Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Науқасты асқазанды тексеруге дайындау және мақсаты



бет29/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
27. Науқасты асқазанды тексеруге дайындау және мақсаты.
Асқазанды жуу
Мақсаты:диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару.
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда.
Қарсы көрсетілімдері:асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жуан асқазан зондын және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), зондты жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны оймышты, лотоктарды,легенді, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе кружканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зара.ерітіндіні, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
2.Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз.
3.Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.
4.Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егер де олар болса).
5.Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз.
6.Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз.
7.Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз.
8.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз.
9.Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан зондын алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз.
10.Шыны түтік арқылы зондтарды жалғастырыңыз.
11.Науқасқа зондты енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз.
12.зондтың саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз.
13.Науқастан аузын ашуды сұраңыз. Зондтың саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз.
14.Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап зондты өңешке енгізіңіз.
15.Қажет белгіге дейін зондты асқазанға енгізіп, зондқаоймышты жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек.
16.Оймышқа 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз.
17.Оймышты ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз.
18.Оймыштың ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз.
19.Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.
20.Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз.
21.Клеенкалы алжапқышты шешіңіз.
22.Зондты, резеңке түтікті ,оймышты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
23.Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз.
24.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
25.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.
26.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.
27.Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жіберіңіз.
28.Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет