Диплом жұмысы Ғылыми жетекшісі : ф.ғ. к аға оқытушы С. С.Үсенбаева



бет3/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,6 Mb.
#14643
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
диплом жумысы №1

Зерттеудің мақсаты – қазақтың маңдайына біткен, бітім-болмысы

бөлек Ахметтей феномен-тұлғаның қиялындағы ұшқыр армандарын

іс жүзіне асырған тарихи құбылыс екенін, оны «Алаш көсемі» деп

дәріптеген үзеңгілес рухани замандастарының таным-пайымы бойынша



ғұламалар ғибратының өміршеңдігін өскелең ұрпаққа таныту.

І тарау «Ғалым ғұмырнамасы және ахметтанудың негіздері»

Бала Ахметтің қазақтың кең сахара даласында бабалар даналығынан тәлім-тәрбие алуымен қатар, қазақ елінің бодан болып, алпауыт орыс мемлекетінің өңешіне жұтылып бара жатқан тұсынан бастап, кешегі «1937»-нің зұлматында кісі қолынан қаза болған «қаралы күні»

мұрағат мәліметтері негізінде «Өмірбаяндық деректер» тараушасында

баяндалды. «Қазақ» газетінің көсемсөздегі көшбасшы құрал болғандығын

бүгінгі ұрпақ та келешек ұрпақ та ұмытпауы тиіс. Аумалы-төкпелі кезеңде

өзге озық жұрттың тіліне ермей, өзіндік төте жол тауып, бұратана

ұлтының санасын көтеру үшін ағартушылық кәсібін арымен атқарған

Ахаң «...газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген еді. Ғұламаның

бұл ғибраты бүгінгі ақпараттық жүйенің зымыран заман талабының да

ұранына айналып отыр. «Ахметтанудың негізін салушылар» атты та-

раушада 1919-шы жылдан бастап жазылған ғылыми танымдық мақалалар

негізге алынып, олар қажетіне қарай талдап таратылды. Сонымен қатар,

Кеңес пен тәуелсіздік кезеңнің ғылымы тарапынан айтылған тұжырымдар

мен жекелеген жинақтардағы ой-пікірлерлерге сараптамалық шолу жасал-

ды. «Мұрағаттық деректі құжаттар» айдарының маңызы өте зор. Мұнда

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Ұлттық

қауіпсіздік комитеті, ҚР Ұлттық кітапханасы, Ахмет Байтұрсынұлы

мұражай-үйі қорларынан алынған телқұжаттардың көшірмелері, деректі

құжаттар мен тарихи суреттердің түпнұсқаларының төлкөшірмелері

берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет