Дилфизо мен Донада Дилфизо Киматшох Донада Кеннет Көктем. Дилфизо



бет3/9
Дата10.04.2023
өлшемі42,26 Kb.
#80975
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Malysheva Dilfizo kaz

Көктем. Донадо.
Жаңғақтал ерте, наурыздың соңында гүлдеді. Оның бүрі құрт сияқты, мұрныңа тиіп кетсе қытығың келеді. Бүрлерінің иісі балғын, жап-жасыл, қолқаны қаппайды. Донада тұрмысқа шығарда жаңғақтал осылай аңқып тұрған еді.


Донадо. Бұл жұмыс қиын. Күні-түні тыным таппайсың. Бір уақыт отыруға да мұршаң болмайды. Күнде солай: ары-бері. Қолың талып кетеді. Бірақ мен үйреніп қалғанмын.
Дилфизо. Мен де істей аламын. Кел көмектесейін.
Донадо. Мейлі. Бірақ, мен бәрін өзім істеп үйреніп қалғанмын.
Дилфизо. Мен де.
Донадо. Есесіне, бәрі біткенде кеудеңді қуаныш кернейді. Балалардың да, қарттардың да... Шаршағаныңды да сезбей қаласың. Жақсы дәстүр ғой. Барлық дәстүр жақсы.
Дилфизо. Сосын?
Донадо. Жұдырығыңды түйесің де, суға саласың. Жұп-жұмыр болғанша илейсің. Сосын барып пісіруге болады.
Дилфизо. Істей алмайтын сияқтымын, қолымнан келмейді. Мұндайға үйренбеппін.
Донадо. Қолыңнан келеді. Мұқият қарашы.
Дилфизо. Өзім істеп көрсем бола ма? Білгенімше?
Донадо. Көр. Бар құпиясы сонда ғой. Артынан соң, оның құпиясын шешуге бас қатыруға болады.
Дилфизо. Қалай?
Донадо. Бас жағыңа жастап жатсаң, түсіңде аян береді.
Дилфизо. Жақсы аян ба?
Донадо. Аян ғой, әйтеуір.
Дилфизо. Ал саған қандай аян беріп еді?
Донадо. Соғыс...
Дилфизо. Ал мен бейбітшілікті көргім келеді.
Донадо. Мен де. Бірақ адамдар бәрібір соғысады.
Дилфизо. Байып кету үшін соғысады.
Донадо. Жоқ, өздерімен-өздері болу үшін соғысады.
Дилфизо. Шаршадың ба? Әкел маған.
Донадо. Жоқ, үйреніп қалдым.
Дилфизо. Құр тұра алмаймын, көмектесуім керек. Қолқабыс етсем, жақсы түс көріп, жаным жайланып қалады.
Донадо. Бәрі аман-есен, дастархан жайнап тұрған, соғыссыз, бейбіт, жақсы түс көр.
Дилфизо. Айтқаның келсін.
Донадо. Мен монах боламын деп ойлағанмын. Бала күнімде сен өте сұлусың деп жиі айтатын, бірақ қымтап, монахтар сияқты киіндіріп қоятын. Сырт көзден, сұқ көзден сақтағысы келетінін бала болсам да, түсінетінмін.
Кішкентайымнан қолдың күшімен жұмыс жасауға баулыды. Тігін, кесте тігетінмін, нан жабатынмын, арқамды ауыртпай, көп су таситынмын. Егер мен серт беріп, монах болып кетсем, қара жұмыс істемеуші едім. Менің орныма қарапайым адамдар сол жұмысты істеуші еді. Бірақ мен солай үйреніп қалдым. Иә, ауыр болды, бірақ маған ұнайтын. Кейде монах әйелдер үйге келіп, мені бірнеше айға монастырьге алып кететін. Сол бір сәттерде монастырьде біржолата қашан қалады екенмін деп күтіп жүруші едім. Ешкім жоқта, анам маған «монастырьде өмірім жақсы болатынын, ол жер қай заманда да қауіпсіз болатынын, Құдайға жақын адамдар қан төгіс майданнан да аман қалатынын» сыбырлап айтушы еді.
Ес білгелі, соғыс тоқтаған емес. Өлтірмесе де, тонап кетеді, тонамаса, қиратып кетеді. Жаңалықтардан бір басшыны өлтіргенін, орнына жаңа біреу келгенін, сосын оның мерт болғанын естиміз. Соғыс бір сәтке де тоқтаған емес.
Мен онға толғанда әкемді өлтіріп кетті. Нақты не болғанын білмеймін, жалпы ешкім нақты білмейді. Сосын анам отбасымызды сақтап қалу үшін, әпкемді өзінің жиеніне, біздің жиен ағамызға тұрмысқа беретін болып шешті. Әулетіміз бірлікте болып, жерді сақтап қалу үшін сондай қадамға бардым деп айтты.
Марқұм әпкемнің денсаулығы нашар, әлсіз еді өзі. Үйлену тойынан соң бірнеше айдан соң қатты ауырып, көз жұмды. Сөйтіп, әулетіміздің бірлігін сақтап қалу үшін, біздің отбасымыз қорғансыз болып қалмас үшін, жиен ағама мен тұрмысқа шықтым. Ол маған әпкемнің тойындағы орамалды басыма тақты. Кеуде тұсыма таңбасы бар танамоншақты түйреді.
Қатты ыңғайсыздандым, оның үстіне бойымды біртүрлі үрей биледі. Қайткенменде мен бар-жоғы он бестемін, ал ол болса бақандай жиырма үште, еңгезердей жігіт. Бала күнімнен танысам да, ол маған жат еді. Бірте-бірте мен оны жақсы көріп кеттім. Маған сондай бір қамқорлықпен, ілтипатпен қарайтын. Жақсы еді. Алайда, ара-тұра, егер монах болып, Құдай мен адамдарға қызмет етіп кетсем, өмірім қандай болар еді деп ойлайтынмын.
Сосын ішіме бала біткенде, Құдай туралы ойлауды да қойдым. Тұңғышымыз шетінеп кетті. Бес жыл бойы құрсақ көтермедім. Құдай бұйыртпады. Жиырма екімде егіз ұл таптым. Бір жылдан кейін Кеннетті тудым. Ол өзі шала туған, кіп-кішкентай, аурушаң. Шүкір. Оң аяғы осындай болып қалды. Ақсақ. Бірақ мұқият қарамасаң, байқалмайды. Әйтеуір, ұл ғой, мұрагер, ат ұстар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет