Диплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері



бет19/21
Дата29.03.2023
өлшемі388,5 Kb.
#77103
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Сабақтың тақырыбы. Көркем әдебиет стилі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдік: көркем әдебиет стилі көркем сөз арқылы бейнеленетіндігін, басқа стильдерден өзіндік ерекшелігін таныту. Көркем шығармаларды ажырата білу. Көркем мәтінді тілдік құралдары мен стильдік ерекшелігі бойынша ажырату.
2.Тәрбиелік: оқушыларды өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны құрметтеуге, байланыстырып сөйлеу мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық ойлау дағдысын, жоғары зияткерлік (интеллектуалдық) ой-өрісін дамыту. Ана тіліне қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік. Ақын-жазушылардың шығармалары (кітап бұрышы); кестелер, кодоскоп, магнитофон.
Сабақтың түрі. Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері. Талдау, салыстыру.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Көркем әдебиет стилі - өмірді көркем сөз арқылы өрнектейтін өнердің бір түрі. Көркем шығармада тіл ерекше эстетикалық қызмет атқарады, сөздер сараланып қолданылып, стильдік мақсатта жұмсалады. Көркем шығармада жағымды және жағымсыз бейнелер кездеседі. Әрбір кейіпкердің сырт пішін;
- портреті жасалып, іс-әрекеттері, өмірге өзіндік көзқарасы, ой өрісі суреттеліп, тіл ерекшеліктері қалыптасады. Оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады.
Мына кестедегі сөйлемдерді оқып, көркемдегіш құралдарды дәптерлеріңе жазып отырыңдар.
Бірінші кестені оқып шыққан оқушы теңеулерді тауып, қалған оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
1. Қызыл шырайлы келген жап-жас әйел. Сөзі мірдің оғындай. Болыстың бұрынғы хатшысы ұры иттей жылмыңдап, Бекбосынға бәйек болып жүр. (Б. Майлин). Екінші кестені оқып шыққан оқушы метонимияны тауып, оқушылар дәптерлеріне жазып алуы тиіс.
2. Теңіз астында найзағай көбейген, жарқылдау көбейген. Сол найзағайлар барлық ана балықтарға ұлы жорықтың бет алысын, жөнін сілтейді.
(Ғ. Мүсірепов). Осы сияқты тапсырмалар үшінші және төртінші кестелерге де беріледі. Үшінші кестеден метафораны табу, ал төртінші кестеден жігіттің сыртқы портретін дәптерлеріне жазып алу тапсырылады.
3. Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде. (Мақал)
4. Қоңқақ мұрынды қара сүр жүзі жаратпағанын білдіргендей, Ағыбай бұрынғыдан да сұхтана түсіп, шамданып қалды.
Төмендегі үзінділер кодоскоптан оқылады.
5.Кеңгірбайдың зиратына барып тұрып, серт, уәдені сонда шешеміз. Бұнысы бір ант-серттей... Дәрмен өз ішінен Абай қабіріне қарап, үздіксіз ант-серт айтып отырғандай болды. (М. Әуезов)
6. Бір жағына бір кірпіштен соң бір кірпішті қойып, телмірген көздерден
денесін жасыра бастады. Қалаға барып, ескі көздерді көрген соң, қыр есінен шығып кетті. (М. Әуезов)
Бұл үзінділердегі көркемдегіш құралдарды да оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
7.Көркем әдебиет стилінде басқа көркемдегіш құралдармен қатар, эпитеттер де болады. Төмендегі эпитеттерді қатыстыра отырып, яғни сыртқы портреттеуге арналған сөз тіркестерін пайдалана отырып, "Қобыланды батыр" жырындағы Құртқаға мінездеме жазу. Мінездемені бірнеше оқушыға оқытып, эпитет, мінездеме деген сөздерді әрі қарай дәптерлеріне жазу тапсырылады. Төмендегі сөз тіркестерінен қарапайым фразеологизмдерді бір бөлек, тұрпайы фразеологизмдерді бір бөлек жазыңдар.
Итжанды; ит жоқта шошқа үреді; өзің білме, білгеннің тілін алма; сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.
Оқушылар бұл жұмысты орындап болғаннан кейін төмендегі литоталарды қатыстырып сөйлем құрайды.
Бір тарының қауызына сыйғызу; иненің жасуындай; темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей; тізе бүкпеу; бел жазбау; көз ілмеу; кірпік қақпау; дүниені бір уыс қылу.
Оқушыларға оқыған кестелері мен орындаған тапсырмаларындағы көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мен көркемдегіш құралдың түрлерін оқыңдар деген тапсырма беріледі.
1. Теңеу (мірдің оғындай, ұры иттей).
2. Метонимия.
3. Мақал, метофора.
4. Жігіттің сыртқы портреті.
5. Синонимдік қатарлар.
6. Сөздердің көп мағыналылығы (телмірген көздер, ескі көздер).
7. Эпитеттер, мінездеме.
8. Фразеологизмдер.
9. Литоталар.
Осылайша, образды сөздердің, троптың көптеген түрлері қамтылады. Көркем шығармаларға троптың бұдан басқа да түрлері, фигуралар қатысады. Яғни көркем әдебиет стилінің өзіне тән ерекшеліктері мынадай:
1. Образды сөздерді молынан пайдалану.
2. Экспрессивті-бояулы сөздер көп кездеседі.
3. Шығарма тартымды болуы үшін синонимдер, антонимдер көбірек қатысады.
Қазақ көркем әдебиет стилінің қалыптасуына, дамуына қазақтың көрнекті ақын-жазушылары зор үлес қосты. Олар қазақ жазба әдебиетінің негізін салып, жанрларын қалыптастырды. Енді оқушылар әдеби шығармалардан алынған мәтіндермен жұмыс істейді.
Жаңа сабақты қорытындылау.
Қонақ үйлер дағды бойынша көп жеді... Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді. (М. Әуезов)
Үзіндіні кестеден оқыған оқушыға стильдік талдау жасату. Оқушы сұрақ-жауап арқылы көркем әдебиет стилінің өзіне тән ерекшеліктерін атайды. Оқушылардың белсенділігі сабаққа ат салысуларына қарай бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет