Диплом жұмыcы 5В010200 «Бacтayыш оқытy пeдaгогикacы мeн әдіcтeмecі»



бет9/30
Дата09.05.2022
өлшемі1,51 Mb.
#33365
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Абдиханова З

1.1 жобалау Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының жорғарғы жобаға кіші педагогикалық-пмсихологиялық негіздері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»,– деп атап көрсетілгенін ескере отырып, соңғы уақытта бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға дайындау ісінде кәсіби білігі мол мамандарды қажет ететін жаңашыл қоғамның да білім беру жүйесіне қояр талабының айтарлықтай артқандығын байқаймыз.

Осыған орай қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісіне ғылыми-зерттеу қызметін енгізудің, сонымен қатар, оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетке даярлау негізгі ерекшелігі оның қолданбалы бағыттылығын, пәнаралық байланыстарды сәйкестендіретін оқудың мазмұны мен мақсатын нақты көрсететін жолдарын іздестіру болып табылады.

Ғылым – қоғамдық дамудың маңызды факторы. Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарысияқты қандай да бір үлгілерді қайта тудырумен байланыстырылады. Бұл өз кезегінде зерттеуді, зерттеу мақсаты мен бағдарламасын, оны ұйымдастыру ұстанымдарын анықтайды. Сондықтан, педагог тарапынан ғылыми-зерттеу ұстанымдары мен зерттеу әдістерін меңгеру, пайдалану оның практикалық іс-әрекетін ғылыми-практикалық іс-әрекетке айналдырады, ғылым мен практиканың нақтылы жағдайына талдау жасауға мүмкіндік тудырады.

Ғылым – адамдардың арнайы іс-әрекеттерінің нәтижесінде табиғат, қоғамның және ойлаудың объективті заңдарының үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі білім болып табылады. Ал, ғылым негізі білім екендігі белгілі.

Білім – шындықтың бейнелену формасы және тәсілі болғандықтан, онда заттың қасиеті, белгілері және өзара байланыстары қаперге алынған. Осы себепті, білімнің ғылымды ашудағы жұмыс істеу тәсілі, материалдық, рухани іс-әрекет болып табылады. Яғни, ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып үйрену, жүйелеу, қорытындылау және олардың жеке заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан тұрады.

Біздің көзқарасымызша, бұл тұжырым оқушылардың оқудағы зерттеушілік іс-әректін ұйымдастыру үшін маңызы бар. Соның ішінде іс-әрекетте сананың негізгі қызметін жүзеге асыруда:



  • бейнелік-ақпараттық;

  • бағдарланушылық;

  • коммуникативтік.

«Таным теориясы» кітабында (В.А.Лекторский және Т.Н.Ойзерманның редакциясымен) [28, 288-302б] бейненің даму үдерісі қарастырылады. Мұнда дамудың бірінші кезеңі белсенділіктің бағдары із болып табылады, сонда бейне қызметтік сипатқа ие болады. Дамудың келесі кезеңі – нервтік және нервтіу-психикалық бейнелеу. Бұл кезеңде белсенділіктен мінез-құлыққа ауысу пайда болады. Осылайша, тұлғаның дамуын бір бейнеден екінші деңгей ауысу арқылы, яғни белсенділіктен мінез-құлыққа, бейнеленуден ойлауға, сезімдік-сензитивтік бейнеленуден абстрактылы-ойлауға көшу ретінде түсіндіруге болады. Бұл кезеңдер тұлғаның дамуы мен іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Бізге қызықты кезең бейнеленудің даму кезеңі – ойлаудың қалыптасу кезеңі.

Ойлау – объективтік әлемнің ұғымдағы, пікірдегі, теориядағы және т.б. бейнеленуіндегі белсенді үдеріс, ол кез келген тапсырманың шешімімен, жалылауымен және әлемді тану тәсілдерімен байланысты. Біз баладан бейнеленудің дамуының ең жоғарғы деңгейін – ойлауды күтіп отыруға құқығымыз жоқ, егер балада бейнеленудің алдыңғы деңгейлері қалыптаспаса, оның дамуының бірінші кезеңі жүзеге асырылмаған. Өкінішке орай, біздің мектептеріміз ойлауы толықтай қалыптаспаған, ұғым, пікір, ой қорыту тәрізді ойлау формаларының толықтау немесе бөлшектей дамымаған оқушыларға бай екендігі туралы бақылауымыз қажет. Егер анықтамаға сүйенсек: «Ойлаудың жалпы мағынасын заттардың сезімдік және түсіндірмелік бейнесімен операция жасау үдерісі ретінде анықтауға болады», онда мектептің оқушылары «заттардың сезімдік және түсіндірмелік бейнелерімен» операция жасай алмайды деген сөз.

Тұлға және танымның дамуы, сонымен қатар өзін-өзі саналы түсіну – адамның өзінің «Менін» сезінуін білдіреді. «Таным актысының пайда болуы субъектінің танылған объектіден айырмашылығын ұсынады, онда дербес алғанда, нақты заттардың және сананың субъективті жағдайын ажырату да қамтылады».

Тұлғаның даму және таным дамуының үдерісі, көп жағынан сәйкес келеді, атап айтқанда: «Ойлаудың объектімен сәйкес келуі үдеріс болып табылады: ойлау (адам) өлі тыныштық, қарапайым сурет (бейне), ашық-түсті, ұмтылыссыз, қозғалыссыз ... түріндегі ақиқат ретінде көрінбеуі керек. Таным ол мәңгілік, ойлаудың объектіге шексіз жақындауы. Табиғаттың адам санасындағы бейнесін «өлі емес», «абстрактылы емес», «қозғалыссыз», «қарама-қайшылықсыз» ретінде түсінбеу керек, оның қозғалысының мәңгілік үдерісінде, олардың қарама-қайшылығы мен шешімінің туындауында» екендігін түсіну қажет. Сана, таным үдерісі, тұлғаның таным субъектісі ретінде дамуымен бірге, іс-әрекет те дамиды. Мұнда бірінші не дамитындығын, қандай даму себебі, қайсысы салдары болатындығын тұжырымдау қиын.

Іс-әрекеттің даму үдерісі оның жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі. «Адам іс-әрекетінің эволюциясы барысында оның дифференциациялануы жүреді. Танымдық іс-әрекет практикалықтан ерекшеленеді және рухани-практикалық іс-әрекеттің өзіндік түрі ретінде анықталады». Сонымен, авторлар зерттеушілік іс-әрекетті адам іс-әрекеті эволюциясының нәтижесі ретінде есептейді. Мұнымен келісу керек. Егер эволюция зерттеушілік іс-әрекеттің эволюциясы ретінде жалғасатындығын мойындасақ, онда осы эволюциялық үдерістің бағыттары мен нәтижелерін анықтау мәселесі туындайды.

«Танымдық іс-әрекет бейнеленуге және нақты заттардың қасиеттерін субъекттің жасанды жасайтын «заттар» ерекше жүйесінің көмегімен көрсетуге бағытталған». Бұдан, философия танымдық іс-әрекеттің негізінде заттардың қатысуымен бейнелену үдерісін ерекшелейді.

Танымдық іс-әрекеттің дамуы, жалпы жағдайда қадамдық сипатта, әрбір циклдің мазмұны мен формасы әртүрлі анықталады. Даму бейнеленуден кез келген материяның жалпы қасиеттері ретінде объективті нақтылықтың белсенді ең жоғарғы формасы, мақсатқа бағытталған, субъектінің жалпы тануының маңызды байланыстары мен заттардың және құбылыстардың қарым-қатынасына ортақтастырылған - ойлауға өтеді. Даму сезімдік-сензитивтік бейнеленуден абстрактылы-ойлауға көшеді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы бізге, даму ұғымын материя, сана, іс-әрекеттің бөлінбейтін қасиеті ретінде, ондағы алдыңғы қатардағы бағыттағы сандық және сапалық өзгерісіндегі күрделі диалектикалық үдеріс ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен, объекті, зат және олармен байланысты зерттеу мәселесінің тірек ұғымдарын философиялық деңгейде талдау келесідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді:

1) тірек ұғымдарды анықтауда біз олардың философиялық қырларын ескеруіміз қажет;

2) іс-әрекет үдерісінде адам өз сапасын көрсетіп қана қоймау, оларды қалыптастырады;

3) танымды тұлғаның дамуы өзін-өзі саналы сезінуін дамытады. Бірақ егер субъективтік әлем бар жағдайда ғана;

4) субъективтік әлемді, өзіндік «Менін» қалыптастыру үшін, оның барлық деңгейінде, кезеңінде таным субъектінің объективті әлемді белсенді бейнелеуі болғандықтан, бейнелену үдерісін меңгеру қажет;

5) таным дамуы және тұлғаның дамуы көп жағынан сәйкес келеді. Бұдан, танымды ұйымдастыра отырып, біз тұлғаны дамыту үшін шарттарды құрамыз. Мұнда таным, тұлға, сана және іс-әрекеттің дамуы жүзеге асырылады.

6) сана мен білімнің жақындығын мойындау арқылы, біз тұлғаның білімі мен дамуын оның білімді, бірінші кезекте іс-әрекет туралы және іс-әрекет тәсілдері туралы білімді меңгеру жолымен қамтамасыз етуге болады;

7) ойлау – кез келген материяның ажырамас қасиеті ретіндегі даму нәтижесі. Зерттеудің диалектикалық әдісін әдіснамалық ретінде анықтау арқылы, біз диалектика тұрғысанан зерттеу мәселеміздің сипатын анықтадық. Диалектиканың мәні – объективті нақтылық әрқашан даму үстінде болады деген өрнекпен анықталуы мүмкін. Бірақ зерттеушілік іс-әрекет, білім алу және оқушының оның барысында тұлға ретінде дамуының диалектикалық құбылыспен қатынасы бар ма? Оқушының зерттеушілік іс-әрекеті объективті нақтылықтың бөлігі болып табылады. Бұдан, зерттеушілік іс-әрекет дамиды. Бұл үдерісте талдауда келесідей аспектілерді ескеру қажет:

- біріншіден, оқыту (бұдан, зерттеушілік іс-әрекет) диалектика заңдарына бағына отырып қоғамдық құбылыстардың бір көрініс ретінде дамиды;

- екіншіден, оқыту (бұдан, зерттеушілік іс-әрекет) оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру үдерісінде дамиды;



- үшіншіден, оқыту (бұдан, зерттеушілік іс-әрекет) дамудың ішкі ерекше заңдылықтарына байланысты дамиды. Барлық үш тұжырымды да неміс педагогы Лотор Клинберг [29, 34-43б] ерекшелеген.Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының білім беру мен дамыту объективті болғандықтан, оларды дамытудың қозғаушы күші диалектикалық тұрғыдан қарама-қайшы болып табылады. Негізгі оқыту үдерісіндегі қарама-қайшылық ретінде М.А.Данилов [30, 32-43б], В.И.Загвязинский [31, 192-210б] және т.б. зерттеушілер оқушыларға қойылатын жоғары талаптағы жаңа мен оқушылардың бұрыннан бар білім қоры, білік пен дағдысының қалыптасу деңгейінің арасындағы қарама-қайшылықты ерекшелеген. Елімізде болып жатқан эконимакалық өзгерістерге байланысты жалпы білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да өзгеруде. Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігін терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Бұл мақсаттың шешімін табуда оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрі – өзіндік жұмыстардың алатын орны ерекше. Сондықтан олардың мазмұнын, формаларын жетілдіру өзекті мәселелер қатарынан орын алады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысыныз жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық есептерді шешу талап етіледі.Осының нәтежиесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы туралы мәселе көне заманнан бастау алады. Ежелгі грек философтары (Сократ, Платон, Аристотель) баланың өз бетімен білім алуының мәнділігін ерекше атап өткен болатын. Оқытудың тиімділігін арттыру құралы ретіндегі оқушылардың өзіндік жұмысы туралы пікір Я.А.Коменскийдің, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервегтің, К.Д.Ушинскийдің және т.б. еңбектерінде тереңдетілді.
Р.Г.Лемберг, Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өзіндік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталды.
Соңғы он жылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағытта қарастырылды:
– оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);
– оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.Н.Половникова);
– дербестік- өзіндік ұстаным, рухани-практикалық білім ретінде (Л.П.Буева, С.Т.Зырянов);
– дербестік – жеке тұлѓаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова-Славская, К.К.Платонов).
Көрнекті психологтар Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов зерттеулерінің нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық мүмкіндіктері айқындалды. Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н. Леонтьев оқыту мен дамудың өзара байланысын ашып көрсетті. Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемалары А.Х.Аренова, Н.Н.Светловская, А.Я.Савченко, М.И.Моро, В.КБуряк, Н.К.Калашникова және т.б. мазмұнды еңбектерінде кеңінен қарастырылды.
Оқушының даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың белгілі ғылым саласына қатысты қабілетін дамытуға, алған білімін өз бетінше жетілдіруге, толықтыруға және оны жаңа жағдайларға шығармашылықпен қолдана білуге мүмкіндік жасау қажет. Сондықтан оқушылардың оқу процесіндегі өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру педагогика ғылымының өзекті проблемасы ретінде біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынады.
Жоғарыда аталған психологтар мен педагог-ғалымдардың еңбектерінде оқытудың мақсаты оқушыларға “оқу” деңгейінен “өздігінен білім алу” деңгейіне мүмкіндік беретіндей нақты шығармашылы әрекеттерді меңгерту екендігі айтылған. Бүгінгі мектеп үшін оқушылардың өзіндік жұмыстары мәселесі жаңалық емес, бірақ қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құруларға байланысты жалпы білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай оқыту үдістерін, құралдарын жетілдіру аса қажет. Демек, зерттеу жұмысының көкейкестілігі Қазақстандағы жаңаша білім беру жүйесіне сәйкес оқыту процесін жетілдіруге ықпал ететін өзіндік жұмыстардың сапасын арттыру қажеттілігіне байланысты тәжірибе талабынан туындайды.
Негізгі бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері
1.1 Педагогика ғылымында оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы
Бастауыш сыныптарды оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Білімнің негізі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардыѕ өз бетінше жұмыс істей білу іскерлігін де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаѕа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп, тұжырымдау, есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс -әрекетін бақылау жасай білу т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру – оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мәселенің зерттелу тарихы көне замандардан бастау алады. Көне грек оқымыстылары Архимед, Аристоник, Платон, Аристотель баланың білімді өз еркімен, белсенді және ізденімпаздықпен меңгеруінің мәнін терең, әрі жан-жақты тұжырымдап берді. ұлы ғұламалар өз ой-пікірлерінде адамның ойлауы өз бетімен жұмыс істеу әрекетінде ғана дұрыс дамитынын, ал жеке тұлғаны жетілдіру және оның қабілеттерін дамыту өздігінен танып-білудің нәтижесінде ғана мүмкін болатынын (Сократ), мұндай іс-әрекет балаға қуаныш пен ләззат сыйлап, оның жаңа білімді алуға немқұрайлы қарауын шектейтінін дәлелдеді. Бұл қағидалар мектеп пен педагогикалық ой-пікірлер дамуының барлық келесі кезеңдерінде көптеген педагог-ғалымдар зерттеулерінің пәні болып табылды.
Өздігінен жұмыс іс-әрекеті проблемасы әрі қарай Франсуа Рабе, Мишель Монтен, Томас Морр, Томаза Компонелла еңбектерінде қарастырылады. Бұл ойлар орта ғасырдағы мектептерде схоластика, догматизм, жаттандылықтан арылу үшін баланың ізденімпаздығын қалыптастыру талабынан туындаған еді. Ол үшін балаға өздігінен жаңа білім алып, заттың дәмін өз бетімен татып көру керек (Монтен), яғни танымның жолын өзі тадағаны жөн.
Өскелең ұрпақтың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шетел және отандық педагогиканың көрнекті цикілдері мұраларында басты орын алды.
Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің еңбектерінде оқушыларды өзіндік іс-әрекетке тартудың ұйымдастырушылық-практикалық мәселелері терең қарастырылды. Мұнда проблеманың негізгі қағидаларының теориялық тұжырымдамасының пәні – оқыту, оқушының іс-әрекетінің табиғатын терең зерттемей және талдамай мұғалімнің әрекет етуі болады, ол бірнеше жылдар бойы жемісті дамытылды және қазіргі дидактикада да белгілі орын алады.
Я.А.Коменский «Выход из школьных лабиринтов» атты ењбегінде оқушылардың дербестігі табиғи нышанында дейді. Ол оқушылардың білім дербестілігі мен өзіндік әрекеттілігінің әрбір кезеңдерін грек терминдерімен белгілейді, атап айтқанда:
1. Автопсия (өзіндік бақылау);
2. Автопрасия (практикалық жүзеге асыру);
3. Автохресия (алған білім, біліктілік және дағдыларын жаңа жағдайларда қолдану);
4. Автолексия (өз іс-әрекеті нәтижелерін өз бетімен баяндай білу іскерлігі).
Бірақ Я.А.Коменский балалардың табиғи нышандарын оқыту әдістерімен байланыстыра алмады.
Оқыту барысында оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерінің жекеленген аспектілерін ашып көрсетуге, оқытудың тәсілдерін бірізділікпен сипаттауға, оны оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында пайдалануға және оған философиялық-психологиялық, физиологиялық және дидактикалық тұжырымдама беруге талпыныстар мен ұмтылыстарды ең алғаш рет К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдыњ басындағы озық ойлы педагогтар жасады.
К.Д.Ушинский “Халық мектебі білімінің міндеті балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту, айналасын қоршаған табиғат пен қоғамдық қатынастарға олардың табиғи түрде дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, олардың өздігінше құратын өмір мен әрекетке қабілетін дұрыс жетілдіру”,- дейді (56, 123). Ол мектеп білімі арқылы баланың ақыл-ой қабілетін, ойлауын, сөзін т.б. қаншалықты дамыту (формальдық білім теориясы) қажет болса, оны заманының жүйеге түскен білімдерімен қаруландыру (материалдық білім беру) да соншалықты қажет екендігін айтты. Білім берудегі бұл екі міндет бір-бірінсіз болуы мүмкін емес, сол сияқты оларды бір-біріне қарсы қою да теріс. Сондықтан білімнің осы екі бағыты бірігуі тиіс, яғни оқу баланы ақыл-ой және адамгершілік жақтарынан дамытатын тұтас процесс болғандықтан, оқу үстінде баланың тиісті білімдерімен қоса ақылын да байыту, сол сияқты формальды әрекеттерді, дағдылары және қабілеттерін де дамыту ісі жүргізілуі тиіс деп дәлелдеді. Сөйтіп, ол дидактиканың негізгі проблемасы – формальдық және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті.
К.Д.Ушинский оқытудың догматикалық әдістері мен мектепте құрғақ жаттауды қатты сынады. Ол мұғалімнің де, оқушының да жұмысын, іс-әрекетін шығармашылық процесс деп қарастырды. Ал оның негізі – ойдың, ақылдың жұмысы. Оқу – еңбек және күрделі еңбек болуға тиіс, бірақ оқудың қызықтылығы терең ақыл-ой жұмысына байланысты болатындай толық мәндегі еңбек болатын болсын деген талап қойып, оқушылардың өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлді.
Оқушылардың өзіндік іс-әрекетін, олардың өзіндік жұмыстарды орындауын К.Д.Ушинский «қандай да болмасын жемісті оқудың бір ғана берік негізі» – деп есептеді. Бұл жерде оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін атап көрсетеді: «үнемі балаға өзінің әлі жететіндей жұмыс беру керек және оған тек күші жетпей жатқанда ғана көмектесу қажет, бұл көмек баланың жасы өскен сайын әлсірей түсуі тиіс» (56, 41). Мұның барлығы К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында өзінен бұрын өмір сүрген және сол кезеңдегі әріптестеріне қарағанда оқушылардың өзіндік жұмысы ілімінің дамуында маңызды қадам жасалғанын дәлелдейді.
Оқушылардың өзіндік жұмыс идеясы біршама басқаша аспектіде Л.Н.Толстойдың мектептегі тәжірибесінде дамытылды. Немістің теориялық оқытуында етек алып, Батыс – Европа мен орыс мектептерінің іс-тәжірибесінде таратылған оқыту теориясы мен практикасындағы интеллектуализмді сынай отырып, Л.Н.Толстой балаларды оқытудың құнды тұжырымдамасын жасайды. Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидасы – баланың өмірлік тәжірибесін есепке алу, оқыту процесіндегі өзіндік жұмыс арқылы оның әрекетіне ерік беру. ¬¬¬¬Өзіндік іс – әрекет теориясын педагогика, физиология және психология ғылымдарының тығыз байланысы негізінде жасаған К.Д. Ушинскийден айырмашылығы Л.Н. Толстой бұл мәселеде өз тәжірибесіне сүйенді. Дербестікті дамытудың негізгі факторлары ретінде Л.Н. Толстой оқушының жеке тәжірибесі мен оның қоршаған ортасын ерекше атап өтті.
Н.К. Крупская, А.И. Луначарский, П.П. Блонский, С.Т. Шацкий, А.П. Пинкевич, М.С. Пистрак және т.б. еңбектерінде өзіндік жұмыс проблемасы білімдік, дидактикалық және жалпылама тұрғыдан терең қарастырылады.
Н.К. Крупская бұл теорияны оқушылардық дербестігін қалыптастыру проблемасын табысты шешу оқытуды өмірмен тығыз байланыстыру арқылы ғана жүзеге асырылады деп тұжырымдады. Бұл қағида А.В.Луначарскийдің, П.П.Блонскийдің және т.б. еңбектерінде жан-жақты нақтыланып, сапалы түрде айқындалды.
20-30 жылдары педагогика ғылымында өзіндік жұмыстың мәнін айқындауға, өзіндік жұмыстарды пайдаланудағы мектеп тәжірибесін сипаттауға көңіл бөліне бастады. Бұл кезең өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік аспектісін жасау, әсіресе оқулықпен және кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне бай болды. Дәл осы кезеңде Н.К. Крупскаяның “Кітаппен қалайша өздігінен жұмыс істеу керек” мақаласы жарық көрді, ол педагогикалық ортаға жақсы танымал болды. Бұл мақалада кітаппен жұмыс істеудің әдістемесі жан-жақты беріледі. Педагог-теоретиктер мен мұѓалім- практиктердің күш салуының арқасында бұл кезеңде кітаппен жұмыс істеудің белгілі бір жүйесі қалыптасып, оның нақты түрлері бөліп көрсетілді: сыныпта оқылған параграфты әңгімелеп беру, оқылған материал бойынша жоспар құру, оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс, оқулықтың материалы негізінде схемалар, кестелер, диаграммалар құру және т.б. (28, 47).
30-шы жылдардың аяғы мен 40-шы жылдардың басында алдыңғы қатарлы педагогтар Р.М. Микельсон, Е.Я. Голант, П.Н. Груздев, кейіннен 50-ші жылдардың ортасы мен 60-шы жылдардың басында И.Т. Огородников, М.Н. Скаткин және т.б. сабақта оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын кеңінен қолдануға жүйелі түрде кірісіп, өзіндік жұмыстың дидактикалық-әдістемелік аспектілерін ашып көрсетуге көп көңіл бөлді. Осы кезеңде өзіндік іс-әрекет процесі мен құрылымының мәнін зерттеу не жаңа материалды меңгеру барысында оқушылардың психикалық процестерін, не өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін қарастыруды көздеді, әсіресе соңғы проблемаға көптеген теориялық және эксперименттік зерттеулер арналды. Мұндай зерттеулердің тақырыптары сан алуан бола отырып, орта мектептегі барлық сыныптарда оқу процесінің бөлімдерін қамтыды. Мұнда сабақ жүйесіндегі өзіндік жұмыстардың ролін түсіндіруге, жаңа материалды мұғалімнің түсіндіру барысында оқушыныњ өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі мен олардың мазмұнын анықтауға, жаңа материалды өздігінен оқып-үйрену, білім, білік, дағдыны бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны кезектегі тексеру, оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс ісБілім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.



Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуының жетекші ролін атқаруда мектеп оқушылары алған біліммен шектеліп қана қоймайды, оны әрі қарай өздерінен белсенді, нысаналы танымдық нәтижесінде игеруі тиіс. Оны жүзеге асыру оқушылардың белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдері мен әдістері нысандарын іздестіруге  өзекті сыйпат береді.  Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор.  Себебі өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың нәтижесінде оқушылардың дербестігі артады. Өзіндік жұмыстар дегеніміз- оқу жүктемесін мұғалімнің көмегінсіз даярлау болып табылады. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру өздігінен жұмыс істеуге баулу. Білім алуда оқушылардың белсенділігі мен саналылығы, білім алу дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Адамның қандай да болмасын әрекеті белгілі қажеттіліктерден туады. Осы қажеттіліктерді өтеу немесе қанағаттандыру үшін ғана адам белсенді әрекет жасайды. Оқушылардың таным әрекеті білім алу қасиетімен ұштасып жатады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдысын меңгерту ғана емес, оларды өмірде ,практикада пайдалана білуге,  үйренуге істейтін саналы әрекет. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының  зейін қойып  тыңдай білуі, ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы, жазу, сызу сияқты жұмыстары орындалу қажет. Өйткені, өткен материалды саналы түрде қайталау, білім алу, дағдыларын үйрену белсенділігі қажет етеді. Яғни, оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау жүргізу  барысында қалыптасады. Оқу барысында оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады. Бірінші-сыртқы белсенділік, екінші –ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері. Олар мыналар: Белсенді қимыл қозғалыстары,практикалық әрекеттері, мұғалімнің  зейін аудара қарауы, мимикасы. Оқушының ішкі белсенділігіне белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Оқушы белсенділігі бір қалыпты болмайды. Оқушының жас ерекшеліктеріне, жеке психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды.

Оқушыларда осындай шеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда ойдағыдай оқып, өзбетінше оқып жұмыс істей алмайтынын В.А Сухомлинский ескерткен. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу –құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттерімен жұмыс істеу, шығармашылық жаттығу бақылау, эксперимент.Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және   шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары. Мысалы, жай жату,көшіріп жазу, мұғалімнің берген сұрақтарына жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтардағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақта ана тілінен өтілген тақырыпқа ұқсас үйде мәтінді құрастырып оқу.Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі-оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.   Ана тілі пәнін оқытқанда оқушыларды мынадай жұмыстарды орындауға үйрету пайдалы:

1. Оқу: түсіндірмелі, мәнерлеп,  рөлдерге бөліп, жаттау, баяндау, сұрақ-жауап.

Бұлар көбінесе ана тілі сабағында ауызша жүргізіледі.



2. Жоспар: мазмұндама, шығарма, жазу, талдау.  Бұл жазбаша түрде жүргізіледі.

Осы жұмыстарды түрлендіріп, күрделендіріп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмысы етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сондай-ақ оқушылардың өзіндік жұмыстарын олардың танымдық іс-әрекетінің  ерекшеліктеріне қарай әртүрлі бағытта ұйымдастыруға болады.Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыруОқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.Математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға, олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» — көрсеткен болатын.Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

  1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

  2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.

  4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, сауалнама,өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.Соның ішінде мен бірінші сауалнамаға тоқталғым келіп тұр. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.

 

 



 

 

 



 

 

 



Сонымен, бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарын дамыту олардың зерттеушілік іс-әрекетін дамытумен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет