Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Санитарлық ережелер мен ережелерге сәйкес заманауи дезинфекциялық ерітінділер



бет12/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
9. Санитарлық ережелер мен ережелерге сәйкес заманауи дезинфекциялық ерітінділер.
Дез. Ерітінділердің негізгі топтары:
1.Құрамында галоид бар заттар , оларда микробтарға белсенді әсер ететін хлор,бром немесе йод болады ( хлорлы әк , калий гипохлоридінің тұздары , хлораминдер , дихлорциануур қышқылы және оның тұздары , аквасепт , йодонат, дибромантин ) ;
2.Құрамында оттегі бар асқын тотық байланыстары немесе сутектің асқын тотығы негізіндегілер ( первомур , ПАК , rератин , виркон , дезоксон ) : 3.Төрттік аммоний байланыстары амфотерлі байланыстар ( аламетон , дюньбаль,санифект, велтолен , гермосепт , септодор ) негізіндегі беткейлік – белсенді заттар ;
4.Гунидиндер және ББЗ - мен олардың қоспалары ( демос , катасепт , лиофермин , тиавесепт ) .
5.Спирттер ( этанол негізінде )
6.Құрамында альдегид бар глутар немесе янтарлы альдегид (Құрамында гепасепт , сайдекс , глутаран , альдесон ) негізділері .
ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЯРЛАУ
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы –эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.
Дайындаңыз: аспадағы құрғақ ұнтағын хлорамин, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.
2. Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз.
3. Ыдысқа аспадағы құрғақ хлорамин ұнтағын салыңыз (ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық
дәрежесіне сәйкес).
4. Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті).
5. Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ерігенге дейін араластырыңыз.
6. Даярланаған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз.
7. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты таңбалаңыз және биркаға (таңба салатын
клеенкаға) ерітіндінің қоюлық дәрежесін, атын, ерітіндіні даярлаған адамның аты-жөнін, даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз.
8. Дем масканы, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту:
- Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз.
- Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңылаусыз жабық ыдыста сақталуы керек.
- Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.
5 % ГИПОХЛОРИД КАЛЬЦИЙ НЕГІЗГІ (маточный) ЕРІТІНДІСІН ДАЯРЛАУ
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.
Дайындаңыз: 0,5 кг гипохлорид кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киіңіз.
2. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, ағаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз.
3. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз.
4. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оның қоюлық дәрежесін және ерітіндінің атын көрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлаған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны бекітіңіз.
Ескерту:
- ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы жарамды. Ерітінді салқын, науқастың қолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сақталады;
- негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттың құрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.
ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН ЗАТТАР ЖӘНЕ ОЛ ЗАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін белгіленген рұқсат етілген заттар (эмаль ыдыстар, пластмасса контейнерлері, стерилизаторлар) қолданылады.
1.ыдыстардың қақпағы болу керек;
2.ыдыстар мен қақпақтар маркерленген болу керек (дезинфекциялық ерітінді концентрациясы тағайындалуы, дайындалуы уақыты жазылады) .
3.қымбат құрал-жабдықтар (эндоскоптар, т.б) қосымша
4.инструктивті-әдістемелік құжаттарға сай зарарсыздандырылады
ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЕРІТІНДІЛЕРДІ ҚОЛДАНҒАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚОРҒАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
●Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет.
●Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;
●Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.
●Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет