Динаева б. Б., Сапина с. М


Диссертацияның Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің



Pdf көрінісі
бет109/123
Дата22.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#142823
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   123
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

10. Диссертацияның Ғылыми дәрежелер беру Ережелерінің
2-бөлімінің талаптарына сәйкестігі.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы 
диссертациялық 
кеңесінде 
Баймаханова 
Мереке 
Сайынқызының 
«6Р020500 - Филология» мамандығы бойынша философия докторы 
(РҺӘ) дәрежесін алу үшін қорғауға ұсынылған «Абай мен Шәкәрім 
шығармалары тіліндегі тілдік дәстүр жалғастығы (когнитивтік аспектіде)» 
атты диссертациялық жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 
талаптарына толық сай келеді. Апынған ғылыми нәтижелер мен 
қорытындыларды қазақтіл білімі саласыныңтеориялықдамуына қосылған 
үлес деп есептеп, диссертация авторы М.С. Баймахановаға «6Ә020500 -
Филология» мамандығы бойынша философия докторы (Рһй) дәрежесін 
беруге лайық деп санаймыз.
Ресми оппонент:
филология ғылымының кандидаты 
Б.Б. Динаева
177


КАЗГЮУ Университетінің 1-курс студенті
Келешов Асхат Полатұлының
«Жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелер және оларды шешу
жолдары» атты ғылыми мақаласына
ПІКІР
Қашанда адамзаттың даму тарихындағы ең басты және маңызды 
мәселенің бірі - болашақ ұрпақ тәрбиесі, яғни жастардың тәрбиелілігі, 
өнегелілігі. Өнегелі тәрбие адам болмысындағы құндылықтардың 
өлшеуіші бола бермек. Қоғамның алдына ұрпақтың тәрбиесі жүктелген, 
сондықтан бұл мәселе қайсыбір қоғамда болсын, атүсті қаралмаған.
Қазақ жастары - елдің болашағы. Бүгінде балабақшадан бастап, ата- 
ана, мектеп, жоғары оқу орындары, қоғам - барлығы бала тәрбиесімен 
айналысады.Әрбіруақыттыңөзінетәнерекшеліктеріболады.КеңесҮкіметі 
тұсында жастарды тәрбиелейтін пионер, комсомол, партия, тимуршылар 
командасы сынды ұйымдар болды. Ап қазір тәуелсіз елміз. Ата-бабамыз 
аңсаған еркін елде өмір сүрудеміз. Отанымыз дамып, халықтың жағдайы 
да жақсаруда. Әркім қалаған еңбегімен айналысып келеді, бірақ жастар 
тәрбиесі талайды алаңдатады. Солардың бірі осы мақала авторы болып 
табылады.
А.Келешов 1-курс студенті болса да, өзін толғандырған әлеуметтік 
мәселелерді мақаласына арқау ете білген. Өзі қатарлы жастардың 
тәрбиесіндегі келеңсіздіктерді тізбелеп, оны шешудіңжолдарын ұсынады. 
Адамзаттың даму тарихында жастар тәрбиесіндегі басты мақсат 
қандай, тәрбиелеуші қоғамның мүддесі қандай деген заңды сұрақтар 
қояды. Осындай күрделі сұрақтарға жауапты сан қилы формада табуға 
болады. Адам болып дүниеге келгеннен кейін адамға тән қасиеттер мен 
қабілеттерді игеріп қалыптастырған жөн екендігін айтады. Діннің қоғам 
тәрбиесінде, соның ішінде жастар тәрбиесінде атқаратын рөлі жайлы 
ой қозғайды. Адамзат тәрбиесінде діннің алар орны ерекше екендігіне 
тоқталады. Дін - тек белгілі бір талап, тәртіп, дәстүр, заңцылықтарды 
орындаумен шектелмейді, аталған шарттар оның механикалық қызметі, 
ал негізгісі рухани құндылықтарды тәрбиелеуде ең бірінші орында -
178


иман келтіру деген езіндік пікірін білдіреді. Мақаланың стилі жатық, тиісті 
ғылыми әдебиеттер қолданылған.
Қорыта келе, А.Келешовтің «Жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелер 
және оларды шешу жолдары» атты ғылыми мақаласын Л.Н.Гумилев ат. 
Е¥У-де өтетін «Ғылым жәнебілім- 2020» атты Х\/Халықаралықғылыми 
конференцияға қатысуға усынуға болады дегіміз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет