Диплом жұмысы Жұмыстың тақырыбы



бет9/22
Дата26.02.2023
өлшемі485 Kb.
#69979
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
қосымшасы Орхон-Енисей жазбаларында атақ-дәрежені, чинді білдіретін азын-аулақ сөздердің ғана құрамында кездеседі: тарқан-тарқат, шад-апыт, тігін-тігіт, т. б. Дипломшілер бұл қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп есептейді. Солай екендігін қосымшасының сөзге жалғану тәртібі де дәлелдейтін сияқты 6, 75 б.. Бұл қосымша жалғанғанда сөздің жеке түріндегі соңғы н дыбысы мүлдем түсіп қалады: тарқан-тарқат, -т қосымшасы осы Орхон-Енисей жазбаларынан кейінгі дәуірден қалған ескерткіштердің ешқайсысында да көптік мән туғызудың өнімді тәсілі есебінде ұшыраспайды. X–XIII ғасыр жазбаларында аффиксімен келген бірен-саран сөздер ұшырасқанмен, сол сөздердің өзі кейде көптік жалғаудың өнімді түрі -лар, -ды қабылдайды. Бұл қосымшаның ізін алпауыт, сәлем-сауқат қос сөзінің сауқат сыңары құрамынан көруге болады.
Қазіргі түркі тілдерінің ішінде бұл қосымша якут тілінде кездеседі. Ол тілде -лар көптік жалғауы есімдерге -т арқылы барып жалғанады, уол-ат-тар7, 59-60 бб.. Мұндай ерекше жалғаныс, әрине, қосымшасының өзінің бұрынғы мәнінен ажырап қалуының салдары -т қосымшасының ескіруі, сөйтіп өз мағынасынан ажырауы орта ғасырлардың соңғы кезеңдерінде болса керек. «Бабурнамэ» тілінде де жанағы якут тіліндегідей ерекшелік ұшырасады: бекетлер — бек есіміне әуелі -т, одан соң ғана -лар жалғанған 7, 89-96 бб..
Көне түркі тілін Дипломшілердің біразы (Габен, т. б.) ол тілде көптік жалғаудың тағы бір түрі -(а) н қосымшасы болған деген тұжырым айтады. А. Габен ерен сөзін көптік жалғауда тұрған көптікті білдіретін сөз деп қарайды. Ал Махмуд Қашқари сөздігінде осы сөз -лар жалғауымен қолданылған (еренлер).
А.Н. Кононов оғлан сөзінің құрамынан да осы аффиксті көреді 6, 311 б.. Бұған сірә, көне түркі тілінде оғлан, қазіргі тілдерде ұл тұлғаларының айтылуы дәлел болса керек. Қазақ тілінде ерен сөзі тек жекелік мағынада ғана айтылады. Алайда сыртқы ұқсастығын еске алсақ, үшем (кейде үшен) сөзінің құрамындағы -ем (ен) қосымшасын осыған жатқызуға болар еді. Дегенмен, мұнда жалпылама көптікті білдіруден гөрі топтау мәні басым.
С. Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызған қосымшаның бірі деп біз есімдігінің құрамындағы -з-ны көрсетеді 17, 116 б.. Бірақ Орхон-Енисей жазбаларында көптік мән туғызатын еркін аффикс есебінде қолданылмаған. С. Малов бұл аффиксті тек әлгі айтылған есімдіктер құрамынан ғана ажыратады. Ол қосымша мына фактілерді келтіреді: меңіз (бет), көкүз (көкірек), ағуз (ауыз), ал біз, сіз есімдіктерінің құрамын былайша түсіндіреді: «бі-з, сі-з». Монғол тілінде «мен» есімдігі «бі», «сіз» есімдігі «сі» түрінде айтылады. Сонда түркі тілдеріндегі біз, сіз сөздері жіктеу есімдіктерінің жеке түрі мен көптік жалғаудың қосындысынан құралған болады. Ал М. Щербак X–XIII ғасыр жазбалары тілінен мына сөздерді келтіреді: көз, мүйіз, ікіз (егіз), тіз (е), йодаз (тізе алтайша). Сіз, сен есімдіктерінің өз заманындағы түркі тілдерінде қолданысы жайлы Кашқари былай дейді. «Сіз — үлкендерді құрметтеу мәнінде сен мағынасында айтылатын сөз. Асылында мұның беретін мағынасы сіздер. Кішілерге сен делінеді» (Ш. 136). Бұған қарағанда, Махмуд Қашқари дәуірінде сіз есімдігінің сыпайылық мәні мен көптік мәні қатар жүрген. Түркі тілдерін Дипломшілердін, кейбірі бұл қосымшаны ескі дәуірдегі екілік категориясының көрінісі деп те қарайды. Айталық, ауыз, көз, егіз сөздері қос-қос немесе екі бөліктен тұратын заттардың атаулары, сол себептен бұл сөздер -з дыбысына, екілік категориясының қосымшасына бітеді деп қаралады. Алайда түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде екі бөліктен тұратын атаулардың бәрі бірдей -з-ға аяқталмайды. Мысалы, құлақ, аяқ, қол, бет, т.б. -з-ға аяқталатын атауыш сөздер санаулы, көз, егіз, т. б. ғана. Екінші жағынан, қазақ тілінде -з-ға аяқталатын кей сөздердің -р-ға бітетін етістік варианттары бар. Мысалы, көз, -көр семіз-семір, атыз-айыр, қарыз-қайыр, т. б. Сол сияқты, көне түркі тіліндегі бедіз қазақ тілінде — бедер түрінде айтылады. Бұған қарағанда -з қазақ тілінде есім сөздің көрсеткіші тәрізді де, -р етістік сөздің көрсеткіші. Ал -з-ға аяқталатын әлгі сөздер ешбір екілік не көптік мән бермейді.
Қазақ тілінде р мен з дыбысына аяқталатын мәндес сөздер
түркі-монғол бірлестігінің қалдығы деп қарау орынды.
Сонымен, -з аффиксінің жіктеу есімдіктерінің құрамында сақталуы әбден мүмкін жай да, басқа есімдер құрамында сақталуы
жайына келгенде, ойлана түсу мақұл. Айталық, қазақ тіліндегі
егіз сөзінің құрамынан осыны көруге болар (екі сан есімімен салыстырғанда). Сол сияқты А.Н. Кононовтың ізімен жүз, сегіз,
тоғыз сан есімдерінің құрамындағы -з-да осы қосымша деуге болады 6, 68 б.. Бірақ кез келген сөз құрамындағы -з-ны осы қосымша деуге негіз жоқ. Көне түркі тіліндегі будун сөзі құрамындағы -ун қосымшасы да жинақтау мәнін берген. Сол себептен ол тілді Дипломшілер бұл қосымшаны да көптік жалғаулардың тарихи түрінің бірі деп қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет