Дилфизо мен Донада Дилфизо Киматшох Донада Кеннет Көктем. Дилфизо


Дилфизо. Қандай көңіл-күймен жасағаныңа байланысты кейде тәтті, кейде ащы болады. Донадо



бет2/9
Дата10.04.2023
өлшемі42,26 Kb.
#80975
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Malysheva Dilfizo kaz

Дилфизо. Қандай көңіл-күймен жасағаныңа байланысты кейде тәтті, кейде ащы болады.
Донадо. Тәтті болсыншы!
Дилфизо. Болсын. Солай тілесең, болады.
Донадо. Ал сен қандай тілек тілейтін едің?
Дилфизо. Бәрі аман-есен болсын деп. Дастархан жайнап тұрса екен деп. Соғыс болмасын деп. Әр түрлі.
Донадо. Жақсы тілек екен. Мен де осындай тілек тілеймін.
Дилфизо. Мен мұғалім боламын деп ойлайтынмын. Барлық қыздар өскенде мұғалім немесе дәрігер болуды армандайтын. Анамды ешкім тыңдамай қойғанда, мен сияқты болмас үшін, оқы деп айтатын. Менің өмірім жақсы болуы тиіс деп...
Әкем жанында болмаған соң, оған қиын болды. Қорғаны жоқ еді. Әжем өте қатал болатын. Кенже келінін көп жұмсайтын және анамды ешкім аямайтын. Бүкіл қара жұмысты титықтап жүріп өзі істеді. Бірақ ләм-мим деп аузын ашқан емес. Көнбіс, сабырлы жан еді. Мамама жаным ашитын. Әкемнің кетіп қалғанына қатты өкпелегенмін.
Әжем айтқандай, әкемнің жай үйден кетіп қалмағанын, оны өлтіріп кеткенін он жасқа толғанда бірақ білдім. Соғыс кезінде. Жоқ, ол соғысқа қатыспаған. Жай қалаға барғанда көшеде атып тастаған. Абайсызда ма, қасақана ма, білмеймін.
Соғыс туралы ештеңе есімде жоқ, ол кезде кішкентаймын, оның үстіне біз жақта тыныш болды. Әйтеуір, арасында мамам қалай қиын болғанын, қандай қорқынышты болғанын айтып беретін. Қашан басталғаны да, қашан бітері де белгісіз қан майдан адамдарды түсініксіз бір үрейде ұстаған. Бір білерім, қарнымыз аша беретін.
Мектепте соғыс жайлы айтпайтын. Бейне бір тезірек ұмытқылары келердей. Бірақ білемін ғой, бәріміздің басымыздан қандай нәубет өткенін, қалай төзгендерін, соғыс болмауын тілейтіндерін... Әлі күнге төзіп келеді. Ия, біз бай емеспіз, аса намысшыл да емеспіз. Алайда бәрі жақсы. Өйткені бейбіт өмір.
Бәлкім, әкем тірі болғанда, мен мұғалім болар ма едім... Мүмкін қалаға барып жұмыс істер ме едім, кім білсін.
Мен он беске толғанда, әпкемді әкемнің қарындасының баласына тұрмысқа бермекші болды. Қалың малын беріп, тойға дайындалып жатқан. Тойға бірнеше апта қалғанда әпкем дәрігерде барып, қаралады. Сонда дәрігер әпкеме бала туа алмайсың деп айтыпты. Өйткені біздің әкеміз бен шешеміз немере ағалы-қарындасты екен. Өте жақын.
Тойды болдырмай, қалың малды қайтаруға туысқандарымның жағдайлары келмеген соң, тұрмысқа мені бермек болды. Әпкемнің орнына. Ал мен тұрмысқа шыққым келген жоқ. Мұғалім болғым келген. Бірақ, амал нешік.
Сөйтіп әпкемнің ақ көйлегін кидім. Жоқ, әпкемдікі емес, маған арнайы тігіп берді. Әпкем тойға келген жоқ. Ол жалпы үйден шықпайтын болды. Өкінгеннен бе, ұялғаннан ба...
Мен де ыңғайсызданатынмын. Себебі бар болғаны он бестемін, ал ол жиырма үште. Кәдімгі үлкен жігіт. Бала күнімнен көріп өссем де, ол маған жат еді. Бірақ солай қалыптасып қалған: тұрмысқа алысқа бермейді, бәрі сол өз ішінде, бір үлкен отбасы болып жүруі керек деп ойлайтын. Бәрібір ертелі-кеш тұрмыс құратынымды, келін боп түскен үйде мені ешкім ренжітпейтінін, әйтеуір көзалдында жүретінімді айтып, мамам жұбатқан. Бірақ әжем оны талай ренжіткенін көріп өстім ғой.
Бөтен үйде қалай өмір сүремін деп қорықтым. Дегенмен, бірте-бірте күйеуімді де, оның отбасын да жақсы көріп кеттім. Ол ұрмайтын, көп жұмыс істейтін, жақсы еді. Қайынатам күйеуіме менің медсестраға оқып алғаным дұрыс екенін, кейін оларды қарайтын бір дәрігер керек екенін айтты. Мен оқу оқитыныма қуанып, енді барам деп жүргенде, аяғым ауыр болып қалды.
Тұңғышымыз шетінеп кетті. Сосын бес жыл бойы көтере алмай жүрдім. Дәрігерге оқымасам да, екеуміз ағалы-қарындасты туысқан болғандықтан бала көтере алмай жүргенімді білетінмін. Жиырма екі жасымда екі егіз қызды дүниеге әкелдім. Сосын бір жылдан кейін Киматты тудым. Ол өзі кіп-кішкентай, аурушаң болып дүниеге келді. Шүкір. Оң аяғы осындай болып қалды. Ақсақ. Бірақ мұқият қарамасаң, онша байқалмайды. Ең бастысы өмірге ат ұстар келді. Артыңда қалар тұяқ. Мұрагер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет