ІІ-тарау
ғылыми шығармашылық мұрасы
Ағартушы ұстаздың кітаптары – қазақ балаларына ана тілін оқытуда
қажеттілікті өтегені соншалық, жиі-жиі жарияланған. А.Байтұрсынұлы
1913-ші жылы «Оқыту жайынан» деген өзекті мақаласында мектептегі
оқу жұмысының үш нәрсеге тәуелді екенін айтады. Яғни, бірінші – ақша
(қаражат), екінші – құрал (пән кітаптар), үшінші – мұғалім. Осы үш негізгі
мәселенің басын шешіп алмай, бала оқыту ісі алға жылжымайды дейді.
Ахаңша айтсақ, осы «...үш тіреуі тең болса, оқу қисаңдамай, ауытқымай,
түзу жүреді. ...тең болмағандағы оқу жұмысы аумалы жүк сыйақты,
орнықсыз. Жүгі ауған көштің жүрісі өнбейді. Орнықты оқу болмай, қалт-
құлт етіп оқытқан білім үйретіп жарытпайды» екен [1].
Ағартушының айтқандары дәл бүгінгі күнгі бала оқыту мәселесімен
өзектес. Жалпы, оқу-білім тақырыбы қашанда күн тәртібінен түспейтін
әлеуметтік тақырып. «...Әуелгі тіреу – ақша, ол жұрттан шықпақ. Екінші
тіреуі – оқуға керекті құралдар. Ол құралдардың ішінде ең қымбаты – оқу
кітаптары. ...оқу құралдары оңды болмаса, оқу да оңды болмайды. Шеберге
аспап серік, мұғалімге құрал серік. ...құралсыз мұғалімдер бала оқыта алмай-
ды» - дейді әдіскер-ұстаз, сонан соң мектепке қажет оқулықтарды жазуды
өзі бастап, айналасындағыларға дұрыс, түзу жол салып берген [1]. Әлбетте,
бұл күнгі орта мектептерде бала оқыту ісі, мемлекеттік қазына есебінен
жүргізілетін шешімі табылған мәселе. Ал, Ахметтер оқытушылықты
бастаған тұста Ресей патшалығы қазақ мектебі үшін қазынадан қаржы
бөлмеген, ол жергілікті халықтың бай-манаптарының қолының кеңдігіне
орай шешілетін толқымалы мәселе болатын. Кейін Кеңес үкіметі орнаған
тұста, бұл мәселе оң шешімін тауып, барлық саладағы бала тәрбиесі, ба-
ланы оқыту істері тегін атқарылды. Енді Байтұрсынұлы оқулықтарының
өміршеңдігіне қайта оралсақ.
Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны 171
Мемлекетік мұрағаттарда қатталған тарихи деректермен қатар,
өмір тәжірибесінде оқу-ағарту саласы бойынша ұрпақтың сауатын ашу
үшін үнемі қолданып жүрген әліппе, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану
оқулықтары дәлел. Енді еңбектерін ретімен баяндасақ: 1).Қырық мы-
сал 1909, 1913, 1922 – 3 рет; 2).Маса 1911, 1914, 1922 – 3 рет; 3).Оқу
құралы. Қазақша алифба. 1-кітап, 1912, 1913, 1914, 1916, 1921, 1922 (2),
1923, 1925 – 9 рет; 4).Оқу құралы. Алифбаға жалғасты. 2-кітап, 1913
(2), 1923, 1924 – 4 рет; 5).Оқу құралы. Усул сотие жолымен, әліпбиге
байаншы. 1913, 1921 – 2 рет; 6).Оқу құралы. 1-ші кітап: Үлкендер үшін.
Семей, 1921 – 1 рет; 7).Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 1-ші жылдық.
Дыбыс жүйесі һәм түрлері (фонетика) 1914, 1918, 1920, 1922, 1924,
1925, 1927 – 7 рет; 8).Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 2-ші жылдық. Сөз
жүйесі һәм түрлері (морфология) 1914, 1915, 1920, 1922, 1923, 1924,
1925, 1927 – 8 рет; 9).Тіл – құрал. 3-жылдық. Сөйлем жүйесі һәм түрлері
(синтаксис) 1923, 1924, 1925, 1926, 1927, 1928 – 6 рет; 10).Баяншы.
Мұғалімдер үшін. 1920 – 1 рет; 11).Уголовный кодекс РСФСР. Баспаға
1921 жылы дайындалып, өндіріске жіберілгені туралы мұрағаттық
мәлімет бар. Табылмады. 12).Ер Сайын (Жыршылар айтуынан алып,
өңдеп өткеруші А.Б.), 1923 – 1 рет; 13).Мәдениет тарихы. Қызылорда,
1923. Беті белгісіз. Табылмады. 14).Әліппе астары. Қазақша әліп-би
үйретушілерге баяншы. 1924 – 1 рет; 15).Әліп-би. Жаңа құрал. 1926,
1927, 1928 – 3 рет; 16).Сауаташқыш. Сауатсыз үлкендер үшін. 1924,
1926 – 2 рет; 17).23 жоқтау. 1926 – 1 рет; 18).Әдебиет танытқыш 1926
– 2 рет; 19).Оқу құралы. Суретті. (Т.Шонанұлымен бірге). 1927 – 2 рет;
20).Тіл – жұмсар. 1-ші бөлім. 1928 – 1 рет; 21).Тіл – жұмсар. 2-ші бөлім.
1929 – 1 рет; 22).Практическая грамматика. 2-ое стреотипное издание.
1929 – 1 рет; 23).Шаруашылық өзгеріс. /Қолжазба/. Әңгіме №4., Жылы
белгісіз, беті белгісіз. Бұл ресми мәліметтер Ұлттық кітапхананың Сирек
кітаптар қорынан алынды [2].
А.Байтұрсынұлы 1928-ші жылғы ресми «Өмірдерек» атты баяна-
тында жарияланым көрген кітаптарының санын «14» деп көрсетеді
[3]. Біздің анықтауымызда басылым көрген туындыларының саны – 20,
Басуға өткізген қолжазбасы – 2. Ресми құжатта толтырғанда ағартушы
өзінің жинап, өңдеп құрастыруымен бастырған «Ер Сайын», «23
жоқтау» (Ә.Бөкейхановпен бірге) жинақтарын және «Оқу құралы»
атты мектеп сыныбына арналған пән кітабының 2, 3-ші бөлімін неге
екені белгісіз көрсетпеген. Сондай-ақ, бұл күні белгілі болып отырған
«Мәдениет тарихы», «Уголовный кодекс РСФСР» атты кітаптары
жөнінде де мәлімет бермейді [4, 5].
172 Райхан Имаханбетова
Бұл тарихи маңызы зор кітаптардың барлығы дерлік Ұлттық
кітапхананың Сирек қорлар бөлімінің есебіне тіркелген әрі сақтаулы.
Және ең ғажабы сол, не бір қилы аласапыран тұста осы кітаптар жойылмастан
жасырын сақталып келген. Алаш зиялыларының кітаптарын
«жыртты, өртеді, жойды» деген дақпырт сөздер бекер. Ақиқаты, бұл
туындыларды елге «жойылды» деп, «көзбояушылықпен» тәркілеген
де, шын мәнінде оқу-ағарту саласы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің негізгі оқулықтарын жазу үшін қажеттіліктеріне қарай,
өзгертіліп, жетілдіріліп, пайдаланып отырған.
Өйткені, осы тәркіленген кітаптардың орнын жаңа жүйе – кеңестің
жасақтаған тобының оқулықтары ауыстыра алмаған. Осы қараңғыда
«құлыптаулы жатқан» Ахметтің оқулықтары негізінде орта, жоғары
мектептердің қазақ тілі мен әдебиетінің жазылып әрі оқытылып
келгені 1990-шы жылдардан бері ғана әдебиетші, тілші мамандар өз
зерттеулерінде жазып жүр. Бұдан көрінетіні: Кеңес үкіметінің Ахметтің
есімін айтуға тыйым салғанымен, затын қолдануға тыйым сала алмаған.
Оған дәлел: ғалымның қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне қажетті ұғым-
атауларға анықтама беріп, қисынын қалыптастырған жүйесінің аз ғана
өзгертулермен кеңес мектептерінде оқытылып келгені.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің грамматикасы – фонетика, морфо-
логия, синтаксис бүтін бір бірлікте алып, ұлттық тіл ғылымын жасады.
Қалыптасқан қазақ тіл білімнің ғылымы аз ғана уақытта қаланған жоқ. Ол
талай жылғы, талай майталмандардың көз майы жегілген жұмыстардың
нәтижелері арқылы жинақталды. Ғалымның өзі айтқандай тілдің әуелі
грамматикалық ілімін қалыптастырудан, сонан соң грамматикалық
құрылысын зерттеп-зерделеп қалаудан басталды. Мұны өзі өмір
сүрген тұстағы замандастары «Ақаң түрлеген ана тілі», «Ақаң салған
әдебиеттегі асыл сөз» деп әспеттесе, тәуелсіздік кезеңдегі ғылымның
тілші-мамандары қазақ тіл біліміндегі «Байтұрсынұлы бастаулары» деп
жүр [6, Б. 3-13].
ІІ.1. Тіл туралы туындылары
Ғасырдың басында «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры,
жұмсайтын қаруының бірі. ...Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу
мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» - деп
жазды реформатор-ғалым өзінің тіл туралы зерттеу мақаласында [7].
Сондықтан ол қазақ әліпбиін түзеп, түрлеудің, ана тілінде оқулықтарды
Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны 173
жазудың мәні зор екенін ғасыр басында қоғами ахуалмен байланысты-
ра отырып, аса жауапты жұмысты қолға алған. Реформаланған араб
жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің өз кезінде қазақ халқының мәдени
дүниесінде зор серпілістер әкелгенін, қалың көпшілікті жаппай сауат-
тандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жанда-
нуына ықпал еткені туралы замандастары жарыса жазды. Мәселен, өз
ұлтымыздың зиялылары ішінен алғаш қалам тербегендер – М.Дулатов,
Е.Омаров, Т.Шонанұлы, С.Сейфоллаұлы және М.Әуезов т.б. болғанын
алдыңғы бөлімде сөз еткенбіз. Яғни, тұлғаның ұшан-теңіз атқарған
жұмыстары ғасыр басында-ақ айырықша аталып, жоғары бағаланды.
ХХ-шы ғасыр басындағы қазақ елінің ұлттық ғылымында жүргізілген
жұмыстардың бір саласы – оқулықтар жасау болғаны белгілі. Сол тұста
елімізде жаңадан ашылып жатқан жоғары оқу орындарын есептемеген-
де, мектеп оқулықтарының өзі де жоқтың қасы болатын. Қазақ тіл білімі
мен әдебиетте сан салалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен бірге, түрлі
оқулықтар жасаудың да қажеттілігі сезіліп, маңызды мәселе ретінде
алға қойылған тұста – А.Байтұрсынұлы оқулықтар жазу мәселесіне өте
жауапкершілікпен ұлт мүддесі тұрғысынан қараған. Ол патша заманында
қазақ жұртының қажетін өтеген кирилл таңбасындағы қазақ алфавитіне
мойынсұнбаған, төтеден жол іздеген. Қазақ жұртының төл, ана тілін саф
қалпында сақтау үшін қандай таңбаны «әліпби» етіп алу керектігіне зор
мән берген. Әрі осы жолда тыңнан түрен салды.
А.Байтұрсынұлы ұлт жазуының таңбасын алуда аса сақтықпен
«қазақ ұлтының болмысын жоғалтпайтын, дыбыстық ерекшеліктерін
бере алатын, әрі ислам дінінің уағызы арқылы келген араб графикасын
таңдады. Сонымен қатар, ежелден келе жатқан қадим жазуындағы дала
ғұламаларының зерттемелерін де негізге алды. Қазіргі қазақ филология-
сы ғылымында ғалым-реформатор, қазақ тілі мен әдебиетінің негізін са-
лушы А.Байтұрсынұлы туралы тіл саласында бірнеше зерттеу еңбектер
жазылды.
Атап айтсақ, 1991-ші жылы Ө.Айтбаев «Қоғамдық ғылымдар
терминологиялық лексикасының қазақ тілінде қалыптасуы мен дамуы»
(докторлық диссертация) [8], 1994-ші жылы Н.Машқанова «Ахмет
Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы» [9], 1995-ші жылы
А.Қыдыршаев «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» [10],
2005-ші жылы Қ.Ибраймов «Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріндегі
терминология және стилистика мәселелері» [11] атты кандидаттық
зерттеу жұмыстарын жазды. Тілші-мамандар өз еңбектерінде тіл
саласындағы ғалым жүйелеген категорияларды бүгінгі таныммен бай-
174 Райхан Имаханбетова
ланыстыра қарастырды. Зерттеушілер А.Байтұрсынұлының айшықтары
мен тұжырымдамаларын қазақ тіл білімінің бастауы деп таныды. Бұл
күні ағартушынының қайраткерлігін педагогикалық қырынан да зертте-
ген ғылыми еңбектер едәуір. Мәселен, 1999-шы жылы Р.Үсембаева «Ах-
мет Байтұрсынұлы мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын
адамгершілікке тәрбиелеу» [12], 2000-шы жылы Б.Иманбекова
«А.Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін педагогикалық
колледждердің оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдары» атты ғылыми
еңбектер қорғады [13].
Қазақ әліпбиі немесе Байтұрсынұлы емлесі. Әліпби – тек сауат
ашу ғана емес, ілім-білім үйренудің бастау көзі, ғылымға апаратын сара
жол. М.Әуезовше айтсақ, «Ақаң ашқан қазақ мектебінің» ұстанымы
– қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның
әлеуметтік ортада ой-танымы мен талғамын қазақша қалыптастыру
болған. Өйткені, сол тұстағы қазақ арасынан оқыған, сауатты жандардың
басым көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол
тілдермен ана тілін араластырып, «қойыртпақ тіл» жасағаны тарихтан
белгілі. Сондықтан да А.Байтұрсынұлы қазақ ұлтының табиғи қалпын
сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау үшін өзінің білім беру
жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін ұстанды.
Әрі осы жолда қазақ баласы үшін түрен жол салып берді.
«...Қазақша дұрыстап қат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу
дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпай-
мын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып
жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп қат жаза білуге
жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен
оқытпай, ноғай, түрік, парсы, араб тілінде жазылған кітаптар арала-
сып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу
керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз.
Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы
да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын.
Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұлай болған соң әуелі оқу
құралы жақсы болып жан қинамасына не керек?» - деп, «ана тіл» деген
пәнсөздің негізгі мәні атау тұлғадағы ұғым екеніне үлкен салмақ салып,
әрі төл тілдің бастау көзін ашып алады [7].
Осы мақаладағы асты сызылған тіркестердің мән-мағынасын
ашып жатудың өзі артық, бірақ осы «Қазақша оқу дегенде мен осы
күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың
тіліменен оқуды айтамын» деп, таза арабшамен тіл сындырушылардың
Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны 175
да төл тілінен ажырайтынын, қазақша қалпын жоғалтатынын айтып
отыр. «Қазақтың тіліменен оқытуды» көксейді, сол қазақ тілінде
оқытудың амал-тәсілдерін, «соқырға таяқ ұстатқандай» көрсетіп
те берді. Ең бастысы «әліпби түзелмей, іс оңалмайтынын» білген
ағартушы қазақ әрпін әрлеуді қолға алады. Енді Ахаң түзген әліпбидің
кестесі ұсынамыз.
Байтұрсынұлы әліпбиінің кестесі
№ 1912 1927 латынша Кирил-
ше Айтылуы
1 2 3 4 5 6
Достарыңызбен бөлісу: |