Диплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері



бет20/21
Дата29.03.2023
өлшемі388,5 Kb.
#77103
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Үйге тапсырма. Сынып оқушыларын үш топқа бөліп, тапсырма беріледі.
1-топқа берілетін тапсырма. Мына теңеулерді қатыстырып, фантастикалық әңгіме жазып келіңдер: қордың қызындай, шөккен нардай, көзге біткен сүйелдей, атқан оқтай, иненің жасуындай.
2-топқа берілетін тапсырма. М.Мақатаевтың "Қара шалғы" өлеңін қарасөзге айналдырып жазып келу.
Қорытынды
Стиль түрлерін өткенде мұғалімдер қолданатын сан алуан танымдық жұмыстар бар. Олардың қатарына әрбір стильді өткеннен кейін жаңа сабақты қорытындылау немесе сабақты пысықтау, қайталау кезеңдерінде қолданылуға болатын стилистикалық жаттығулардың түрлері, үлестірме қағаздар, дидактикалық материалдар бойынша жұмыс түрлері, ауызша материалдар бойынша жұмыс түрлері (ауызша мысалдар келтіруге, яғни сөйлемді жатық, әдемі құрауға үйрету), мәтінге лайықты шағын шығармалар жаздыру, сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру, тіл ұстарту, оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындату, баланың алған білімдерін білікке, одан дағдыға айналдыруды іске асырады. Сабақта берілетін білім мазмұнын қамтитын әрбір танымдық мәні бар жұмыс түрлері баланың ойын байытып, жалпы білімін кеңейту мақсатында жүргізіледі. Стиль түрлерін оқытуда сабақ үстінде жүргізілетін танымдық жұмыстың ең көп жүретін түрі - әрбір стильге арналып берілген жаттығулар. Жаттығуларды әдістемешілер үш түрлі талап деңгейінде қарастырып жүр:
- жаттығулар мазмұны жағынан да, мақсаты мен міндеті жағынан да бір сарында болмай, түрленіп отыруы тиіс;
- әрбір тақырыптан кейін берілген жаттығулар сол тақырыпта баяндалған тілдік құбылысты қамтуы шарт;
- жаттығулар мазмұнының тәрбиелік мәні болуы қажет. Оқушы оқулықтағы осы бағытта берілген жаттығулардың шартын қатесіз, дұрыс орындап қана қоймай, оларда дұрыс қорытындылар жасап, өз көзқарасын білдіретін татымды пікір айтуға үйренуге тиіс. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқып үйренген теориялық ережелер мен заңдылықтарды қандай дәрежеде меңгергендігіне байланысты байқалады. Оқулықтағы практикалық жаттығуларды өз дәрежесінде орындата білу мұғалімнен үлкен шеберлікті, мол дайындықты, шығармашылық жұмысты талап етеді. Білім деңгейінің мазмұны бойынша берілген сабақты пайдалана отырып, өмірде болып жатқан жаңа өзгерістерді бейнелейтін сөйлемдер құратып үйретуге болады. Мұндай танымдық жұмыстар баланың әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілін байыту мақсатында жүргізіледі.
Стильдік талдау жасатуға іріктелген мәтіндердің сөйлемдерін күнделікті өмірге икемдеп, өмірмен байланыстырып, қоғамдағы шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларындағы болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден сыныптың басқа оқушылары да мағлұмат алатындай етіп құрауға үйретуді мақсат еткен жөн. Оқытуды дамытудың тиімділігі, ең алдымен, оқушылардың оқу әрекетіндегі белсенділігін арттырудан көрінеді. Психологтердің айтуынша, мынадай жалпы психологиялық ереже бар: білім деңгейін меңгеру оқушылардың ақыл-ой әрекетінің белсенділігіне сай жүреді. Оқушылар стильдер туралы мағлұматты жай ғана есте сақтап қоймай, мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруін ынталы қабылдап, білімді өздік жұмыс арқылы меңгереді. Мұндай жолмен алған білім механикалық түрде жаттап алғаннан гөрі, есте жақсы сақталады. Стильдің түрін, оның негізгі ерекшеліктерін ажырата білуге қатысты жұмыс түрлерін атасақ:
- ғылыми стиль ғылымның қай саласына жататынын терминдер арқылы анықтай білу;
- шағын мәтіндерге стильдік талдау жасау;
- берілген мәтінді белгілі бір стильге сай жөндеп жазу;
- белгілі бір тақырып бойынша мәтін құрастыру.
Ұстаз шағын мәтіндерді жөндей білу немесе қайта жетілдіріп жазу сияқты тапсырмаларды орындатудың жолдарын оқушыларға көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Мұғалім арнаулы тапсырмалар дайындап, оны жеке оқушының қалай орындайтынына бақылау жасайды, оқып үйренетін тақырыпқа байланысты бірнеше нұсқада құрылған тапсырмалармен жұмыс жүргізеді. Негізінен жаңа білімді меңгеру, алынған ғылыми ақпараттарды шығармашылықпен пайдаланып, оқушының танымдық мәндегі тапсырмаларды орындау барысында өздігінен ой қорытындысын жасайтын материалға мән береді. Белгілі бір тақырыпта диалог, монолог құрастыру, көркем шығармалардың тілін экспрессивті-эмоционалды сөздер мен көркемдегіш тәсілдер бойынша талдай білу, мақала, рецензия, репортаж т.б. жазуға үйрету, сонымен қатар сөзді, форманы түрлендіре білуге дағдылануында оқушының теориялық білімі мен тәжірибесін байланыстырып қарау шешуші рөл атқарады. Білімді бекіту, байыту және жүйелеу, бір жағынан, теориялық негізді тәжірибелік іс-әрекетте, екінші жағынан, заңдар мен ережелерді іс жүзінде саналы түрде қолдануда меңгеріледі. Яғни жаттығулар арқылы теориялық қағидалар меңгерілсе, ал тәжірибелік әрекеттер бойынша оның қалай іске асырылатыны анықталады. Стильдерді өткенде оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыруда білімді тексерудің пайдасы зор. Мысалы, мәтіндерге конспект, тезис жаздыру, стилистиканың қарастыратын мәселесін анықтай білу, оның басқа грамматикалық материалдармен байланыстылығын ажырата алу мүмкіндігін анықтаумен қатар, қатесі бар сөйлемдерді түзету, түрлі стильдік сипатта шығарма жаздыру, ауызша тіл дамыту жұмыстарына арналған жаттығу, тапсырмалар орындату т.б. сияқты теориялық білімді бекітуге, белгілі бір ұғымды есте сақтауға ғана емес, негізінен, оны қолдануға лайықталған сан түрлі танымдық жұмыстар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Стильдерді оқытуда оқушылардың ой-санасын ғылыми негізде дамыту үшін, олардың меңгерген білім дағдылары тиянақты болу үшін сабақты түрлендіріп, үлестірме қағаздарды, көрнекі құралдарды, сызба-кестелерді, магнитофонды т.б. техникалық құралдарды орнымей пайдалануға болады. Оқулықтан басқа сабаққа пайдаланылатын қосымша материалдардың көпшілігі балалар әдебиетінің алтын қазынасынан, ауыз әдебиетінің таңдамалы үлгілерінен, классик ақын-жазушылардың шығармаларынан алынуы тиіс. Тіл стильдерін үйретуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Шығарма, мазмұндама, диктант жұмыстары орфография мен пунктуация дағдыларын жетілдіру үшін жазылса да тәжірибеде шығарманың мазмұны мен стиліне тілдің бейнелілігіне, ойдың дәлдігіне көңіл бөлу керек. Демек, оқушының сөздік қоры, лексикалық байлығы, логикалық дәйектілігі мен баяндаудағы ерекшелігі тілдің құрылымының дұрыстығына көңіл бөлу қажеттілігінен туындайды. Жоспар жасау, оны мағыналық бөлімдерге бөлу шығарманың логикалық дәйектілігін табу, сөз арқылы сурет салу - бұлардың бәрі де оқушының шығармашылық қиялын дамытуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет