білім алуға кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, оқушыларға тиімді білім алу үшін уәж керек. Адамдар оны қамтамасыз ету үшін қабілеттері бар, ал технологиялар басқаратын адам-роботта ондай қабілеттер жоқ. Осыдан роботтар мұғалімдерді алмастыра алмайтындығы анық көрініп тұр.
Қорытындылай келе, робот-мұғалім тиісті білім алуда қажет ететін тәртіпті ұйымастыра алмайды. Және шынында да оқушылардың ақпаратты қабылдауын бәсеңдетеді Осылайша, сыныпты машина басқаратындығы екіталай, сезімсіз роботмұғалім тиісті білім бере алады деген пікір ешқандай жақсылыққа әкеліп соқпайды. Осы даулы мәселені талқылау нәтижесінде робот мұғалімнің орнын баса алады деген пікірталастарда әлсіз жақтары басым болып, жағымсыз жақтарына әр адамның көзі жететіндігіне сенемін. Сондықтан да компьютерлер ешқашан мұғалімнің орнын баса алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет