Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Әбубәкір Кердерінің өлеңдеріндегі діни мотивтерді саралаңыз, бүгінгі қоғамдағы өзектілігін талқылаңыз



бет55/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
32.Әбубәкір Кердерінің өлеңдеріндегі діни мотивтерді саралаңыз, бүгінгі қоғамдағы өзектілігін талқылаңыз.Ислам діні негізінде пайда болған сопылық VІІІ ғасырда өмірге келе отырып, қазірге дейін қазақ поэзиясына өзіндік әсерін тигізіп келеді. Сондықтан олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрініс беріп отырған. Мәселен оны Әбубәкір Кердерінің төмендегі өлең жолдарынан байқай аламыз:

Сопылық деген ауыр жол,

Пендеге зарар етпеген,

Ұстап жүрсең тәуір жол

Сопылықты іздесең

Дүние қуып кетпеген...

Оқыған көп ғалым бол.

Аллаға ғашық дос болған,

Атқан оққа төзгендей,

Шайтанменен қас болған,

Қара тастан қалың бол. - деген екен.

Бүкіл жан дүниесімен Алланы бір деп таныған Әбубәкір Кердерінің кез келген өлеңін оқысаңыз шариғат жолын барынша терең , барынша нәзік жырлайды. Ақынның шығармаларын оқып отырып, оның дін қағидаларын жақсы меңгергені анық байқалады:

Қараңғы көрге кіреді,

Ажал жетіп, ер өлсе.

Періште келер сұрауға.

Алла Тағаланың шексіз құдіретіне махаббатын өзінің жыр-толғаулары арқылы жеткізген Кердері Әбубәкір де жоқтан бар жасаушы Иесіне деген өз іңкәрлігін төмендегіше төгілтеді:

Әуелі, Алла, жараттың

Топырақтан халық етіп.

Шығардың бізді жарыққа

Қараңғыдан жарық етіп,

Жеті мүше жан беріп

Оны бізге көрік етіп.

Біреу – жігіт, біреу – жас,

Біреуді қойдың қарт етіп.

Біреу – ауру, біреу – сау,

Біреу – жарлы, біреу – бай,

Біреуді қойдың жаһанда

Мал-дәулетке қарық етіп.

Кердері Әбубәкір түйген ой Алла Тағаланың адамзат баласын түрлі жағдайда сынауымен байланысты өрілген. Ақын пайымдауында әр адам өзіне жазылған тағдырға тәубе етуі тиіс. Себебі, тәубе мен қанағат – пенденің ең ізгі ниеттерінен туады.

33.Ақмолланың көрнекті ағартушы ақын екендігін дәлелдеңіз, өзінен кейінгі ақындарға ықпалын түсіндіріңіз.Ақмолла – қазақ, татар, башқұрт ұлтына ортақ шайыр, ағартушы.Олғұмыр жолында тауқыметті көп тартқан. Әкеден ерте айрылу, өгей әкенің қыспағы, түрме қапасында жату т. б. осының бәріне қажымаған ақын тағдыр әрлі де нәрлі жырларымен халқының көңілінен шығып, көптеген қызметтер атқарғаны аңғарылады. Шығыс шайырларынан тағылым алып, ислам мәдениетінен терең сусындаған Ақмолла, Жайық бойын, Орынбор өңірін шарлап,  Қостанай, Қызылжар, Көкшетау аймағында ұстаздық ілімін жалғастыра береді.

Оның әдеби мұраларын татар, башқұртпен қоса қазақтың да белгілі ғалымдары, білімдар азаматтары зерделеген. Шығармашылығы XX ғасырдың басынан  бастап-ақ зерделі, ойлы жандардың салиқалы көздеріне ілігеді. Көзі тірісінде-ақ, 1892 жылы Қазан қаласынан  «Дамолла Шиһабетдин хазіреттің мәрсиясы» атты жинағы шығады. Ақын өмірден озған соң да мұралары бір-екі рет кітап болып, Қазаннан басылады.  Ал, 1935 жылы С. Сейфуллиннің құрастыруымен қазақша нұсқасы жарық көреді.

Ақмолланы қазақ зиялылары дәріптеп қана қоймай біразы өнеге тұтқан.

Белгілі әдебиеттің, мәдениеттің көрнекті өкілдері Сұлтанмахмұт Торайғыров, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, Нұржан Наушабаев, Омар Шипин, Сәбит Мұқановтар ұстаз санап, жырларын жатқа білген. Мысалы оның «төрттағандарын» (рубаяттар) Тұрмағамбет Ізтілеуовтен кездестіре аламыз.

Ал, мұсылмандық көзқараспен айтқан нақыл түріндегі ғибратты сөздері Абыл Тілеуұлы (1777-1864) сынды жампоздармен қиюласып жатса, кейбір ойы, өлең өрнегі Ақтан Керейұлы, Әбубәкір Кердерілермен үндес келеді.

Зер салыңыз: Абыл,  Лә Илләһә Иллалла – иманымыз,

                              Бір имандай болмады жиғанымыз.

                              Күн деген бір әмірге жолыққасын,

                              Паякүн енді біздің болғанымыз.

Ақмолла: Ең әуелі керек нәрсе – иман деген,

             Ақырет істеріне илан деген.

             «Құда, кешір!»  дегенмен іс бітпейді,

             Үйренбекке «иманшарт» қинал деген.

Алланың хақ жолынан алшақтамаған ақын шариғаттан біраз уағыз айта толғайды. Жаны таза азамат уытты жырларымен жұртты имандылыққа шақырады. Қазаққа тән мінез-құлықты дөп басады. Көбіне сараң байлар мен дарақы болыстықты, арамза молдалық пен ғылымның хақ жолын  баса айтады.

1911-16 жылдары Троицкіде шыққан сатиралық журналдың «Ақмолла» аталуы да ақынның халық арасына кең тараған шығармаларының беделінің айғағы десек те болады.

Ол, айтысқа да түскен. С. Негимов былай дейді: «Ұлттық поэзия тарихында Ақмолланың ақындық мектебі ерекше құбылыс. Бұл орайда мына бір деректі айту жөн. Бірде АқмоллаУфа қаласында «Шора» журналының қызметкері, ғалым Риза Фахретдиновпен кездеседі. Ол Ақмолланы башқұрт ақыны Мұхамедсәлім Үмітбаевпен айтыстырады. Ақмолла дала (қазақтар) атынан, Мұхамедсәлім қала (башқұрт) атынан ой толғайды. Осынау дәстүрдің негізінде Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» атты атақты поэмасын жазды»

Ақмолланың көзі тірісінде бір-ақ кітабы жарық көрген. Ол Марджани жөніндегі марсиясы. Бұл кітаптың 1892 жылы Қазан университетінің баспасында жарық көргенін жоғарыда айттық. Бұл кітап негізінен Ақмолланың ақындық атын шығарған тұңғыш жинағы еді. Ақынның екінші кітабы өзі өлгеннен кейін тоғыз жылдан соң Троицк қаласында 1904 жылы Харитонов баспасында жарық көрді. Онда Ақмолланың қысқаша өмірбаяны жазылған. Ал 1907 жылы Қазан қаласындағы Шеріп баспаханасында алдыңғы толғауларымен қоса, Ақмолланың түрмеде жазған өлеңдері біріктіріліп, арнайы кітап болып басылды. Осыдан кейін Ақмолла өлеңдері көпке дейін белгісіз болып, оны жинап бастыруға ешкім ерен салған жоқ. Бүкіл саналы ғұмырын халқының оқып, білім іздеуін, бір-біріне мейірімдіқайырымды болуын тілеп, арман еткен Ақмолла өзінің ой-пікірін өлеңмен толғады, жырмен суреттеді. Ол:

Тек оқуда ілтипат, шарапаттар,

Соқырлар əкелер зор кесапаттар.

Оқыған көкке ұшар, суда жүзер,

Деме онда əулиелік, керемет бар,- деп халқының қамын жеп өткен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет