Динаева б. Б., Сапина с. М


 Зерттеу жүмысын жазған кезде жиі орын алатын қателер



Pdf көрінісі
бет34/119
Дата09.12.2022
өлшемі5,44 Mb.
#56213
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   119
Байланысты:
АКАДЕМ

3.3 Зерттеу жүмысын жазған кезде жиі орын алатын қателер
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ғылыми мақала, 
ғылыми жоба жазу кезінде жиі 
кездесетін қателерді 
былайша жіктеуге болады:
Біріниіі 
жағдай 
жұмыстың 
тақырыбын 
(атауын) 
таңцаумен байланысты. Бұл туралы біз тақырып таңцау 
туралы бөлімде жан- жақты айтқанбыз, оған бұл жерде 
тоқталмаймыз.
Екіншіжағдай: тақырыпатауыжақсы,жұмысмазмұныда 
көңілден шығады, бірақ екеуінің арасында байланыс жоқ. Бұдан шығатын 
жол екеу: я тақырыпты өзгерту, я жұмысты тақырыпқа сәйкестендіріп
қайта жазу. Қайсысы оңай, өзіңіз таңцаңыз.
Үшінші жағдай алдыңғы екеуіне қарағанда күрделірек. Зерттеу 
тақырыбы мен мазмұны бір-біріне толық сәйкес, алайда берілген тақырып
44


ашылмай қалған. Мұның себептері көп болуы мүмкін. Біз зерттеушінің 
кәсіби қабілетінің жеткіліксіздігінен тақырыпты аша алмаған себебін 
қарастырмаймыз, тек жөндеуге болатын себептерді ғана сөз етеміз.
Түзетуге келетін қателердің бірі - зерттеу мәселесі туралы ұзақ 
кіріспежазу, мәселені, тақырыптыңзерттелуін әріден бастау. Мысалы, сіз 
«Қазақтіліндегі өлшем мәнді фразеологизмдердің танымдық мәні» 
тақырыбын алдыңыз делік. Жұмыстың негізгі белімінде фразеологизм 
деген не, оның басқа тілдік элементтерден айырмашылығы қандай, 
фразеологизмдердің түрлері қандай, өлшем деген не, ұзындық деген не, 
танымдеген нет.с.с. сияқты ғылымиортаға, кепшіліккетанысмәліметтерді 
келтірудің қажеті жоқ. Жазбаша мәтінге кіріскен кезде бірден зерттеудің 
негізгі мәселесінен бастаған дұрыс.
Жұмысавторыныңзерттеутақырыбыныңмәнінежетеалмайқалуының 
тағы бір себебі - жазу кезінде тақырыптан ауытқып кету. Жинаған 
материалыңыз мол, тақырып туралы көп білесіз, жинағаныңыздың, 
білетініңіздің бәрін бергіңіз келеді, мәтінге кірістіргіңіз келеді. Осыдан 
келіп тақырыптан шығып, басқа мәселелерге ауысып кетуіңіз мүмкін. 
Тақырыптан барынша ауытқымаған дұрыс, бұл жерде құрған жоспарыңыз 
бен қойған мақсат-міндеттеріңізді басшылыққа алып отыруды ұмытпаған 
жөн.
Жиі орын алатын қателердің ішіндегі төртінші жағдай - дайын 
материалдарды 
қорытынды 
мәтінге жинақтау 
мәселесі. 
Зерттеу 
тақырыбыңыз бойынша жеке-жеке бөліп алып қарағанда тәп-тәуір 
бөліктерден тұратын мәтін құрастырдыңыз, 
бірақ бөліктеріңіздің 
тарауларыңыздың, тараушаларыңыздың арасында байланыс жоқ. 
Сол себепті мәтіннің құрылымына, яғни жоспарына, тараушалардың 
мазмұндық байланысына (олардың жазылу стилі әртүрлі болса да) баса 
назар аудару керек.
Орын алатын қателердің бесіншісі жұмыс көлемімен байланысты. 
Зерттеудің көлемі бір баспа табақ болуы керек, ал сіз бір жарым баспа 
табақжазасыз немесежұмысон екі бетболуы тиіс, сізжиырма бетжазасыз. 
Осы ретте интервалды азайту, шрифтелшемін кішірейту сияқты қулықтар 
жасалуьі мүмкін. Жұмыс көлемін сақтау талабы басқа талаптардан еш 
кем емес. Жұмыс көлемі талаптан артық болса, басылым редакторы 
немесе жетекшіңіз жұмысыңызды езі қысқартуы мүмкін, ал бұл кезде сіз 
жазған мәтіннің маңызды жерлері кетіп қалуы әбден мүмкін, сондықтан 
жұмысыңызды өзіңіз қырнап, қысқартып, талапқа сәйкестендіргеніңіз 
дұрыс.
45




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет