Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Дәрілік заттардың түрлері мен формалары



бет15/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
13. Дәрілік заттардың түрлері мен формалары.
Қолдануына байланысты дәрі-дәрмек бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, антибиотиктер, антисептикалық дәрі-дәрмектер, қызу басатын дәрі-дәрмектер, наркоз дәрілер, т.б. Бұл жіктелуді фармокологиялық жіктелуідеп атайды.Алыну көздері бойынша синтетикалық, жартылай синтетикалық және табиғи болып бөлінеді.Химиялық әсерлері бойынша дәрілік заттар-химиятерапевтикалық (инфекцияға қарсы: антивирустық,антимикробтық, туберкулезге қарсы, антигельминттік т.б.) нейрофармакологиялық (орталық және перификалық нерві жүйесіне әсер ететін ДЗ) және регуляторлық ( ферменттік, гормондық, иммундық және гендік жүйелердің белсенділігін реттейтін ДЗ: витаминдер,гормондар, т.б) үш топқа бөлінеді.Химиялық құрамы бойынша дәрілік заттар бейорганикалық(тұздар, қышқылдар, тотықтар, кешенді қосылыстар) және органикалық болып бөлінеді. Органикалық дәрілік заттар құрамындағы көмірсутегі мен фукнкционалдық топқа байланысты алифаттық(ацициклді) және циклді болып бөлінеді. Циклды органикалық дәрілік заттар өз кезегінде карбоциклді және гетероциклді топтарға бөлінеді.Карбоциклді қосылыстар алициклді (беталактаминдер, терпендер, адаманттар, циклопентанпергидрофенантрендер), ароматты (фенолдар, ароматты қышқылдар, бензосульфаниламидтер) болып бөлінеді. Гетероциклді қосылыстар органикалық химияда қабылданған атом сандарымен цикл түзуші гетероатомдардың саны бойынша классификацияланады.Бұдан басқа дәрі-дәрмектер қолдану тәсіліне байланысты (ішке, сыртқа, тамырға құйылатын, бұлшық етке салынатын т.б.), шығару қалыпына байланысты (ұнтақ, таблетка, пилюля, микстура, тұнба, тұндырма, ерітінді, паста, крем, май тәрізді т.б.), т.б. жіктеледі.Қатты әсер ететін дәрілік зат – Есірткілерді бақылау тұрақты комитетімен орнатылған (ЕБТК), қатты әсер ететін заттар тізіміне кіретін,дәрілік заттар.Дәрілік формалардың жалпы қабылданған бірнеше классификациясы бар, олар әр түрлі принциптер негізінде құрылған. Мысалы, енгізу әдісіне байланысты:1) пероральді – ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, тұнбалар, қайнатпалар,ұнтақтар, дәрілер, желе, гранулалар, капсулалар, микрокапсулалар.2) инъекционды – еріту және имплантация үшін арналған ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, ұнтақтар, дәрілер.3) ингаляционды – аэрозольдар, инхалерлар.4) сублингвальды – драже, дәрілер, капсулалар.5) перкутанды – мазьдар, кремдер, линиментер, пасталар, көбікті және көбік түзгіш аэрозолдар, жабыстырғыштар. 6) ректальды – суппозиториялар, капсулалар, мазьдар, азрозолдар, микроклизмалар.7) вагиналық – суппозиториялар, дәрілер, түйіршіктер, эмульсиялар,суспензиялар.8) көздік – ерітінділер, мазьдар, қабықшалар, қарындаштар.Қазіргі кезде дәрілік формалардың классификациясының төрт түрін қолданады: агрегаттық күйі бойынша, қолдану тәсіліне немесе дозалау әдісіне байланысты, ағзаға енгізу тәсіліне байланысты, дисперсологиялық.Агрегаттық күйіне байланысты жұмсақ, сұйық, қатты және газ тәрізді.Қатты дәрілік формалардың классификациясы:Таблеткалар (лат. Tabulettae) — бір немесе бірнеше ұсақталған затардан тұратын, сусымалы қасиетке ие, ішкі және сыртқы қолдануға арналған қатты дәрілік форма. Драже мөлшері бұршақтан шиенің көлеміне дейінгі кез келген шағын домалақ кәмпиттер; Дәрі-дәрмектің жағымсыз дәмін жұмсарту үшін бір қабат қант не шоколад жағылған дәрі кесектері ганулалар ,ұнтақтар.Ұнтақ — фармакология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар. Ұнтақтарды ішуге де, сырттай теріге себуге де болады. Және спансулдар, дәрілік карандаштар.Жұмсақ дәрілік формалардың классификациясы: Жақпамайлар негізінде біртегіс таралған, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, тұтқыр консистенциялы жұмсақ мөлшерленбеген дәрілік форма және пластыри,суппозиториялар,пилюли.Сұйық дәрілік формалар: Ерітінділер , суспензиялар ,эмульсиялар ,тұнбалар, линиметтер ,дәрілік сироптар, экстракттар .Газтәрізді дәрілік формалар: Аэрозольдер.Қолдану тәсілі немес дозалау әдісі бойынша классификациясы: Дозаланған (ұнтақтар, ерітінділер) , озаланбағандар (жақпамайлар, ванналарға арнлған ұнтақтар, присыпкалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет