Зерттеу кезеңдерім: 1. Әдебиеттерге шолу;
2. Өз тәжірибеммен салыстыру, қорыту;
3. Ғалымдардың еңбектеріне шолу;
4. Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
5. Бір пікірге келу, өз пікіріме анықтама беру;
6. № 39 орта мектебінің оқушыларымен жүргізген жұмыстарыммен таныстыру;
7. Қорытынды жасау.
Зерттеу тәсілі:әдебиеттерді зерттеу, оқушылармен жұмыс.
Өзектілігі: Оқушының шығармашылық деңгейі – оның мәселені қою мен оны шешудің жолдарын табуынан көрінеді. Мұнда жаңа білімді меңгеру процесі шығармашылық ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге жүреді. Демек, шығармашылық ойдың нәтижесі - тек қана белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғыртумен ғана емес, сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу. Ал өз бетімен білім алуға ұмтылу танымдық іздемпаздықты қажет етеді. Оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Оған қол жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушыларды ғылыми-зерттеуге баулу.
Кіріспе Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға баулу қазіргі заман мектептері үнемі ізденіс үстінде екенін дәлелдейді. Ал бұл жұмыс неден басталады? Әрине, негізгі нысана, бала қажет. Бала қабілетті болғанымен, жұмыс істеуге қызығушылығы бар деген сөз емес. Ол- білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер. Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің жоғары деңгейі- ғылыми шығармашылыққа ұмытылуы.
Оқушыларға ғылыми- зерттеумен айналысудың тиімділігі ол: оқушы үнемі ізденісте жүреді. Бала мәліметтерді кіапханалармен байланыс жасай отырып алады. Нәтижесінде оқушы ғылыми жұмысты белгілі бір пән мазмұны бойынша орындай отырып, пән бойынша білімі мен біліктерін дамытады. Ғылыми жұмыстар оқушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарының қатарына кіріп, теориялық білімі мен танымдық біліктерін дамытады. Бұл жұмыстар негізінен түрлі әдебиеттерді терең талдау мен тәжірибелі-эксперимент іс-әрекет негізінде орындалады.
Оқушы зерттеу жұмысын жүргізу кезінде мұғалім алға қойған мәселені анықтау үшін зерттеудің мақсатына қарай оқушыларды бағыттап отырады. Алынған нәтижелерді талдауға және қорытындыны тұжырымдауға тікелей де, жанама түрде де басшылық жасайды. Оқушылардың зерттеушілік жүргізу біліктілігі артқан сайын, мұғалім жанама басшылықта бақылайды, оқушылардың дербестігі мен пәнге ынтасы арта түседі. Бұл оқушыларда зерттеушілік қызметтің қалыптасуына, дамуына ықпал етеді.
Сонымен, оқушыларды ғылыми- зерттеу жұмыстары – олардың іздемпаздығын қалыптастырудың маңызды жолдарының бірі, оқушы тұлғасын жан-жақты жетілдіріп, танымдық біліктерін қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылады. Екінші мәселе- тақырып таңдау. Тақырыпты таңдағанда баланың алдымен өз қызығушылығы болуы керек. Әрі мұғалім оқушының жазуға деген қызығушылығын арттырса, сонда бала зерттеу жұмысын жазуға талпынады. Оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ең алдымен оқушыны өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге үйрету қажет. Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты-жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту мәселесінің айналасында.
Расында да, тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін ықпал ету-ұстаздар алдындағы жауапты міндет.