Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары
Міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларын ақпаратты жинауға, оларды түрлендіріп қолдана білуге үйрету;
- өз бетімен жұмыс жасау туралы білімін қалыптастыру;
- өз бетімен жұмыс жасау тәжірибесін қалыптастыру;
Әдіснамалық тұғырлары:
Өзіндік жұмыс, тұлғаға бағдарлы, технологиялық, жүйелілік тұғырлар.
Ұстанымдар: ғылымилық, гуманистік, біртұтастық, демократиялық, оқытудың өмірмен және практикамен байланыстылығы, жүйелілік, оқытудың іргелілігі
Мазмұны:
Тәжірибе бағдарламасы
Педагогикалық технологиялар: жобалау, ақпараттық, проблемалық
Әдістері: ақпаратты репродуктивтік қолдану, проблемалық тапсырмаларды шешу, эвристикалық, өзіндік жұмыс-шығармашылық, жобалау, анкета, тестілеу
Формалары: ұжымдық, жеке, топтық, кеңес беру, конференция сабақтары, бейне сабақтар.
Құралдары: компьютер, интерактивті тақта, электрондық оқу-әдістемелік кешен, чат, жаһандық желі, мультимедиалық құралдар
Нәтиже:зерттеушілік іс-әрекетке даярланған және қалыптасқан бастауыш сынып оқушысы
Сурет 2 – жапонияға Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының моделі
В.Я.Свирский бойынша, педагогикалық жүйенің үлгі – мақсаты, үдерістің нәтижесі, интеллектуалды және эмоционалды өзара іс-әрекет, оқытушының іс-әрекеті, оқушылардың іс-әрекеті. А.С.Белкин бойынша, педагогикалық жүйенің үлгісі – мақсаттар, мазмұны, технологиялар (әдістер, тәсілдер, формалар), ұйымдастырушылық формалар, педагог, оқушылар П.И.Пидкасистый мен В.В.Воронов бойынша, педагогикалық жүйенің үлгісі – мақсаты, нәтиже, оқыту әрекеті, оқу іс-әрекеті, мазмұны, оқытудың әдістері, құралдары, ұйымдастырушылық формалары. И.П.Подласый бойынша, дидактикалық үдеріс үлгісі – мақсаттар, мазмұны, әдістер, формалар, мұғалім, оқушылар , логикалық негіздер (заңдар, ұстанымдар, ережелер), нәтиже. Л.Д.Васильева бойынша, ауыл мектептері білім алушыларының зерттеу қызметін қалыптастыру үлгісі бірқатар компоненттерден тұрады: әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік стандарт, ауыл мектебінің ерекшелігі, дайындық субъектісі, ұйымдастырушылық-әрекеттік деңгей (мақсаттар, ұстанымдар, педагогикалық шарттар, әдістер, формалар), мазмұнды деңгей (ақпараттық білім, білік, дағдылар; білім, білік, дағдылар; алгоритмдік біліктер мен дағдылар және т.б.). Қазіргі білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге енуі қарсаңында нәтижеге бағдарланған білім беру арқылы адам капиталын дайындау әлеуметтік тапсырысына сәйкес, біз бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілік іс-әрекетке даярлаудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін құрастырдық. Бұл үлгіні бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілік іс-әрекетке даярлауда қызмет ететін, бір-біріне бағынатын және бір-бірімен үйлесетін, бірнеше элементтерден тұратын күрделі жан-жақты үдеріс ретінде қарастырамыз
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының үлгісінің өзіндік мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен ұйымдастырушылық формалары болады, олар ақпараттық білім берудің мақсаттарында, міндеттері мен мазмұнында ескерілуі қажет
Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының деген көзқарасымыз, зерттеу әдісінің оның зерттеу пәніне сәйкес келуімен негізделеді. Үлгілеудің әрбір сатысында өзіндік мазмұн мен жоспарланатын нәтиже бар. Жоғарыда берілген үлгілерді талдаудан үлгідегі педагогикалық үдерістің құрамы берілді.
Біз құрастырған үлгі мақсаты, міндеттері, әдіснамалық тұғырлары, ұстанымдары, мазмұны, педагогикалық технологиялары, әдістері, формалары, құралдары, педагогикалық шарттары, нәтижесінен тұратын Бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының құрылымдық-мазмұндық үлгі болып табылады .
Ұсынылған үлгінің мақсаты ретінде, бастауыш сынып оқушыларын өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдарының іс-әрекетке даярлау алынды. Мақсатқа сәйкес мына міндеттер алынады:
1) бастауыш сынып оқушыларын ақпаратты жинауға, оларды түрлендіріп қолдана білуге үйрету;
2) өз бетінше жұмыс жасау жолдары туралы білімін қалыптастыру;
3) өз бетінше жұмыс жасау жолдары тәжірибесін қалыптастыру;
4) бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмысы арқылы шығармашылық іс-әрекетін дамыту (3-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |