1.2 Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының зерттелуі
Дүниеде мыңдаған мамандық түрі бар. Солардың барлығы адам үшін, адамзаттың өсіп-өнуі үшін керек. Сол мамандықтардың ішінде адамды тәрбиелеу — ең жауаптысы. Осы мамандық туралы Ы. Алтынсарин «Ұстаз — мектептің жүрегі» деп текке айтпаса керек. Бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышым деп санаймын. Бойына — қуат, жүрегіне — жарық жігер беріп, өрге сүйрейтін де, жанына — азық, өміріне — өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға жасаған жоспарында балаларды сауатты етіп шығаруға барынша көңіл бөлінген. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ. Жан-жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін теориялық білімді тәжірибеде тиімді пайдаланумен үйлестіру үшін кең мүмкіндіктер берілуде. Бұл тұрғыда бастауыштың негізгі міндеті — бала қабілетін ашып, дамыту, оқуға деген іскерлігі мен ықыласын қалыптастыру.
Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан-жақты қалыптасқан, бәсекелестікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине, мен де өз тәжірибемде әртүрлі жаңа технологиялардың элементтерін қолданамын. Бірақ оқушыларды білімді игеруге біраз проблемалар туындайды.
Солардың ішінде:
оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде;
берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау;
берілген тапсырманы толық жүйелі түрде орындамау;
алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы;
Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескеріп, мұндай жұмыстарды іске асыру үшін оқушыларды өз бетінше ойлана білуге дағдыландыру, ой түюге, қорытындылар жасай білуге машықтандыру, өздігінен жұмыс жүргізу қабілеттерін дамыту — қазіргі кезеңде оқыту процесімдегі ең өзекті мәселе. Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, білімді өздігінен табу, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Әр оқушыға оның мүмкіндіктерін ашып көрсету;
Әр оқушының ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыру;
Өз бетімен дами алатын оқушыларды тәрбиелеу;
Өз бетімен жұмыс жүргізе алатын оқушыларды орта буын мектепке шығару;Оқу үрдісінде оқушының өз бетімен жұмыс істеуге қызықтыратын келесі ұйымдастыру формаларды қолданамын:
1.Сабақ үстінде — жаппай ынтымақтастық;
2.Сабақтан тыс — топтық, ұжымдық;
3.Сабақта, сабақтан тыс жұмыста — жұптық тапсырмалар;
4. Жеке жұмыс — жоспар бойынша дарынды балалармен жұмыс;
Оқушының өздігінен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыруда алғашқыда оқулықтағы кейбір жаттығулар негіз болады. Мысалы:Қазақ тілі. Сызба бойынша сөйлем құрастыр.
Математика. Кері есептер құрастыр. т/б.Осындай жұмыстарды іске асыруда, оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген әдіс — тәсілдер бірыңғай болмай, алмасып келіп отыруы керек. Бір типті жұмыстар баланы жалықтырып жібереді. Тек қана шығарма немесе мазмұндама ала берсең, бала дұрыс нәтиже де бермейді; немесе, математика сабағында мысал орындата берсең, есеп шығаруға қызығушылығын оята алмасаң, бала бойында өз бетімен жұмыс түгілі міндетті деңгейді де ұғындыру қиынға созады.Өздігінен оқушының орындайтын тапсырмалардың түрлері:
теріп жазу;
бақылап белгілеу;
үлгіге қарап орындау;
құрастыру;
сәйкестендіру;
үйлестіру;
түрлендіру;
ВЕНН диаграммасымен салыстыру;
Жоба бойынша жұмыс істеу; т/б.
Осы әдіс — тәсілдерді алмастырсақ, баланың пәнге, оқуға қызығушылығын оятып, қабілеттерін ұштап отырсақ, өз бетімен ізденуге талпыныс пайда болады. Осындай игі жұмыстардың арқасында баланың өздігінен іздену, жұмыс істеуге талпыныстары күшейе түседі де, бойында белгілі бір қасиеттер пайда болады:
іс жүзінде білімін қолданып көру;
өз ойын жүйелеп жеткізу;
талас, пікірталас, ой талас;
Содан соң, оқушыны аса қызықтыратын, қалауы мол әдіс — тәсілдерді жиі қайталау керек. Кейде балалар өздері сұраныс тудыратын кездері болады. Оған, әрине, келісу керек.Өз сабақтарымда өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу мақсатымен көптеген әдіс — тәсілдерді қолданудамын.Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануға болады.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән — мағынасын ұйымдастырудың тәсіл — амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.Сабақтарда оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, қолдануға, өз бетімен ізденуге жағдай жасауымыз керек. Біздің айтқанымызды, түсіндіргенімізді қайтадан өзімізге ғана айтып қоймай, түрлі қосымша тапсырмаларды алып, интернеттен, ақпарат көздерінен материал жинайды, сабақта реферат етіп жазған сол жаңалықтарын оқып, қысқаша ауызша айтып қорғайды. Ол үшін оның өткен жылдары алған білімдері, дағды, шеберліктері негіз бола алады. Сондықтан өздік жұмыс істеуге, өз бетімен жұмыс істеуге ерте кезден үйреткен жөн.Американдық психологтардың анықтамасы бойынша өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – бұл, өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, жеке тұлғада өз бетімен жұмыс істеуге деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет.
Ол үшін мұғалім мынадай мақсатты алға қою керек:
1. Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
2. Оқушыларды өз пікірі бар, дара тұлға етіп тәрбиелеу.
3. Біліміне сай келетін бағдарды, мамандықты өзі таңдап алатындай дәрежеге жеткізу.
Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып, оқыту сапасын арттыруы қажет. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті - кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру ғана емес,оларды өмірде практикада пайдалана білу, үйрену. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін,оқушының зейін қойып тыңдауы,ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы, жазып, сызу сияқты жұмыстар орындау қажет.
Өзіндік жұмыс - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:
- Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.
- Оқушының жұмыстарына бағыт беру.
Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың да бастамасы.Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың бір саласы – оқу. 3-ші сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Әдебиеттік оқу сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады. Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту.Мысалы,қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлеріне тоқтала кетсек: ертегілерге байланысты салынған суреттермен жұмыс, қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімелерді өзбеттерінше оқып мазмұнын айту, тақырыптардың авторлары (ақын, жазушылар) және олардың өмірбаяны туралы қосымша деректер, сюжетті суреттермен жұмыс, оқыған әңгімелері бойынша сурет салу, мазмұндама немесе шығарма жазу, тақырыптаы өз бетінше аяқтау, бөлімдерге бөлу, ат қою, сұрақтарға жауап әзірлеу, газет, журнал материалдарымен жұмыс, сахналық көріністер әзірлеу сияқты жұмыс түрлерін тапсыруға болады.Математикадан мынадай тапсырмалар орындатуға болады:
1.Оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;
2.Оқытушыдан алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ оқытушының басқаруын пайдаланған жағдайда;
3.Алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда;
4.Оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау арқылы жаңа қорытынды,анықтама шығаруға болатын тапсырмалар;
5.Арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған;
6.Есептеу тәсілдерін игеруге арналған: ұқсастық пен айырмашылықты ажырату, талдауға арналған;
7.Белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысына арналған;
8.Байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру;
9.Дидактикалық ойындар, қызықты тапсырмалар.Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуіне баулу негізінде ғылыми жұмыстармен айналасуы негіз бола алады.Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай талаптарды орындау керек:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек.
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.
7) Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
8) Өзіндік жұмыс сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.
9) Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім белгілі бір әдіс-тәсілді,жаттығу түрін қолданған кезде қандай қабілеттерінің дамитынын немесе оқу барысында қандай дағдыға үйрену керектігін,алдына мақсат қоюда неге сүйенуі қажеттігін және олардың психологиялық ерекшеліктеріне негіздеу керек.Әр уақытта мұғалім жұмыс түрін таңдау кезінде осыларды басшылыққа алу керек.Мысалы, мәнерлеп оқу кезінде сөйлеу және есту қабілеттері дамиды.Психологтардың зерттеулеріне сәйкес орта буындағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне бастауыш сыныппен салыстырғанда осы сыныптарға бөлінген материалдарды кеңейте оқыту көзделеді.Бұл оқу бағдарламаларында және осы буын оқушыларына арналған оқулықтарда ескертілген.
Барлық оқыту пәндерінде оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау түрлері беріледі. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы-оқушының өз беттерімен орындай алуларына,сабаққа белсенділігінің артуына,шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыстарды сабақтарда қолдану барысында оқушы тынымсыз ізденеді.Баланың жан-жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулиды.Қорыта айтқанда, өзіндік жұмыс — шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетіндік әрекетінсіз дамыту мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.Бейімділік — оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануға болады.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән — мағынасын ұйымдастырудың тәсіл — амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды.Сабақтарда оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, қолдануға, өз бетімен ізденуге жағдай жасауымыз керек. Біздің айтқанымызды, түсіндіргенімізді қайтадан өзімізге ғана айтып қоймай, түрлі қосымша тапсырмаларды алып, интернеттен, ақпарат көздерінен материал жинайды, сабақта реферат етіп жазған сол жаңалықтарын оқып, қысқаша ауызша айтып қорғайды. Ол үшін оның өткен жылдары алған білімдері, дағды, шеберліктері негіз бола алады. Сондықтан өздік жұмыс істеуге, өз бетімен жұмыс істеуге ерте кезден үйреткен жөн.Американдық психологтардың анықтамасы бойынша өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – бұл, өз бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті. Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру психологиялық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, өз бетімен жұмысты ұйымдастыру дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен бағаланады. Ең бастысы, жеке тұлғада өз бетімен жұмыс істеуге деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы қажет.
Ол үшін мұғалім мынадай мақсатты алға қою керек:
1. Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
2. Оқушыларды өз пікірі бар, дара тұлға етіп тәрбиелеу.
3. Біліміне сай келетін бағдарды, мамандықты өзі таңдап алатындай дәрежеге жеткізу.Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып, оқыту сапасын арттыруы қажет. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын қамтиды. Оқыту әдісінің міндеті - кіші мектеп жасындағы оқушылардың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру ғана емес,оларды өмірде практикада пайдалана білу, үйрену. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін,оқушының зейін қойып тыңдауы,ал оған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылауы, тәжірибе жасауы, жазып, сызу сияқты жұмыстар орындау қажет.
Өзіндік жұмыс - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:
- Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.
- Оқушының жұмыстарына бағыт беру.
Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың да бастамасы.Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілін дамытудың бір саласы – оқу. 3-ші сыныптарда оқу техникасын жетілдіруге көп көңіл бөлінеді. Әдебиеттік оқу сабақтарында өз бетінше мәтінді мәнерлеп оқуға жаттығады. Кіші мектеп жасындағы өз бетінше оқуға үйретудің сапалы болуы оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту.Мысалы,қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлеріне тоқтала кетсек: ертегілерге байланысты салынған суреттермен жұмыс, қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімелерді өзбеттерінше оқып мазмұнын айту, тақырыптардың авторлары (ақын, жазушылар) және олардың өмірбаяны туралы қосымша деректер, сюжетті суреттермен жұмыс, оқыған әңгімелері бойынша сурет салу, мазмұндама немесе шығарма жазу, тақырыптаы өз бетінше аяқтау, бөлімдерге бөлу, ат қою, сұрақтарға жауап әзірлеу, газет, журнал материалдарымен жұмыс, сахналық көріністер әзірлеу сияқты жұмыс түрлерін тапсыруға болады.Математикадан мынадай тапсырмалар орындатуға болады:
1.Оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;
2.Оқытушыдан алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ оқытушының басқаруын пайдаланған жағдайда;
3.Алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда;
4.Оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау арқылы жаңа қорытынды,анықтама шығаруға болатын тапсырмалар;
5.Арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған;
6.Есептеу тәсілдерін игеруге арналған: ұқсастық пен айырмашылықты ажырату, талдауға арналған;
7.Белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысына арналған;
8.Байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру;
9.Дидактикалық ойындар, қызықты тапсырмалар.Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуіне баулу негізінде ғылыми жұмыстармен айналасуы негіз бола алады.Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай талаптарды орындау керек:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек.
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.
7) Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
8) Өзіндік жұмыс сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.
9) Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өздігінен орындайтын жұмысты ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім белгілі бір әдіс-тәсілді,жаттығу түрін қолданған кезде қандай қабілеттерінің дамитынын немесе оқу барысында қандай дағдыға үйрену керектігін,алдына мақсат қоюда неге сүйенуі қажеттігін және олардың психологиялық ерекшеліктеріне негіздеу керек.Әр уақытта мұғалім жұмыс түрін таңдау кезінде осыларды басшылыққа алу керек.Мысалы, мәнерлеп оқу кезінде сөйлеу және есту қабілеттері дамиды.Психологтардың зерттеулеріне сәйкес орта буындағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне бастауыш сыныппен салыстырғанда осы сыныптарға бөлінген материалдарды кеңейте оқыту көзделеді.Бұл оқу бағдарламаларында және осы буын оқушыларына арналған оқулықтарда ескертілген.
Барлық оқыту пәндерінде оқушыларға өз бетімен жұмыс жасау түрлері беріледі. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы-оқушының өз беттерімен орындай алуларына,сабаққа белсенділігінің артуына,шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыстарды сабақтарда қолдану барысында оқушы тынымсыз ізденеді.Баланың жан-жақты ойлауына үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады Бастауыш сыныптарда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге баулиды.Қорыта айтқанда, өзіндік жұмыс — шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетіндік әрекетінсіз дамыту мүмкін емес. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының мақсат пен мотивтері болады. Қазіргі ғылымда мақсат іс-әрекетті орындау жолымен жететін нәтиже ретінде анықталады. Мақсат ұғымын С.Л.Рубинштейн нақты анықтады: «... адамның әрекеті әрқашан нақты нәтижеге бағытталады ... Нәтижелердің біреуі әрекет етуші субъектінің саналы мақсаты болып табылады». Көрсетілген әдіснамалық жағдайды зерттеушілік іс-әрекет қатынасында жүзеге асыра отырып, біз келесідей тұжырымдаймыз. Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының барысында алынатын басты нәтижені анықтау қажет. Бастауыш сынып оқушылары оқу-танымдық зерттеушілік іс-әрекетін орындай отырып, олар үшін жаңа білімді; осы жаңа білімді алуға мүмкіндік беретін білік пен дағдыны меңгереді. Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» – көрсеткен болатын.
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.
Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:
1. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
а) мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
ә) жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру – күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).
Өзіндік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өзіндік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).
3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өзіндік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.
7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет.
Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.
Қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.
Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше грамматикалық талдау жасауы төменгі сыныптардың өзінде-ақ іске асырыла бастайды.
1-сыныптың балалары оқу жылының екінші жартысынан бастап тақтадан, болмаса оқулықтан қысқа мәтіндерді көшіріп жазатын болады, кейбір сөйлемдерді бөліп, жеке айырып жазып қояды, мұғалім астын сызып көрсетіп берген сөздерді жазып алады, кеспе әріптерден сол сөздерді құрастырып, сөздің әрқайсысын буынға бөледі, мәтіннен көшіріп жазып алған сөздердегі дауысты және дауыссыз әріптерді көрсете алатын болады.
2-сыныптың балалары нәрсені, сапаны, әрекетті білдіретін сөздермен танысып болғаннан кейін, олар мәтінде кездескен сол сөздерді өз беттерінше тани біледі, оған өздерінше сұрақ қоя алады. Заттың атын, сапасын, әрекетін білдіретін сөздерді алдымен жеке-жеке, содан соң топтап жазады, ол сөздердің астын сызып қояды. Содан кейін заттың атын білдіретін сөздерді, оның сапасын болмаса әрекетін білдіретін сөздермен біріктіріп құрастырады. Сол сияқты 2-сыныпта сөздерді буынға бөлу, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды табу, сөз екпіні түсетін буындардың астын сызып қою, екпінді дауысты дыбыстарды табу балалардың өз беттерінше істейтін жұмыстары есебінде жүргізіледі. Сөздің түбірімен танысып болғаннан кейін балалар мұғалімнің оқып берген мәтініндегі біріне-бірі ұқсас сөздердің астын сызып, көшіріп жазуға дағдыланады. Балалар біраз уақыт дағдыланғаннан кейін сол түбірге ұқсас түбірлі сөздерді іздеп табуға жаттығады. Өз бетінше жұмыс істеудің бұл түрлері кейінгі сыныптарда да кеңінен қолданылады.
3 және 4-сыныптарда балалардың өз бетінше грамматикалық талдау жасауын ұйымдастыру кең өріс алатын болады. Балалар өз беттерінше сөзге морфологиялық, грамматикалық талдау жасайды. Жазбаша грамматикалық талдау жұмыстарын алғашқыда сызба бойынша өткізген қолайлы. Сызба балалардың зейінін тәртіпке келтіреді, сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын есте сақтауға жәрдемдеседі және әртүрлі грамматикалық тұлғаларды өзара салыстыруға мүмкіндік туғызады. Сызбаны пайдаланбай мәтінді жазбаша грамматикалық талдау жасау көбінесе бақылау жұмыстары сияқты болып жүргізіледі. Балалардың өз беттерінше қандай да болсын грамматикалық талдау жасау түрлері грамматика және орфография сабақтарының бір бөлімі болып өтуге тиіс.Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек.Өздігінен орындайтын жұмыста ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын басқару ісі 1-сыныптан басталады. Ал, 3-сыныпта жүргізілетін жұмыстар 2-сыныпқа қарағанда мазмұны және көлемі жағынан күрделі болады. Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі үдеріс болғандықтан, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай біртіндеп дамиды.Ана тілі сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстарының түрлеріне тоқтала кетсек: ертегілерге байланысты салынған суреттермен жұмыс, қима қағаздар түрінде жасалған шағын әңгімелерді өз беттерінше оқып мазмұнын айту, тақырыптардың авторлары (ақын, жазушылар) және олардың өмірбаяны туралы қосымша деректер, сюжетті суреттермен жұмыс, оқыған әңгімелері бойынша сурет салу, мазмұндама немесе шығарма жазу, тақырыпты өз бетінше аяқтау, бөлімдерге бөлу, ат қою, сұрақтарға жауап әзірлеу, газет, журнал материалдарымен жұмыс, сахналық көріністер әзірлеу сияқты жұмыс түрлерін тапсыруға болады.
Әр сыныпта өткізілетін сабаққа тиісінше уақыт бөлінуі оқушылардың өзіндік тапсырмаларды ұқыпты орындауына көмектеседі. Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Ал, оқушылардың тапсырманы сыныпта, үйде өздігінен орындай білуі – оның бойында қалыптасқан білім, білік пен дағдылар сапасының сенімді көрсеткіші.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сораптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Математикадан мынадай тапсырмалар жазуға болады:
а) оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;
ә) оқытушыдан алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ оқытушының басқаруын пайдаланған жағдайда;
б) алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда;
в) оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау арқылы жаңа қорытынды, анықтамаға шығаруға болатын тапсырмалар.
г) арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған;
ғ) есептеу тәсілдерін игеруге арналған:
д) ұқсастық пен айырмашылықты ажырату, талдауға арналған;
ж) белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысына арналған;
з) байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру;
и) дидактикалық ойындар, қызықты тапсырмалар.
Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.
Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі.
Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өздік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды.
Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы – оқу жұмысын тәсілдерін менгеруіне байланысты. Әсіресе бастауыш сыныптарда өзіндік жұмыстың маңызы зор.Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыстүрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:1. Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)3. Жаңа форматтағы оқытудың әдістері. Яғни, қазіргі таңдағы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларының үшінші /базалық / деңгей бағдарламасы оқушының өзбетімен білім алуына бағыттайды.Өзім осы бағдарламаның үшінші /базалық / деңгейін аяқтадым. Сондықтан осы бағытта жұмыстанып, оқушылардың білімді өзбетімен игеруіне баса назар аударып келемін.Өзбетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқушыларды алдымен топтық, жұптық, жеке, үштік жұмыс түрлерін жүргіздім. Оқушылардың білімді менің көмегімсіз өзбетімен меңгеруіне баса назар аудардым. Бұл ретте мен тек бағыттаушы, оқушыға жәй бағыт беруші ретінде қалуға тырыстым.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтер бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының мақсатты, мазмұнды және үдерістік сипаттамаларын көрсететін педагогикалық үдерістің көрінісінің үлгісі түріндегі дәстүрлі тенденциясын көрсетуге мүмкіндік береді.
Мектепте нәтижеге бағытталған оқыту білім беру жетістікпен жүзеге асыру үшін, оқытушы оның әсерінің барлық мүмкін болар формаларын назарға алуы маңызды болып табылады. Оқыту үдерісін дұрыс құру үшін, оның нәтижелерін қатаң анықтау және бағалау, өз уақытында түзету жұмыстарын жүзеге асыру, жеке тұғырлар мен бағдарламаларды кеңейту жеткілікті болады, мұнда психологиялық-педагогикалық көрсеткіштерді және өлшемдерін ескеру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының жеке тұлғасының бірқатар жеке құрылымдарының мазмұнын, яғни олардың мотивациясын, қабілеттері мен тәжірибесін, білім және біліктерін қайта талдап көрейік. Мұнда перцептивті қабілеттерді (заттың, құбылыстың сыртқы бейнесін қабылдау), ақыл-ой қабілеттерін (ойлау тапсырмаларының белгілі тобын шешу), коммуникативті қабілеттерді (оқыту барысында басқа адаммен өзара іс-әрекет) ажыратып аламыз.
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының өлшемдері мен көрсеткіштерін белгілеуде осы кезеңге дейін қалыптасқан зерттеушілік іс-әрекеттің сатылары мен оның көрсеткіштеріне тоқталуды жөн көрдік. Қарапайым сауаттылық, әдетте бастауыш сынып оқушылардың дүниетанымын кеңейтудің ішкі мотивтеріне сүйенеді, онда оқушылардың зерттеудің мақсаттарын тұлғалық қабылдау негіздері қаланады. Материалды жедел және тиімді формализациялау, мәліметтерді қарапайым өңдеу бойынша, тапсырмалардың жеткілікті кең жиынтығын шешу, ақпарат көздерін іздеу қабілеттерін талап етеді және дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының компоненттері мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік деп таңдалды. Жоғарыдағы ғылыми әдебиеттердегі тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының мотивациясының көрінуі, олардың зерттеудің жаңа тиімді әдістері туралы білімді саналы меңгеруге ұмтылысы және шығармашылық біліктілігімен анықталатындығын тұжырымдаймыз.
Мотивациялық компонент – бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының қызығушылығы, қажеттілігі, түрткісін қарастырады.
Мазмұндық компонентке зерттеу материалдары туралы теориялық, әдістемелік, технологиялық білімі және түрлі іс-әрекетте зерттеу тәсілдері туралы жалпы білім негіздерімен қарулануы кіреді.
Іс-әрекеттік компонент – бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарын шығармашылықпен жетілдіру біліктілігін қамтиды.
Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасына сай бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары мен тәжірибелік-ізденушілік жұмыстардың тиімділігін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер түсініктерін нақты анықтауда, әр түрлі көзқарастарды талдау негізінде (В.А.Беликов, В.Г.Максимов және т.б.) өлшемдерді нысанның жағдайы, қызмет ету мен даму деңгейі туралы пайымдауға болатын оның зерттелетін қасиеті, ерекшелігі деп түсінеміз. Біз өлшемдерді (грек сөзі: kriterion – пайымдау құралы) негізінде қандай да бір затты анықтау немесе жіктеу, бағалау жүргізілетін белгі; пайымдау өлшемі, қандай да бір құбылысты бағалау деп түсінеміз. Өлшемдер өлшеу нысанын бейнелеудің абстрактілі (теориялық) деңгейін білдіреді.
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары барысында алуан түрлі аспектілерін қалыптастыруда, үлгілеу әдісін қолдануды жиі кездестіреміз. Мысалы, Д.Ш.Матростың жетекшілігімен авторлық ұжымның жұмысында, оқулықтың үлгісі және оқыту үдерісінің жүйесі келтіріледі (2-кесте).
Кесте 2 – Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарын үлгілеу сатылары
Сатылар
|
өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары
|
Нәтиже
|
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары үдерісін теориялық үлгілеу үшін міндеттерді құру
|
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарын талдау. Проблеманы, мақсатты құрастыру және өз бетімен жұмыс жасау сапалы сипаттама-сын және күтілетін нәтижені құрастыру. Үлгілеу үшін әдіснамалық негіздемелерді таңдау.
|
Үлгіленетін үдерістің барысына әсер ететін, факторлардың (аргументтер), үлгінің мақсатты компонентін құру.
|
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары даярлау үлгісін жобалау
|
Үлгіні ғылыми-теориялық, ұйымдастырушылық-педагогикалық қаматамасыз етуді қамтитын әрекет жоспарын құру.
|
Үлгіленетін үдерістің жос-парлы дамуын қамтамасыз ететін, әдіснамасын, ұстанымдарды құру.
|
Сатылар
|
өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары
|
Нәтиже
|
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары -әрекетке даярлау үдерісін теориялық үлгілеу
|
Үлгінің құрылымдық құрамын құрастыру. Үлгіленетін құбылысты жүзеге асырудың бірізділігін, қажетті сатыларын анықтау.
|
Бастауыш сынып оқушыларын зөз бетімен жұмыс жасауға даярлау үдерісінің ақпараттық үлгісін алу.
|
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары даярлау үдерісін құрастыру
|
Нақты әлеуметтік жағдайларда жүзеге асыруға жақын құрылған үлгіні әрі қарай құрылымдау
|
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға даярлау үлгісін жетілдіру
|
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары үдерісінің тиімділігі мен үлгінің баламалығын тексеру.
|
Үлгіні тәжірибелік-ізденістік жұмыста талдау;
|
Үлгінің құрылымымен бастауыш сынып оқушыларын өзбетімен жұмыс жасауға даярлау үдерісінің нәтижелерін арақатынаста ұстау.
|
А.В.Вишнякованың зерттеу жұмысында бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарын ықпал ететін, білім беру ортасы кеңістігінің үлгісі көрсетілсе, Л.В.Сергеева, Л.Д.Васильеваның жұмыстарында – гимназия білім алушыларының зерттеу қызметін және ауылдық мектеп білім алушыларының бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары қалыптастыру үлгісі қарастырылады. Педагогикалық үдеріс туралы дәстүрлі пікірлерге сүйене отырып, бірқатар үлгілер мен олардың компоненттерін атап көрсетеміз. Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық жүйенің үлгісі бірқатар элементтерден тұрады: мақсаты, мазмұны, әдістері, оқытушы, оқушылар (1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |