Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, мәдениеттану магистрі Есболова Молдир Ауелтаевна



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата15.11.2023
өлшемі8,32 Mb.
#122868
түріПрезентация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
9-дәріс. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
- UNESCO-ның бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұрасының
тізіміне енген Қазақстандағы тұңғыш нысан. Кесене Париж қаласында 2003 жылы 23 маусымда өткен
UNESCO-ның 27-сессиясында дүние жүзіндегі "Мәдени мұра" тізіміне енген.


Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері
Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері - Қазақстандағы
және Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген
табиғи нысан. Бұл шешім 2008 жылдың 7 шілдесінде Квебекте
(Канада)
өткен
Әлемдік
Мұра
Комитетінің
32-сессиясында
қабылданған болатын.
Нысан Қазақстанның далалық аймағында орналасқан
жалпы ауданы 450 344 га. болатын екі қорық. Олар:
Қорғалжын және Наурызым қорықтары. Нысан тұщы
және ащы сулы екі өзендер тобын қамтып, солтүстіктегі
Арктикаға және оңтүстіктегі Арал-Ертіс бассейніне
құятын өзендердің суайырығы.
Бұл
сулы-батпақты
алқаптар
жаһандық
қауіп
төнген
кәдімгі
қоқиқаз,
бұйра
бірқазан,
ақ
тырна, тарғақ, аққұйрықты субүркіт, ақбас үйрек сияқты
құстардың популяциясын демеп тұруға үлесін тигізіп
келеді және бұдан басқа нысанға енген 200 мың га. орта
азиялық жазықтық далалық аймақ флорасы жартысынан
көбісінің, сонымен қатар ақбөкеннің мекен ету аймағы.


2016
жылдың 2 желтоқсанында қазақтың
ұлттық күресі UNESCO-ның материалдық емес
мәдени мұралар тізіміне енді. Бұл шешімді
Эфиопияда
Материалдық
емес
мәдени
мұраларды
қорғау
жөніндегі
комитет
қабылдаған.
Қазақ күресінің дамуы қазақ халқының тамыры
тереңнен
тартылатын
тарихымен
тұтасып
жатыр. Түрлі басқосулар мен жиын-тойлар
спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес.
Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар
халықтың құрмет тұтар адамына айналған.
Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ
халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ,
сонымен
бірге
спортшылардың
әлемдік
элитасының қатарына кірді.
Қазақша күрес


2014 жылдың 27 қарашасында UNESCO-ның ресми сайты Адамзаттың материалдық
емес
мұрасының
репрезентативтік
тізіміне
қазақтың
дәстүрлі
домбырамен
орындалатын күйлерін орындау өнері енді.
Күй


2018 жылғы материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізілді.
"Қазақ
жылқышыларының
дәстүрлі
көктемгі
әдет-ғұрыптары"
халқымыздың
"қымызмұрындық", "бие байлау" және "айғыр қосу" деген жоралғыларын қамтиды
Қымызмұрындық
\
Бие байлау
Айғыр қосу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет