Дилфизо мен Донада Дилфизо Киматшох Донада Кеннет Көктем. Дилфизо



бет4/9
Дата10.04.2023
өлшемі42,26 Kb.
#80975
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Malysheva Dilfizo kaz

Жаз. Дилфизо
Аздап самал жел соққанымен, қапырық. Далаға шықсаң болды, пора-пора терлейсің. Әлдеқайдан шәуілдектің үні естіледі, тура Киматшох дүниеге келген күнгідей.
Киматшох. Бір ретте анамның орамалын алып, басыма тағып алдым. Сондай әдемі орамал болатын. Анам маған ұрсып, сосын жылап қалған.
Кеннет. Неге?
Киматшох. Өйтуге болмайды, ұлдар орамал тақпайды деді. Неге екенін түсінбедім бірақ.
Кеннет. Өйткені ұлдар орамалға жақын болмауы керек. Ұл балалар атты жақсы көру керек. Сосын төбелесті.
Киматшох. Ал мен жай ғана анама ұқсағым келген. Әкеме де ұқсағым келетін, бірақ оның қандай болғаны есімде жоқ.
Кеннет. Менің де есімде жоқ.
Киматшох. Әкем қашан келеді деп анамнан сұрап едім, ертең деді.
Кеннет. Ертесі келді ме?
Киматшох. Жоқ. Тағы сұрадым. Ертең деді.
Кеннет. Түсінікті.
Киматшох. Мен күнде әкемнің ертең келетінін білемін.
Кеннет. Бүгін келсе ғой...
Киматшох. Иә, шіркін. Бірақ ертең келеді.
Кеннет. Ертең көрейік.
Киматшох. Ертең тура бүгінгідей болады.
Кеннет. Егер кеше бүгін болса, бүгін деген ертең ғой.
Киматшох. Иә, әкем келуші еді. Оның қандай болғаны есіме түсуші еді.
Кеннет. Әкең келсе, ал сен танымай қалсаң ше? Бөтен біреудің әкесі болса ше?
Киматшох. Танитын едім. Сен ше?
Кеннет. Танимын.
Киматшох. Мен де танушы едім.
Кеннет. Ол қайда?
Киматшох. Білмеймін. Анам жұмыс істеп жүр дейді.
Дилфизо. Үйде жұмыс көп: күніне екі рет тамақ пісіресің, нан жабасың. Бір жапқанда отыз нан жапсаң, бір аптаға жететін. Күйеуіме, оның бауырларына, әке-шешесіне қызмет етемін. Бәрі солай өмір сүреді, біз де сөйттік. Өз шаруашылығымыз болды.
Кенже келінді түсіргеннен кейін, біз бөлек шықтық. Үй енді кішкентай, бірақ өзіміз салдық. Өзіміз өсіретін жеміс-жидек, көкөністерді сатып, күн көретінбіз. Бастапқыда ақша жететін. Бір жылы еккеніміз шықпай қалып, күн көріс қиындап кетті. Қыздарды мектепке беру керек, ақша керек дегендей. Күйеуім қолынан келгенше, шамасы жеткенше ақша тапты.
Еркектер жұмыс іздеп сыртқа кететін болды. Жылына бір-екі рет қана келіп кетеді. Күйеуім де кетті солармен. Ақша жіберіп тұрды. Қомақты емес, бірақ әйтеуір бұл жақтан табатын ақшадан көбірек. Ұн, май алуға шамамыз жететін. Электрге төлеймін. Ешкімнен кем де, артық та емес, ел қатарлы өмір сүрдік.
Кейде кітап оқитынмын. Мұқабасы жаңбырдан кейін көгеріп кеткен кітаптар. Мұқабасына қарамай-ақ оқитынмын. Келбетті, кербез, дәулетті ханзадалар мен ханшайымдар туралы ескі ертегілерді оқып отырып, өмірім сондай болса деп армандайтынмын. Мейлі, менікі олай болмаса да, қыздарымның тағдыры сондай болғанын тілеуші едім. Қыздарыма мен сияқты болғыларың келмесе, оқыңдар деп айтатынмын. Күндердің күнінде күйеуімнің артынан көшіп кетеміз, сол жақта жақсы өмір сүреміз деп ойлайтынмын. Электр тогын үнемдемей-ақ өмір сүріп, мұқабасы әдемі кітаптар оқимыз деп...
Мен күн батқанша ғана кітап оқимын. Қараңғы түссе, жарықты сөндіріп қоятынмын. Үнемдеу керек. Балалар сабақ оқығанда ғана қосамын. Олар оқуы керек.
Сонсоң, қаражатымыз азая бастады. Біраз уақыттан соң, ол ақша жіберуді мүлде қойды. Бірақ күнде іс-түссіз жоғалды. Не хат жазбайды, не қоңырау шалмайды. Таныстардан сұрастырып көріп едім, көптен бері оны ешкім көрмепті.
Жаным қиналып кетті. Оған не болды, өлі ме, тірі ме хабарын біле алмай, сары уайымға салынып кеттім. Сол аралықта түсіме қайта-қайта өлген қойдың етін шұқып жеген қарғалар кіре берді. Оянған соң, «түс түлкінің боғы ғой» деп қоя саламын.
Бірақ, оның тірі екенін ішім сезетін. Еркектер сол жаққа барған соң, басқа әйел тауып алып, шаңырақ құрып, жоғалып кететін жағдайлар болып тұратын. Сол маңнан үй салып, басқа әйелмен балалы-шағалы болып, тәп-тәуір жағдайын жасап, өз отбасынан хабарсыз кететін.
Ол бізді біржолата тастап кеткенін түсіндім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет