Динаева б. Б., Сапина с. М


 Жұмысты редакциялаудың қажеттігі



Pdf көрінісі
бет35/119
Дата09.12.2022
өлшемі5,44 Mb.
#56213
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   119
Байланысты:
АКАДЕМ

3.4 Жұмысты редакциялаудың қажеттігі
Зерттеу 
жұмысын 
жазуға 
қаншама 
мықты 
дайындықпен 
келсеңіз 
де, 
еңбекті 
аса 
үлкен 
шабытпен жазсаңыз да, бірден ойдағыдай мәтін шыға 
салмайды. Ешкім де бір жазғанда бірден мүлтіксіз 
мәтін құрастыра алмайды. Зерттеушілердің барлығы 
да мәтінді бірнеше рет редакциялаудан қашып 
құтылмайды. Дайын мәтінді редакциялауға қанша 
уақыт жұмсау керек, мәтінді басынан аяғына дейін 
неше қайталап қарау керек? Бұл сұраққа белгілі жауап жоқ, дегенмен 
неғұрлым көбірек болса, соғұрлым жақсы. Сіздің мәтініңіз мазмұндық 
жағынан тамаша құрылғанымен, формасы жағынан кемшіліктер міндетті 
түрде боладьі. Есіңізде сақтаңыз: бірнеше рет редакциялаудан өткізу 
(авторлықта, кәсіби мамандардың да) дайын мәтінмен жұмыстың басты 
қағидаты болып табылады.
Алдымен, мәтіннің мазмұндық жағына аса мән беріңіз, кейін 
әдеби формаларды дұрыстаңыз, соңынан жазу стилін әсемдеңіз. 
Редакциялау жұмысында ұсақ-түйек деген ұғым болмауы тиіс. Кез келген 
грамматикалық, стильдік, ресімдеу ісіндегі қателік көзге ұрып, көрініп 
тұрады. Редакциялау кезінде артьіқ сөзді, сөйлемді, абзацты, тұтастай 
тараушаларды алып тастауға, орындарын ауыстыруға тура келеді.
3.5 Үлкен мәтінді құрылымдықжақтан реттестіру
т
Оқырман жұмысыңыздың бес бетін оқып шығып
бірде-бір бөлім, тарау, тарауша кездестірмесе, мәтін 
құрыльімдық тұрғыдан дұрыс ресімделмеген болып 
саналады. Жазбаша жұмыста мәтіннің басты бөліктерін 
ажырататыңжаңажолданжазылғантараушааттарынан 
басқа, абзацтың басында қою әріптермен берілетін 
мәтінішілік тараушаларды да қолданған дұрыс. Тұтас 
мәтінді ғана емес, жекелеген абзацтар мен сейлемдерді де бөліп көрсету 
керек. Мысалы, бір жарым бетті алатын абзац немесе он жолдан тұратын 
сөйлемнен құралған мәтінді оқып-түсіну қиындық тудырады, оларды 
мағыналық бөлшектерге бөлу қажет.
Үлкен мәтіннің құрылымын жақсартудың тәсілдері ретінде мәтін 
ішіндегі түрлі бөліністерді, белгілерді атауға болады. Олардың жиі 
қолданылатындары мыналар: шрифтілер, тізімдер, түрлі форматтар.
46


Қою шрифт, курсив немесе басқа өлшемдегі шрифтіні маңызды сөздер 
мен сөйлемдерді, терминдерді, басқа мәтіннен алынған дәйексөзді
құжаттардың атауларын т.б. жазған кезде қолдануға болады, басты ереже
- бірізділікті ұстану.
Тізімдік ресімдеуге сызықша, жұлдызша, нүкте, реттік нөмір қолдану 
тәсілі жатады. Мысалы:
- сөз, сөйлем;
- сез, сөйлем.
Немесе
• сез, сейлем;
• сөз, сөйлем.
Немесе
* сез, сөйлем;
* сез, сөйлем.
Немесе
1) сөз, сөйлем;
2) сез, сөйлем.
Немесе
а) сөз, сейлем;
ә) сөз, сөйлем.
Бұл керсетілгендер мәтініңізде қатаң логикалық жүйе бар екенін 
көрсетеді және мәтінге аяқталған, жүйелі сипат береді.
Мәтінқұрылымындатүрліформаттарды:интервалды,шрифтелшемін, 
жаңа жолды өзгертулер мысалдарды, түрлі кейстерді, есептерді, бет 
соңындағы сілтемелерді ресімдеу үшін қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет