Диплом жұмысы Ғылыми жетекшісі : ф.ғ. к аға оқытушы С. С.Үсенбаева



бет7/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#14643
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
диплом жумысы №1

ا ا . 1 a а а

ٵ ٵ . 2 ә ә ә

ب ب . 3 b б бы/бі

پ پ . 4 p п пы/пі

ت ت . 5 t т ты/ті

ج ج . 6 с

َّ

ж жы/жі


د د . 7 d д ды/ді

ر ر . 8 r р ыр/ір

ز ز . 9 z з зы/зі

س س . 10 s с сы/сі

ش ,ش ش ,چ . 11 с, c ш шы, шы/ші

غ غ . 12 Q ғ ғы

ق ق . 13 q қ қы

ك ك . 14 k к кі

گ گ . 15 g г гі

ڭ ڭ . 16 n ы ың/ің

ل ل . 17 l л ыл/лы; іл/лі

م م . 18 m м мы/мі

ن ن . 19 n н ны/ні

و و . 20 о о о

و وَّ .َّ 21 ö ө ө

ٷَّ ٷ . 22 u ү ү

ؤ ,ۋ ؤ ,ۋ . 23 ü, w у, ұ у, ұ,

ه ه . 24 е е е

ى ى . 25 ы ы ы

ٸ ٸ . 26 j і і

ي ي . 27 ü и й

ى . 28

ه : е е ие

дََّّәйекше

Сонымен реформатор-ғалым әліпбидің ғылыми сипаттамасын:

«Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері (харіфлері).

176 Райхан Имаханбетова

Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз,

екеуі жарты дауысты» деп жіктеп жүйелейді. Дауысты дыбыстар: ا

(а), و (о), ؤ (у), ى (ы), ه (е). Дауыссыз дыбыстар: ب (б), پ (п), ت

(т), ج (ж), چ (ш), د (д), ر (р), ز (з), س (с), غ (ғ), ق (қ), ك (к), گ (г),

ڭ (ң), ل (л), م (м), ن (н). Жарты дауысты дыбыстар: ؤ(у)±, ى(й)±.

Бұл дыбыстардың ішінде қ һәм ғ дәйім жуан айтылады, г, к, һәм е дәйім

жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстың һәр қайсысы екі түрлі айтыла-

ды: бірде жуан айтылады, бірде жіңішке. Егерде «...бұл 19 дыбыстың

жуан айтылғанына бір харіф, жіңішке айтылғанына бір харіф керек

десек, мысалы: « س، ت » сықылды, онда 19 дыбысқа 38 харіф керек

болар еді, бұған дәйім жуан айтылатұғын ق менен غ-ларды, дәйім

жіңішке айтылатұғын « گ ,ك » һәм харіптерді қосқанда, һәммасына

43 харіф керек болар еді» деп жазған алғашқы ана тілінің жүйесін

салушы. Міне, осы қазақ тілінің табиғатына қарай оның дыбысталу

жүйесін басшылыққа алған Байтұрсынұлы пайымын кейбір жазушылар

«42 әріпті түзген» деп бұра тартып жарнамалап жүр.

Реформатордың зерттеуіндегі тереңдетіле түсіндірелетін танымдарға

зерде-зейін дұрыс қоя білсек, араб әліппесінде 43-ке жететұғын харіф

жоқ екенін, өзге жұрттың әліппелерін қазақ қабыл алмайтынын жа-

зады. Ислам әліпбиінің қазақ арасына қалай келгеніне тоқталады.

«...Араб әліппесі қазақ арасына дінменен бірге таралған, сіңген, дінменен

бірге байласқан әліппені алып тастап, басқа әліппені алдыру қиын жұмыс.

Бұлай болған соң араб харіфлерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын

табу керек. Араб харіфлерінің түрін тым бұзып өзгертуге болмаса, қалай

амалын таппақ керек? - деген өзекті сауалды өзі көтереді, әрі оның жауа-

бын да өзі айтады. Мұның амалы менің ойлауымша мынау деп дыбыстарды

жүйелеп береді [7]. «...Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар

бағынбақшы. Яғни, дауысты дыбыстар жуан айтылса – олардың

қатарындағы дауыссыз дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар

жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы.

Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың харіфлерінің жуан иа жіңішке

айтылмағын белгілеп айырсақ, дауыссыз дыбыстардың да жуан иа жіңішке

айтылмағын айырғанымыз жөн» дейді [7].

Ғасыр басында ғалым түрлеген, әрі түзген әліпби таңбасының қазақ

ұлтын сауаттандырудағы рөлі қандай? Енді осы мәселе төңірегінде кеңес

үкіметі тұсындағы зиялылардың көзқарастары мен пайым-танымына

үңілсек. Тура сол тұстағы санаткер-азаматтардың алдына қойған ұлы

міндеттерінің бірі – ол бұдан әрі «қазақ халқы рухани келбеті, өзіндік

бет-бағдары бар ел бола ма, жоқ «баяғы жартас бір жартас» деп, бодан

Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны 177

қалпында жүріп, өзінің ұлттық сипатынан айырылып, болмысын жоғалта

ма» деген өзекті мәселе болатын. Ұлттық тіл ғылымы саласындағы Ах-

мет Байтұрсынұлының әліпби түзудегі жетістіктерін лингвист-ғалым

Құдайберген Жұбанов өте жоғары бағалаған. Және ол кім көрінгенге

әліпбиді, тілді таптатпауға бар күш жігерін жұмсаған. Мысалы: «...воз-

режение не выдерживают критики, потому что всякие культурное и иное

достижение, оставленное нам нашими врагами – это наше законное на-

следие (...) Отказываться от подобного наследия так же глупо (...) мы

не откажемся ни от чего, что составляет лучшее творениях предыду-

щей истории, если оно в наших руках может быть полезно для нас» - де-

ген айшығынан қазақтың қай-қай оқығандарының, оның ішінде қалам

ұстап, қазақ намысын жыртқан әрбір еңбектің қадір-қасиетін біліп қана

қоймай, «заңды мұра» деп таныған және ұрпаққа тәрбиесіндегі қажетті

құрал санағанын көреміз [14, 35-б.].

Енді Ахмет жүйелеген қазақ тіліндегі атау-ұғымдардың дәлдігі мен

даралығына үңілсек. Қазақ даласында қазақ мектебінің негізін салған

тұңғыш ағартушы Ыбрай Алтынсарин орыс тіліндегі «Имя существитель-

ное» дегенді «Нәрселердің атауы» десе [15, 227-б.], А.Байтұрсынұлы

оны «Зат есім» деп атады [16, 160-б.]. Ал «Имя прилагательное»,

«Имя числительное» деген сөз таптарына тұңғыш ағартушы «Зат-

мақұлықтың қасиеттерінің аттары», «Есеп аттары» деп балама берсе

[15, Б. 238, 243], кейінгі оқытушы «Сын есім», «Сан есім» деген атау-

ұғым берді [16, 162-б.]. «Местоимение» деген орыс терминіне алғашқы

ұстаз «Ақыры өзгерілмейтін сөздер» деп аударса [15, 248-б.], кейінгі

әдіскер «Үстеу», «Демеу» дейді [16, Б. 165-166]. Бүгінде бұлар қазақ

тілінде қалыптасып кеткен атау-ұғымдарды білдіретін пәнсөздер. Бұл

қазақ тілінде қисындардың қалыптасуы үшін, алдыңғы буын өкілдерінің

жіберген кемшіліктерін түзеп-түрлеу арқылы ХХ-шы ғасырдың басында

қазақ тіл білімі мен әдебиеттану оқулықтарының заңдылықтарын жасау-

шы, Ахмет Байтұрсынұлы болғанын айғақтайтын дәйектер.

Қазіргі бастауыш мектептерге арналған 1-сынып әліппесіндегі «Қазақ

алфавитінің» авторын ажырата алмайтын оқытушылар бар екені де жасы-

рын емес. Ақиқатында, есімі аталмаса да Байтұрсынұлының төте жазудағы

«28» таңбамен түзілген әліпбиі аз ғана өзгеріспен кеңес кезеңіндегі мек-

тепке, яғни, бірінші латын, сонан соң кирил әрпіне қопарылып, көшіп

отырды... Осылайша ағартушы түрлеген ана тіл ұрпағына жылдар бойы

қызметін көрсете берді. Мұны бүгінгі қазақ ғылымы жоққа шығара алмай-

ды, тек аракідік жаңсақ пікірлерге, мәселен, «А.Байтұрсынұлы 42 әріпті

жасаған» дейтін кейбір қате ой-тұжырымдардың баспасөз беттерінде

178 Райхан Имаханбетова

белең алуы ойландырады. Сондықтан «Қазақ әліпбиі, қазақ жазуын

жетілдірудегі Ахмет Байтұрсынұлының рөлі» деген тақырып аясында

мектеп бағдарламасына арнайы сағат бөліп оқыту өзекті мәселелердің

бірі деп білеміз.

Орыстың тіл зерттеуші ғалымдары төте жазудағы қазақ әліпбиіне

1924, 1931-ші жылдары «Байтурсуновская графика», «Байтурсунов-

ский алфавит» деп атап, түркі әліпбилері ішіндегі ғылыми жүйеленген

ірі жетістік деп қабылдаған. Мәселен, Мәскеуде 1931-ші жылы жарық

көрген «Литературная энциклопедия» атты жинақтың 5-ші томына осы

Ахаң реформалаған әліпби «Казахский (Байтурсуновский алфавит)»

енгізіліп, орыс ғалымдарының тарапынан жоғары бағаға ие болған [17,

23-б.]. Біздің бүгінгі жетілген қазақ тіліндегі 40 (жуан, жіңішке белгіні

есептеу шарт емес) әріптің түп негізі А.Байтұрсынұлы емлесі негізінде

жасалғанын ескере бермейміз. Және ғасыр басында Байтұрсынұлы

таңдаған төте жолдың байыбын дұрыс ұғынбаудан жазу мәдениетінде

өркениетті елдерден кейін қалып, әлі күнге «қай жазуды алу керек» де-

ген тартысты-айтысты мәселенің жетегінде жүрміз.

Негізінен, төте жазуға тұрақтамауға сол тұстағы саясат та әсер еткен

болуы керек. Дегенмен өркениетті елдердің ғалымдары жоғары бағалаған

А.Байтұрсынұлы емлесінде тұрақтылық танытқан болсақ, оңынан жазы-

латын харіптің қасиетін басқаша ұғар ма едік. Ислам дінімен бірге кел-

ген «әліптің» адамзат баласын игілікті істерге жетелері хақ екенін ой-

түйсігімізбен қабылдағанмен, ұзақ жылдар кирил әрпімен құрсауланған

құлдық сана шырмауынан шыға алмай жүргеніміз де шындық. Десек те

орыс ойшылдары аса жоғары бағалаған «Байтұрсынұлы әліпбиінің»

астарына әлі де үңіле түсу – біздің ұрпақтық парызымыз.

Сонау қиын қыстау, сын сағаттың өзінде қазақ зиялылары елінің,

жерінің мақсатына бағытталған игі істерді қашанда бағалағанын

және мүмкіндігінше сақтап қалуға өз басын өлімге тіге отырып, батыл

шешімдерге бір «тәуекел» арқылы барғанын – олардың артында қалған

мұралары айғақтайды. Кейде сол тұстағы заман ағымына қарай бұра

сөйлеуге партия алдында мәжбүр болғандарымен, ұлттық нақыштағы

мәдени мұраларды, мейлі олар «халық жауының» қолынан шыққан

жетістіктер болса да, бұл «біздің заңды мұраларымыз» деп қорғаған.

Олардан «бас тартуға болмайды» деп, сол тұстағы оқу-ағарту саласына

керегінше жаратудың тиімді жолдарын қарастырған. Олар айтқан өзекті

ойлар – бүгінгі тіл танымындағы құнды ойлар болып қала берері де хақ.

Өйткені, ғасырдан ғасырға заман алға озған сайын заманауи саясаттың

жетегінде кетпей, ұлттық болмыстың бірден бір белгісі – әліпбиді

Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны 179

қаймағы бұзылмаған күйде сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді – ұлттық

мүдде деп түсінген жөн.

Оқу құралы. Қазақша алифба. Бұл кітап алғаш рет 1912-ші жылы

Орынбордағы жарық көрген. Автор «Балалар, бұл жол басы даналыққа»

деп басталатын «Тарту» атты ғибрат тақпағын оқулықтың беташары

ретінде берген [16]. Кітаптың әріп үйретер бірінші бетінің үстіңгі оң

жағына Құран сөзі: «Би исми-иллаһи-рахмани-раһим» шырағдандай

орналастырылған. Әрі қарай қазақ әріптері төте жазу жолымен рет-ретмен

беріледі де, әрбір харіптің тұсына таңбасы және сол таңбаның атауы жа-

зылады. Және төменгі жағына оқытушыға түсінік, яғни нұсқаулығы қатар

ұсынылады. Сонымен қатар, соңына қазіргідей шұбыртпалы ұзыннан-

ұзын мәтіндер емес, қысқа әрі нұсқа оқушының ұғымына сай, түсінігіне

лайық мәселен: Туысқан-туған атаулары, тұрмысқа қажетті киім, үй сай-

мандары, ыдыс-аяқ, мал мен хайуандар атаулары және ас-тағамдармен

қатар, дене мүшелерінің атаулары т.б. қамтылады. Оқу құралының екінші

кітабы алғашқы әліппеге жалғасты ретінде толықтырылып, 1913-ші

жылы шықса, «Әліппе – астары» атты әліппеге жетекші құралы 1924-ші

жылы жазылған. Осы оқулықтардың бала сауаттандырудағы қажеттілікті

өтеудегі зор қызметіне, оның 1912, 1913, 1914, 1916, 1921, 1922 (2 рет),

1923, 1925-ші жылдары жиі басылым көруі айғақ. Кітап ғалымның аяулы

есімі ақталғаннан кейін бірінші рет бүгінгі әріпке түсіріліп, ҰҒА-ның Тіл

білімі институтының дайындауымен 1992-ші жылы жарық көрген «Тіл

тағылымы» атты жинаққа енді [16, Б. 33-47].

Сондай-ақ, Қырғыз республикасының филолог-ғалымы Дыйканов

Карбоз өз қаражатымен осы кітаптың 1914-ші жылғы басылымын 1991-

ші жылы 5000 данамен қайтадан бастырды [18]. Кітап қаз-қалпында,

яғни төте жазумен жарияланды. Ал кітаптың әр жылдары жарық көрген

барлық нұсқаларын тауып, салыстыру мүмкіншілігі болмады. Ұлттық

кітапхананың сирек қорында бұл 1912-ші жылғы кітаптың қандай да дана-

сы сақталмаған. Басылым тек Тіл білімі институтының мұрағатында ғана

сақталса керек.

Тіл – құрал. Оқулық негізінен, үш жылдыққа арналып, әр жылғы

сыныптарға жеке-жеке жазылған құрал. Бірінші тіл танытқыш кітап: Ды-

быс жүйесі мен түрлері (1914), екіншісі: Сөздің жүйесі мен түрлері (1914-

1915), үшіншісі: Сөйлем жүйесі мен түрлері (1923). Барлығы да Орын-

борда жарық көрген [19, 20, 21]. Әдіскер ұстаз осы оқулықты не себепті

үш жылға бөлінгенін түсіндіре отырып, бірінші жылы оқытылатын «Тіл –

құрал» тіл білімінің негізі болғандықтан оқытушылардың алғашқы жылы

нық үйретулері керектігін ескертеді. Бірінші кітапта әріптер, буындар,

180 Райхан Имаханбетова

әріптер туралы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалары оқытылса,

жеткілікті екенін айтады. Дүниедегі жұрт тілінің негізі үшке: Түбіршек,

жалғамалы, қопармалы болып бөлінетіні, ал қазақ тілінің қай топқа жа-

татынын әрі оның негізгі ережелерін түсіндіріп береді. Сонымен қатар,

оқулықта қолданылуға тиісті әдіс-тәсілдердің қандай жолмен оқытылуы

керектігін ұғынықты етіп түсіндіреді. Оқулықтың тақырыбы күрделеніп,

қарапайымнан күрделіге қарай оқыту тәсілі сатылана қолданылып

кітаптың екінші, үшінші жалғасы жазылады. Жалпы, ағартушының

бала оқытудағы әдістемелік мұрасы туралы 1995-ші жылы тілші ғалым

А.Қыдыршаев ғылыми зерттеу еңбегінде әдіскердің еңбектерінің жазылу

тарихы, әліппе мен оқулықтарының әдістемелік негізі, жалпы сипаттама-

сы жөнінде сараптамалық талдаулар жасады. Зерттеуші еңбегінде «Ахмет

Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту әдістемесі ілімінің іргетасын қалаушы»

екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шығып, ағартушының әдістемелік

мұрасының бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығын, тұлға мұрасының

өміршеңдігін жазды [10]. Шындығында, осы «Тіл – құрал» кітабының

бірінші бөлімі – 7 рет, екіншісі – 8 рет, үшіншісі – 6 рет басылған.

Байаншы. Әдістемелік құрал. Әдіскер-ұстаздың қазақ мұғалімдері үшін

жазған нұсқаулығы, 1 баспа табақ. Бұл нұсқаулық 1920-шы жылы Қазан баспаханасынан

жарыққа шығады [22]. Ағартушы ұстаз өзінің 14 жыл бойы

бала оқытқан тәжірибесіне сүйене отырып, заман талабымен келген жаңа

оқу жолын (усул сотие) қалай оқыту керектігіне мектеп оқытушыларына

«Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазылу белгілері», «Дыбыспен

жаттығу» деген аңдатпалық мағлұмат береді. Мұнан басқа Қызылорданың

Қазақстан баспасынан «Тіл – жұмсар» атты екі бөлімнен тұратын

әдістемелік көмекші құралы жарыққа шыққан [23]. Бірінші кітап 46 бет

(1928), екіншісі 90 бет (1929). Осы кітаптың кіріспе орнына берілген

«Дәйектемесінде» құралдың қажеттілігі туралы, бұрынғы құралдардан

айырмашылығы жаңа жолмен үйретуге ыңғайланып шығарылғанын ай-

тады. Мұнда: «...білімді үйрету жолы басқа. «Тіл – құрал» қазақ тілі

қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін,

тетіктерін, ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып

көрсетіп танытады. «Тіл – жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерінен,

тетіктерінен балаға шағындап бөлек-бөлек ойыншық сиақты құрал жа-

сап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды

танытады» - дейді [23, Б. 1-2]. Бұл кітаптың басты мақсаты – баланы

сауатты сөйлеуге, оқуға, жазуға, жаңа емлені қиындықсыз қабылдауға

дағдыландыру. Яғни, сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы

таныту, үйрету. Бұл кітаптың 1-ші бөлімінде көбінесе, әріптер мен әріп

Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны 181

таңбаларын түрлі орында жұмсалатын сөз бен сөйлем белгілерін жаза

білуге үйрету болса, 2-ші бөлімінде осы өткендердің ауқымын кеңейте

отырып,

пысықтау мен бақылау жұмыстарын қатар атқару қарастырылған.

Кітап көлемі шағын, 15 параграфтан тұрады. Оқулық – 1992-ші жылғы

жинаққа енген [23, Б. 323-333].

Сауат ашқыш. Сауатсыз үлкендер үшін. Кітаптың түпнұсқасында

алғаш 1926-шы жылы Семейдің баспасынан жарияланғандығы айтылады.

Негізінен, бұл кітап 1924-ші жылы Орынбор баспаханасынан 114-бетпен

1924-ші жылы жарық көрген [24]. Оқулық ересек үлкендерге арнап

жазылғандықтан дыбыс әдіс жолымен тәртіптелгені оқулықтың өн бойы-

нан байқалады. Мұнда әрбір харіптің тұсына атау сөз беріледі де, соңына

осы сөздерге арнайы сөз тіркестерін қоса береді. Бір ғажабы, бұл кітапта

да «40 мысалдағыдай» 40 тақырып қарастырылған. Тақырып «Торайғыр

бидің тақпақтарынан» өріліп, «Қуанышты күн» деген Ғ.Сұлтанұлының

шағын әңгімесімен аяқталады. Кітапқа Абайдың «Шырылдауық

шегерткесі», Шорман жинағынан төрт танымдық әңгіме, Ы.Алтынсарин

кітабынан: «Үш мерген», «Жәнібек батыр», «Қыпшақ Сейітқұл», Елдес

Омаровтың «Қазақ салты» және «Дағдылы жол мен айлалы жол», Тел-

жан Шонанұлының «Күн» (Толстойдан), «Тамшының тарихы» атты

аудармалары, Қыр баласының (Әлихан Бөкейхан) «Дүние қандай?» т.б.

ауқымды тақырыптағы түрлі әңгімелер мен алуан тақырыптағы шағын

өлеңдер топтастырылған. Жалпы саны 40 тақырып, оның ішінде 7 өлең,

2 аударма-тақпақ, 4 мысал-өлең, 25 әңгіме, 2 көркем аударма қамтылған.

Оқулықтың 1926-шы жылғы басылымы «Тіл тағылымы» жинағына енген

[24, Б. 91-138].

Әліп-би. Жаңа құрал. Оқулық 1926-шы жылы бұрынғы Оқу құралы

Қазақша алифбаға жалғасты кітап ретінде жазылған [25]. Кітап 14 жыл-

дан соң қолданылған тәжірибе сынақтан өтіп қайта өңделіп, 1926-шы

жылы Қызылорда баспаханасынан шыққан, 1928-ші жылы тағы ба-

сылды. Алғашқы басылым 116 бет, кейінгі басылым 114 бет. 1927-ші

жылғы екінші басылымның түпнұсқасы табылған жоқ. 1928-ші жылғы

оқулықтың ішкі мұқабасында 3-нші рет басылғандығы айтылады. Ұлттық

кітапхананың Сирек қорлар бөліміндегі тіркемеде осы оқулықтың 1924,

1926, 1927-ші жылдары жарық көргендігі туралы картотекалық ақпар бар.

Бірақ, ол басылымдардың мәтінімен толық танысудың мүмкіндігі болма-

ды. 1926 және 1928-ші жылғы басылымдарды салыстырғанда өзгерістер

байқалмады.

1928-ші жылғы нұсқа 1992-ші жылғы «Тіл тағылымы» атты жинаққа

енді [25, Б. 49-89]. 1992-ші жылғы басылымда түпнұсқадағы сурет-

182 Райхан Имаханбетова

тер берілмеген, кесте ішінде бос орында қандай сурет болу керектігіне

ескертпе айтылады да төте жазумен қатар кирилше жазылуын берген.

Мәселен, 1926-шы жылғы нұсқада әр тақырыпқа қажетті суреттердің

барлығы дерлік түгел берілген. Және осы суреттер арқылы сабақ оқытуда

баланың қабылдауына жеңіл болатынын негізге алған әдіскер-ұстаз

кейінгі басылымда да суреттердің көрнекті болғанын назарда ұстаған.

1992-ші жылғы басылымда өкініштісі суреттер басты назарда болмаған,

түпнұсқадағы 32-беттегі: «Кім табады?» деген айдаршамен берілетін

топтамалы 9 суреттің тақырыпқа сай орны, «Тіл тағылымы» жинағында

басқа 54-бетке ауысып кеткендіктен суреттің төменгі жағында берілген

жұмбақты шешу шарты: «Мұның да істеу реті алдыңғыша» деген

түсіндірмелік, шындығынды «түсініксіздеу» болып тұр. Осы сынды

кемшіліктер төте жазуды қазіргі әріпке түсіргенде де кездеседі. Мыса-

лы, сүгірет-сурет, қаріп-әріп, қадымше-қадымша, бүтін-бөтен т.б. сөздер

өзгеріске ұшыраған.

1928-ші жылғы түпнұсқа – 1998-ші жылы ғалымның 125 жылдық ме-

рейтойына орай, әрi соңғы басылымның 70 жылдығына арналып, «Рауан

» баспасынан 1000 таралыммен қайта жарық көрді [26]. Бұл жинақтың

ерекшелiгi – сол тұстағы жазу емлесi қаз-қалпында сақталып, беттің төменгі

жағына қазiргi жазуға түсірілген нұсқасы берілген. Төте жазудан көшiрiп,

редакциясын басқарған Ұлықман Асылов. Бұл кітаптың бүгінгі оқушыға

берер зор көмегі сол – ғасыр басындағы ұлт зиялылары қолданған жазуды

дөп басып, нақ тануға мүмкіндік береді. Және төте жазуды үйренгісі келген

оқырманға бірден бір көмекші құрал іспетті. Бұл кітаптың 1928-ші жылғы

басылымнан шартты баспа табақ жағынан айырмашылығы жоқ. Екеуі де

114 бетпен аяқталып тұр. Тек кейбір тұстары мәселен, ішкі мұқабадағы:

«Жер жүзінің еңбекшілері бірігіңдер!» деген ұранды тіркес түсіп қалса,

шығарушыдан берілген аңдатпаның ретімен тізбектелген төртінші

азат жол үшінші жолға қосылып берілген. Ал 7-бетте: «мұғалімдерден-

мұғалымдардан», «жанастырыб-жамастырыб», «жүзіндегі-жөніндегі»

деген сөздер өзгерген. Келешекте бұл оқулықтарды салыстырып, әр

жылдағы оқулықтардың айырмашылығы мен жаңалықтарын қарастыру

филолог мамандардың міндеті.

Қазақ терминологиясы. Ғалым «Өмірдерегінде»: «...Орынборға

келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және

синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін, орфогра-

фикасын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ

жазба тілін лексикалық шұбарлықтан арылтуға, ...термин жасау арқылы

халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым»

Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны 183

дей келе, мұны өзі жасаған оқулықтар мен өзі басшылық еткен «Қазақ»

газеті арқылы жүзеге асырғанын айтады [3].

Ғалымның тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға

тарихи тұрғыдан баға беру бүгінгі тілші-ғалымдардың еншісіндегі жұмыс.

Тілші ғалым Ө.Айтбаев тұлғаның термин жасау тәжірибесін саралай келе,

оны «қазақ терминологиясының атасы» деп бағалаcа [27], ахметтану-

шы ғалым Р.Сыздықова: «...Терминдік мәндегі күрделі атауларды ұсынуда

А.Байтұрсынұлы тек ұғым дәлдігін ғана көздеп қоймай, сипаттама (харак-

теризующий) компонентін әсерлі, үнді, тұлғалас сөздер болып келуіне

қатты назар аударған… әдебиеттану саласында ұсынған терминдерінде

бір тектес жеке сөздер мен әдемі әсерлі «ойнақы» компоненттер ...көбірек

кездеседі. Мысалы, өлең кестесін – шумақ, тармақ, бунақ, буын құрайды

деуі; бернелеу, әсірелеу, меңзеу деп, олардың барлығын «-у» жұрнағымен

жасауы немесе көрнекті лебіз, көсе лебіз, көрнек өнері дегендерге ұйқасты

сөздерді алуы – осыны дәлелдейтін нақ деректер» - дейді [28; 29, Б. 250-

261]. Тілші-ғалымның сөзіне жүгінсек, А.Байтұрсынұлы қазақ сөзінің

икемділігін (сөз жасау қабілетінің), үндестігін (ұйқас, әуендес келетіндігін)

шебер пайдаланғанын жазады.

А.Байтұрсынұлының қаламынан шыққан терминдердің, жасалу

әдістерін ғылыми тұрғыдан зерттеген еңбектің бірі ретінде С.Ақаевтың

«Терминнің тілдік және танымдық сипаты» атты жұмысын атауға бо-

лады [30]. Бұл ғылыми еңбекте жалпы және қазақ тілінде терминдік

сөз табының пайда болып, жасалу тарихы талданып, кезеңдестіріледі.

Зерттеуде тілтанушы ғалымның қазақ тілінде терминдерді арнайы

жасаудағы тәжірибесі, маңызы, терминдердің тәсілдік сипаттары

кеңінен сөз болады.

2008-ші жылы Ш.Құрманбайұлының «Алаш және терминтану» атты

монографиясы жарыққа шықты [31]. Ғылыми зерттеуде ХХ-шы ғасыр

басындағы қазақ терминологиясының дамуы, қалыптасуы қарастырылған.

Жұмыстың алғашқы тарауы «Алаш зиялыларының ұлттық терминқор

қалыптастыру міндеті» деп аталып, мұнда қазақ ғылым тілінің ұлттық

терминологиялық қорының қалыптасуына негіз болған факторлар туралы

сөз болады. Зерттеуші ғасыр басында қазақтың ғылым тілінің қалыптасуы

мен ұлттық терминологиялық қордың жасалуына үлес қосқан зиялылардың

еңбектеріне жеке-жеке тоқталған.

Ш.Құрманбайұлы Ахаңның замандастары баба буын «рухани көсем»

деп дәріптеген, бүгінгі аға буын тілші-ғалымдар «ұлт мәдениетінің Хан

тәңірі» деп асқақтатқан ұлт ұстазына «Қазақтың ғылыми терминоло-

гиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі», «Ахмет

184 Райхан Имаханбетова

Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы терминологиялық жұмыстардың

жүргізілуі» деген тақырып арнап, ахметтанудың негізін салушы тілші,

әдебиетші ғалымдардың ой-тұжырымдарын негізге алады. Олардың

бірімен келіссе, енді бірімен келіспейтінінің себептерін ғылыми тұрғыдан

таратып талдайды. Мәселен, ғалымның 125 жылдық мерейтойына арнайы

өткізілген Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарын,

ғылыми жинақ етіп құрастырған, әрі жауапты редакторы, ғалым

Е.Жанпейісовтың алғысөзіндегі «Байтұрсынов дәуірі», «Байтұрсынов

ғасыры» деген түйін сөзімен келісе қоймайды. Бірақ қазақ тіл білімі мен

әдебиеттану ғылымының негізін салған Ахмет Байтұрсынұлының қызмет

жасаған аралығын «Байтұрсынұлы кезеңі» деп атаған орынды деген

пікір айтады. Шындығында, Байтұрсынұлы негіздеген термин жасау

ғылымының жалғасын таппауы, зерттеуші өзі айтып отырғандай 30-шы

жылдары Алаш зиялылары Кеңестік жүйенің саясаты салдарынан қуғын-

сүргінге ұшырауы себепті іске аспай қалды емес пе?! Ендеше, Ұлттық

терминнің үзіліске ұшырауына Ахметтер емес, басқарушы биліктің

сыңаржақ саясаты кінәлі екенін бүгінгі ұрпақ білуге міндеттіміз.

Зерттеуші Ш.Құрманбайұлы ғалымға арнаған тақырыбында, оның

10-15 жылда ұлтқа жасаған қызметін ғылыми дәйектемелер бойынша

саралап, оның атқарған жұмыстарын былайша жіктейді: «1).Қазақ тілі

білімінің терминологиясын жасаушы; 2).Қазақ әдебиеттану ғылымының

негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым осы ғылым

саласының ғылыми терминологиясын да жасаған; 3).Әдістеме, тарих және

этнографияға, жалпы мәдениетке қатысты көптеген терминдер жасаған;

4).Қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтап, терминжасам тәжірибесінде

кеңінен пайдаланған ғалым; 5).Жекелеген ғылым салаларының ғана

емес, бүкіл қазақ терминологиясының қалыптасуына тікелей әсер ет-

кен айрықша тұлға; 6).Қазақ терминологиясын қалыптастыру мен

дамытудың бағыт-бағдарын айқындаушы; 7).Қазақ оқығандары жасап,

ресми бекіткен терминология қағидаттарын бүкіл түркі халықтарына

ұсына отырып, түбі бір туыстас тілдердің терминологиялық қорының

ортақтық сипатын арттыруды көздеген кең тынысты түрколог ғалым»

[31, Б. 29-46]. Әлбетте, бұл бір адамның басына аз жұмыс емес. Егер

А.Байтұрсынұлы басқарушы билік тарапынан 5 рет сотталып, 2 рет жер

аударылмағанда өзі сүйген әз ұлтты үшін тағы талай жұмыстарды атқарар

еді-ау! Зерттеуші қарастырып отырған терминология саласы бойынша

Ахметтің даралығы мен даналығын нақты көрсете алған. Ол түйін сөзін

«аса көрнекті тілші ғалым» деп қорытыпты [31, 53-б.]. Бұған қосарымыз:

Ахмет Байтұрсынұлы егемен елінің ұрпағы тарапынан «Ана тілдің

Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны 185

айбары», «Ғасыр саңлағы» деп ұлықталған ұлы тұлға, ғұлама ғалым.

Нақтырақ, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы

теортик ғалым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет