Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет39/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

Келесі мәселе - «алдын ала дайындалған мәтінді оқып берген дұрыс па, өз сөзімен еркін айтып берген дұрыс па?» деген сұрақ. Тәжірибелі мамандар сөйлейтін сөзін толық алмаса да, жұмыстың мазмұнын ұстап тұрады. Бұл белгіленген тақырыптан ауытқымауға, сөзді жүйелі беруге көмектеседі. Жазылған сөзді бас алмастан оқып бермей, аудиториямен байланысты сақтай отырып, мәтін мазмұнын айтып беругетырысу қажет.

Бұл айтылғандарға қоса, сөйлеу кезінде көрнекі материалдар қолданылуы мүмкін, себебі адамдардың көбі мәтінді тыңдағаннан гөрі көрген кезде жақсы қабылдайды, түсінеді. Көрнекілікке тақтаға немесе плакатқа жазу (сызу, сурет салу), слайдтар көрсету, үлестірме материалдар тарату жатады.


Ауызша сөйлеу кезінде есте ұстайтын тағы бір жағдай - сөйлеу мәнеріңіз бен ым-ишаратыңызды, дене қозғалысыңызды (қол сермеу) бақылауда ұстау. Сөз мәнері дегенде, ойға сөйлеу кезінде қолданылатын қажетсіз «паразит» сөздер келеді. Орынды-орынсыз жиі қолданылатын сөздерге «мысалы, және, яғни, қысқасы, жаңағы т.б.» жатады, бұған қоса сөз арасындағы кідірістерді толтыратын «/-/- /-/', м-м-м-м» сияқты түрлі ұзақтықпен қолданылатын «паразит» дыбыстарды да ұмытпаңыз. Сонымен қатар дене қимылын да қадағалап тұрған дұрыс. Бұл айтылғандардың барлығы туралы арнайы әдебиеттер көп, олармен танысуға, керегін пайдалануға мүмкіндік көп.


3.13 Сұрақтарға жауап беру

Кез келген жұмысты қорғау кезінде міндетті түрде сұрақтар қойылады, ескертулер айтылады. «Ойлай алатындар сұрақ та қоя алады», - деп Э.Кинг айтқандай, сізді тыңдап отырған аудиторияның сұрақ қоюы - заңды құбылыс.


Қазақстанда қабылданған академиялық этикет бойынша сұрақтар қорғаудан кейін қойылады. Қойылған сұрақтарды сұрақтың



59


авторымен бірге жазып алып тұрған дұрыс. Бұл ұқсас сұрақуарды біріктіруге, оларға бір жауап беруге ыңғайлы. Қойылған сұрақтарға немесе кейбіріне бірден жауап беруге болады, кейбіріне немесе бәріне дайындалу үшін уақыт сұрауға болады. Қойылған сұрақтардың бәріне жауап беру керек пе деген сұрақ жиі қойылады. Жоқ, қорғау барысында қойылатын сұрақтардыңбәрі жауап беруге міндетті емессіз, жауап беретін сұрақтарды таңдау өз еркіңізде. Жауабыңыз болмаса немесе бірден жауап беруге дайын болмасаңыз, дәстүрлі сыпайы түрде «бұл мәселе


туралы ойланбаппыз, рақмет, енді есте болады», «бұл мәселе туралы келесі зерттеулерімізде қарастырамыз» т.б. сияқты репликаларды пайдалануға болады.

Енді қойылатын сұрақтарға келейік. Сізге сұрақ қойылуы да мүмкін, сіз өзіңіз оппонент ретінде сұрақ қоюыңыз да мүмкін. Қандай сұрақтар қойылуы мүмкін? Еңалдымен, мынаныжадыңыздаұстаңыз: сұрақтардың мазмұны тек сіздің зерттеу тақырыбыңыз аясында ғана қойылады, басқа тақырыптар туралы сөз болмайды. Мысалы, сіз «Қазақ тіліндегі өлшем


мәнді фразеологизмдердің танымдық мәні» тақырыбында жоба қорғап
тұрсаңыз, сізге қойылатын сұрақтар тек өлшем мәнді тұрақты тіркестер (ары кетсе, жалпы фразеологизмдер) туралы, ұлттық таным жөнінде ғана болады, басқа мәселелер қозғалмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет