31. Пациентті тоқ ішекті зерттеудің рентгенологиялық әдісін жүргізуге дайындау (ирригоскопия). Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен
қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген.
Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы,
тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектің
шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды.
Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінің өршу кезеңі, ішектен қан кету.
Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы суды, вазелиндді,
шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру
ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, t 36-370С, шылапшынды, лотокті,
сүрткілерді, су термометрін, алжапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді,
жолдама бланкісін (зерттеу әдісін атын, науқастың аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру
Штарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін).
Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
2. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
3. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.
4. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі
туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты
қамтамасыз етіңіз.
5. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз.
6. Күндізгі сағат 12-де зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.
7. 18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.
8. Кешке зерттеу қарсаңында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5
л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат арлығында.
9. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту
клизмасын қойыңыз.
10. Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертең жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз
етіңіз, жіңішке ішектің ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.
11. Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ертіп
апарыңыз.
Рентгенологиялық кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
12. Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.
13. Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t 36-370С)
енгізіңіз.
14. Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады.
15. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Ескерту:
- ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан:
шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс соктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық
тағамдарды, тәтті тағамдарды алып тастаңыз;
- тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын,
жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.