Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, мәдениеттану магистрі Есболова Молдир Ауелтаевна



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата15.11.2023
өлшемі8,32 Mb.
#122868
түріПрезентация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
9-дәріс. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы

Киімнің негізгі түрлері:
Іштік киімдер: 
бешпент, биялай, 
қамзол, 
жейде (көйлек)
шалбар
Ерлердің бас 
киімдері:
Бөрік, жекей тымак, 
құлақшын,тақия
Әйелдердің бас 
киімдері:
бөрік, кимешек, 
орамал,
тақия
Сыртқы киімдер:
шапан,
тон, 
ішік
Аяқ киімдер:
кебіс, 
мәсі,
байпақ, етік


Ішік
– аң терісінен немесе мал терісінен матамен қапталып тігілетін қыстық 
сырт киім. Ішік тон сияқты ұзын тігіліп, сәнді мол жаға салынады.Тігілген 
терісіне байланысты ішіктің әртүрлі атауы болады: бұлғын ішік, құндыз 
ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік.
.


Шапан
– қазақ үшін өте сыйлы киім. 
Оны қалың матадан қазақтың ою-
өрнегін салып, астарлап сырып тігеді. 
Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде
бағалайды. Адамға «шапан кигізу», 
«иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. 
Бұрындары хандар батыр, би, жақсы –
жайсаңдарына дәреже бергенде соның
белгісі ретінде арнайы тіктірткен
шапанды олардың иығына жапқан, 
түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту
белгісі ретінде де шапан жіберетін
болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан
жабу дәстүрі қазірде бар.


Шапан
Сырмалы 
шапан
Қаптал 
шапан
Қималы 
шапан


Гиннеске кірген қазақ батырының тоны 
Тарихи деректерге қарағанда, Қуандық батыр Алтай өңірінде
1727-1816 жылдар аралығында
өмір сүрген. 1745-1746
жылдары моңғол батырын жекпе-жекте өлтіріп, басын кесіп
алған.Аумалы-төкпелі нәубет заманда батырдың елін-жерін
қорғау жолында көрсеткен ерлігіне дән риза болған 12 Абақ
керей елі оның иығына осы оқалы тонды жауыпты. Қасиетті
мұраны қазақтың қолынан өнер тамған 13 шебер әйел 90 күн
ішінде тігіп шыққан екен. Оқалы тон бұғы маралының иленіп,
өңделген 68 парша бөлек терісінен ойыстырылып тігіліпті.
Оны қарағайдың қанық бояулы кері қызыл қабығымен бояп,
екі өңірінің алдына құндыздан жорын ұсталыпты.
Бұл 300 жылдық тарихы бар қазақтың асыл тоны Қытайдың
мемлекеттік 1-дәрежелі мәдени мұрасы ретінде Шынжаңның
Буыршын аудандық мұражайында сақталулы тұрған, қазір
Гиннесс рекордтар кітабына енген.


Ішкі киімдер:
Камзол - жеңсіз жеңіл киім
Кеудеше - жас түйенің жүнінен иіріп, не болмаса түбіттен тоқылған
жағасыз киім.
Биялай 
– қолға киетін киім. Иленген қой терісінен жасалады
Белдемше - той-думандарда көйлек үстінен киетін сәнді киім. Көбінесе жаңа
түскен
келіндерге
арнап тігіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет