Абетаева Лаура
Тәрбие
Адамды бала кезінен тәрбиелеу керек. Ол жібі түзу адам болуы керек. Әрбір ата-ана балалы болғанда қуанышы қойнына сыймайды. Егер олардың баласы он саусағынан өнер тамған және сегіз қырлы бір сырлы болса ... .
Жақсы тәрбиеленген адам артына сөз қалдырады. Айтар кезде аузын буған өгіздей тұрмай, сөз саптай білсе... Ат ойнатып әлсізді басынбайтын, атарға оғы жоқ жау іздемейтін әділ болу керек деп ойлаймын. Ең бастысы- адам ақ саусақ болмау керек. Ол ағайын- туыстармен, жасы келген адамдармен, балалармен жақсы қарым-қатынаста болып, еліміздің дамуына ат салысуға тиісті. Адам егер бес аспапты болса өте жақсы.
Сейітова Анаргүл
Адамның жақсы, жаман қасиеттері
Қазіргі заманда қоғам адамның жеке қасиеттерін сирек бағалайтын сияқты. Адамдар көбіне тек қана адамның әлеуметтік жағдайына қарайды. Ал бұрынғы заманда адам ашық көңілді, ешкімнің ала жібін аттамайтын, жібі түзу болса, оны құрметтеген және үлгілі деп санаған. Ал адам азуы алты қарыс, ақ саусақ, біреуді атарға оғы жоқ, басқаны көре алмай етектен алатын болса, тіпті бай болса, оны құрметтемеген және сүймеген.
Ауыз жаласатын, бас білдіретін, ереуіл атқа ер салатын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адамның маңдайы ашық болады. Ал қол байлау болатын, құрғақ уәдемен қуырдақ қуыратын, шешуші уақытта мұзға отырғызып кететін адамдардың маңдайында арылмаған соры бар.
Рыспаева Азиза
Оқушы еңбегін қолданатын оқырмандардан күтілетін нәтижелер:
Адамның тілдік дағдысы мен ойлау қабілеті дамиды;
Күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыланады;
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, іскерлік дағдылары жетіледі;
Оқушылардың логикалық ойлауы қамтамасыз етіледі. Ой-өрісін шындай отырып, өмірге көзқарасын қалыптастырып, бағыт-бағдар береді;
Тілге деген қызығушылықтары артып, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдері оянады.
Қорытынды
Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу – баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер жасалынады. Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отыру - келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін айқындай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |