Диплом алдындағы тәжірибе туралы есеп мамандығы 6B01707 Қазақ тілі мен әдебиеті


 Практика өткен бөлімнің сипаттамасы



бет3/8
Дата24.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#35484
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Кажгабиева А.Е есеп

1.2 Практика өткен бөлімнің сипаттамасы

Мен диплом алды тәжірибені Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің педагогикалық институт, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында өткен болатынмын. Кафедра құрамында университеттің жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы қызмет көрсетеді. 2019 жылдың 1 қыркүйегінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының штатын 19 оқытушы құрады. Соның ішінде 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты (1 профессор, 4 доцент, 1 доцент м.а., 1 аға оқытушы); 9 аға оқытушы (7 магистр, 2 аға оқытушы); 1 оқытушы (магистр).


«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ғылыми дәрежелілігі 0,66 % құрайды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы үнемі бейін бойынша білімін жетілдіріп, біліктілігін арттырудан өтеді. Қазақ филологиясы мамандығының кеңеюі және кафедраның құрылымдық ерекшелігіне байланысты «Қазіргі қазақ тілі» (ф.ғ.к., доцент Ж.М.Мусин, ф.ғ.к., доцент М.Х. Шаяхметова, п.ғ.д., проф. Б.Б.Жахина), «Қазақ әдебиеті» (ф.ғ.к., доцент Н.С.Ыбыраев, ф.ғ.к. А.Ы.Есмагұлов, ф.ғ.к., доц. С.Н Жәмбек, аға оқ. Т.Жұрын, ф.ғ.к., доцент Қ.К.Молғаждаров, аға оқ.Ж.Боранбаева, ф.ғ.к., доцент Ә.Қ.Шапауов), «Практикалық қазақ тілі» (аға оқытушы Р.Ж.Қияқова, п.ғ.к. Б.Б.Жахина, аға оқ.Ж.КБоранбаева, ф.ғ.к.,доц. С.С.Досанова, ф.ғ.к. Р.С.Амренова, п.ғ.к. Г.К.Камиева) болып бірнеше кафедра жұмыс істесе, бүгінде аталған кафедралар біріктіріліп, нәтижесінде «Қазақ филологиясы» кафедрасы қалыптасты. 2013 жылдан бері «Қазақ филологиясы» кафедрасын ф.ғ.к., доцент О.А.Жумагулова басқарып келеді. Бүгінгі таңда кафедра үздіксіз білім беру тұжырымдамасы негізінде үш сатылы (бакалавриат магистратура докторантура) білім беру жүйесіне сай, еңбек нарығындағы әлеуетті тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегідей мамандықтарды даярлайды.


2. ДИПЛОМ ЖОБАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 Материал жинау (оның ішінде ДП теориялық бөлімі бойынша да)

Диплом алды тәжірибе барысында дипломдық жұмысымның тақырыбы («Инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың оқырмандық қабілетін дамыту жолдары») аясында көптеген жұмыстар атқарылды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет