Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің бакалавры Жалпы педагогикалық өтілі: 26 жыл Педагогикалық тәжірибе алмасу тақырыбы : «Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеу»


Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.  3



бет4/9
Дата21.12.2023
өлшемі45,71 Kb.
#141999
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Оқушыларды ғылыми жұмысқа бейімдеу

2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек. 
3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. 
4.Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.
Тақырып таңдар кезде жоғарыда аталғандардан басқа, келесі ұсынымдар ескерілу керек:
- алдыңғы жылдардағы ғылыми жұмыстардың тақырыптарымен танысу;

  • бұрын жазған жұмыс тақырыптарын қайталамау, тақырыптың шынайылығын ескере отырып зерттеу тақырыбын таңдау;

  • тақырып нақты бір объекті аясында шектелу керек. 

  • таңдалған тақырып өз секциясының отырысында немесе жетекшімен жеке консультация барысында талқылану керек.

Дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:
1. Сабақтар, ОҒҚ-ның жұмысы;
2. Пәндік үйірмелер;
3. Тіл мерекесі;
4. Абай, оқулары;
5. Олимпиадалар;
6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);
9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);
10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу. 
Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамының алатын ролі ерекше. Аталмыш ғылыми қоғам өзінің арнайы бағдарламасын нақтылап алғаны жөн. Ол бағдарламада жасалынатын жұмыстың мазмұны мен түрлері төмендегідей сипатты қамтығаны орынды. 
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

  • Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығуы, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі;

  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

  • Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге ұмтылуы;

  • Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар

  • өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

  • қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

  • оқушы дарындылығын моделін білуі;

  • жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

  • дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

  • қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

  • дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

  • Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар бере білуі.

Павлодар қаласы №39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары жалпы орта білім беру мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыс тақырыбы- «Қазіргі білім беру үрдісінің жекебасты әрекет парадигмасы. Оқу сауаттылығын қалыптастыру. Технологиялау». Сондықтан барлық жұмыстар осы бағытта жүргізілуде.
Алдарыңызға мектеп оқушысымен өзім жүргізіп жатқан ғылыми жобаның кейбір жазылу үлгілерін ұсынамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет