Дилфизо мен Донада Дилфизо Киматшох Донада Кеннет Көктем. Дилфизо



бет5/9
Дата10.04.2023
өлшемі42,26 Kb.
#80975
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Malysheva Dilfizo kaz

Жаз. Донада.
Толассыз жаңбыр жауып жатыр. Бірер уақытқа тоқтағанымен, аздап самал жел соққанымен, дала ылғал. Далаға шықсаң сол ылғалды денең бірден сезеді. Әлдеқайдан шекілдеуіктің үні естіледі. Тура Кеннет туған күнгідей.
Кеннет. Бір ретте мамамнан ине-жіп алып, тігіп көргім келді. Ол менен тартып алды да, қатты ұрысты.
Киматшох. Неге?
Кеннет. Ер балаларға олай істеуге болмайды деді. Неге екенін түсінбедім.
Киматшох. Өйткені ұлдар тігін тігуді жақсы көрмеуі керек. Ұлдар ат пен төбелесті жақсы көруі керек.
Кеннет. Ал мен мамама ұқсағым келген. Әкеме де ұқсағым келген, бірақ оның қандай болғанын есіме түсіре алар емеспін.
Киматшох. Менің де есімде жоқ.
Кеннет. Мамамнан әкем қашан келеді деп сұрап едім, ертең деді.
Киматшох. Келді ме?
Кеннет. Жоқ. Сосын тағы сұрадым. Тағы ертең деді.
Киматшох. Түсінікті.
Кеннет. Мен енді әкем ертең келетінін біліп жүремін.
Киматшох. Бүгін келсе ғой.
Кеннет. Иә, шіркін. Бірақ ертең...
Киматшох. Ертең көрейік.
Кеннет. Ертең де бүгінгідей болады.
Киматшох. Егер кеше бүгін болса, бүгін деген кешегі ертең ғой.
Кеннет. Әкем келер еді. Оны көрсем, оның қандай болғаны есіме түсуші еді.
Киматшох. Ол келсе, бірақ сен танымай қалсаң ше? Бәлкім басқа біреудің әкесі шығар?
Кеннет. Танимын. Сен ше, танитын ба едің?
Киматшох. Әрине.
Кеннет. Мен де танушы едім.
Киматшох. Ол сонда қайда?
Кеннет. Білмеймін. Мамам соғыста деп айтты.
Донада. Күйеуім соғыста. Оныкінің жанында менікі үйдің ішіндегі кәкін-шүкін жұмыс қой. Үй шаруашылығымен айналысу, күту, келгенде – қарсы алу. Бала қара, сосын, қазан-ошақтың жанында күйбеңдеп тіршілік ет. Бірақ мен жұмыстан ешқашан қашқан емеспін. Нан пісіре аламын, өзіме киім тіге аламын. Сұлыдан, болмаса, бидайдан ұн ұнтақтаймын. Диірмен тастардың ортасына салам да, қолым талғанша айналдыра берем, айналдыра берем. Сосын тағы айналдыру керек. Күйеуіме қара қарғадан тұмар жасап бердім, жебеп жүрсін деп.
Оны жарым деп өзім таңдамасам да, жақсы көретінмін. Түнімен ұйықтамай, уайымдап, күтіп жүруші едім. Соғыстан қайтпай қалғандар қаншама. Әкем де, бауырларым да оралмады. Патшалардың өзі бірінен соң бірі ауысып жатты.
Ұлдарымды да кез келген жағдайға дайын, мықты қылып тәрбиеледім. Уақыты келгенде ел мен жерді, отбасын солар қорғайтын болады. Ол үшін білімді, көзі ашық, әділ, адамдармен келісе алатын, өз сөзі мен ісіне жауап бере алатын болуы керек. Ұл болса да, қыз болса да, осы маңызды. Егер қыз туған болсам, оны да солай тәрбиелеуші едім. Бәлкім, қыз тусам, кейін ханшайым болып өсер ме еді.
Кейде кітап оқитынмын. Ішіндегі кей әріптері көгеріп көрінбей қалса да, әйтеуір сөзді құрап, оқушы едім. Баяғының батырлары туралы, олардың ерлігі жайлы ескі жыр-дастан. Кітаптағы кейіпкерлер сияқты, жауменен арпалысып жатқан күйеуім елестейді, оқып отырып. Менің ұлдарым да өскенде сондай жаужүрек батыр болады. Олар туралы да осылай жыр-дастандар жазылады.
Кітапты күн батқанша ғана оқитынмын. Майшамды босқа жақпас үшін. Ол балаларым сабақ оқығанда керек.
Күйеуім қайда кетсе де, қашанда аман-есен оралатын, болмаса, қай жерде жүргенінен көршілерлерден, ары-бері өткен жолаушылардан хабар беріп отыратын және оның қайда, не істеп жүргенін біліп жүруші едім. Міне, бірнеше аптадан бері одан мүлде хабар жоқ. Уайымдап жүрмін. Күніміз не болады, нан қалай табамыз, бала-шаға...
Жаным қиналып кетті. Оған не болды, өлі ме, тірі ме хабарын біле алмай, сары уайымға салынып кеттім. Сол аралықта түсіме қайта-қайта өлген қойдың етін шұқып жеген қарғалар кіре берді. Оянған соң, «түс түлкінің боғы ғой» деп қоя саламын.
Бірақ, оның тірі екенін ішім сезетін. Еркектер сол жаққа барған соң, басқа әйел тауып алып, шаңырақ құрып, жоғалып кететін жағдайлар болып тұратын. Ондай еркектерге бұрынғы отбасы керек емес болып қалады. Сол жақта үйі бар, әйелі, тіптен бәлкім мұрагері де...
Ол бізді біржолата тастап кеткенін түсіндім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет