Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің бакалавры Жалпы педагогикалық өтілі: 26 жыл Педагогикалық тәжірибе алмасу тақырыбы : «Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеу»



бет3/9
Дата21.12.2023
өлшемі45,71 Kb.
#141999
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Оқушыларды ғылыми жұмысқа бейімдеу

Негізгі бөлімі
Бүгінгі білім беру үрдісінің жалпы орта білім беру мазмұнының мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Өзіндік көзқарасты қалыптастыруда дарынды оқушыларды ғылымға бейімдеу. Зерттеу жұмыстарының негiзi- өзгерту, қосу мақсатымен қоршаған ортаға деген белсендi көзқарас, білімқұмарлық. Бұл ғылыми зерттеуге де қатысты, дегенмен ғылыми зерттеуге тән ерекшелiктер бар. Ғылыми зерттеу - бағытталған танымдық жұмыс. Ғылыми зерттеу нәтижелерi - ұғымдар жүйелері, заңдар. Кез келген ғылыми жоба адамның жаңа бірдеңені білгісі келуінен басталады. 
Зерттеуші оқушының әрекетін мынадай кезеңдерге бөлу керек:

  1. зерттеу мақсатын анықтау;

  2. қажетті мәліметтерді жинау;

  3. басты бағытты айқындау;

  4. зерттеу объектісінің үлгісін жасау;

  5. зерттеу әдiстемесiн жасау;

  6. зерттеу жұмыстарын өткiзу;

  7. алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру;

  8. алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау;

  9. өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.

Ғылыми жұмыстың табысты жазылуына тақырыпты дұрыс таңдаудың тигізетін әсері мол. Тақырыпты таңдау кезінде оқушылдардың ғылыми үйірмедегі жұмысындағы, арнайы әдебиеттерді оқудағы, бұрынғы жұмыс тәжірибесіндегі, семинар сабақтардағы, баяндамалардағы, сабақтас пәндер бойынша ғылыми жұмыстағы ғылыми және практикалық мүдделерді оқушының ескеруі қажет. Мұндай жағдайда оқушы алған білімін тереңдете отырып, проблеманы жан-жақты зерттеп, өз мүддесіне жақын тақырыпта орындауға алдында мақсат қояды. 
Оқушы оқу процесінде өздеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай мәселені көрсететіндігін білуге тиіс.
Тақырып - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады. Егер тақырыпты өңдеп және шешімін табуды қажет ететін мәселе түрінде ұсынса, сол арқылы оны оқушыға жақындатса , бұл әрекет оқушыда қызығушылық тудырады, мұғалім тарапынан нақты проблеманы ұсыну, шешімін бірлесіп шығару талап етіледі. Ғылыми жұмысқа баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Ғылыми жұмысқа ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Ғылыми жұмыс тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Осы тұста айта кететіні, оқушыдан тақырып негізінде ғылыми жұмыс тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Ғылыми жұмыстың жоспарын әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады, әрі шығармашылыққа баулиды. Ғылыми жұмыс барысында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады.
Тақырыпты таңдау ережесі:
Ғылыми жарысқа келесі жұмыстар ұсынылады:
1. Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке , бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;
2. Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;
3. Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;
4. Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;
5. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді. 
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі:
1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет