2 «Шәкәрім поэзиясындағы рухани құндылықтардың бейнеленуі».
2.1 Шәкәрімнің поэма жанры ................................................................
2.2 Шәкәрімнің көркем аудармасын..................................................
2.3 Шәкәрім поэзиясында Абай бейнесі........................................
2.4 Шәкәрім еңбектеріндегі қазақ қоғамының дамуының әлеуметтік-саяси мәселелері............................................................................................... 2.5Шәкәрімнің шығармашылығындағы ғылым тақырыбы .....................
Қорытынды.......................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................
Кіріспе
Ахме т Байтұрсынұлы. Бұл есімді білмейтіндер некен-саяқ болар. Өйткені, бұл кезде мемлекеттік мәртебеге ие болған Қазақ тілі туралы
сөйлесек, Ахметтің ардақты есімі қатар айтылады. Оны айтпасқа құқымыз
жоқ. Себебі, қазақ ұлтының ана тіліне ғылыми жүйеде түрен салып, негізін
қалаған, айдай әлемге танытқан да Ахмет! Жиырмасыншы ғасыр басында ел мүддесі үшін күрескен тұлғаны замандастары «қазақ халқының
рухани көсемі», «ұлтымыздың ар-ожданы» деп ұлықтап, есімін тура атамай, «қазақтың Ахаңы» деп дәріптеген. Ахаңның аяулы есімін жылдар
бойы айтқызбай келген Кеңестік жүйенің Коммунистік партиясы «бір
уақыттары өзі даттаған ұлын, 1988-ші жылдың қараша айының 4-і күні
өзі ресми ақтады». Он бес республиканы ұршықша иірген Кеңес Одағы
қоғаммен қош айтысуға мұршасы келмей, өзі келмеске кетті...
ХХ ғасыр басында ұлт жұмысын арымен атқарған Ахметтей
данагөйден қалған мұра, артындағы қазақ деген ұрпағына мәңгі азық
боларын кім білген?!
Ұлтының жері мен елінің дербестігі, тілі мен тіні, діні мен ділі үшін «малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген толағай тұлға халқымен қайта қауышты! Еліміздің тәуелсіздігімен бірге Ахметтің екінші, мәңгілік өмірі басталды. Ахаңның қызметі қазақтың ұзынырға тарихымен жалғасып кететін қызмет.
Заманымыздың заңғар жазушысын көреген, тіпті көріпкел ме дерсіз!
Бұл күні тәуелсіз мемлекет болып танылған Қазақстанның өткені, бүгіні,
келешегі туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан айшықтары
аясында халқымыздың іргелі ел болып қалыптасуында ерен еңбек ет-
кен тұлғалардың ардақты есімдері алтын әріптермен жазылып, Отан
тарихынан өздерінің тиесілі орнын алуда. Жүзжылдықтар тоғысында
тәуелсіз елінің тарапынан Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының
негізін қалаушы, реформатор-ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлы «Ана тілдің айбары» омырау медалі және «Ғасыр
саңлағы» алқа белгісімен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |