Диплом жұмысы Жұмыстың тақырыбы



бет5/22
Дата26.02.2023
өлшемі485 Kb.
#69979
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
dip -kone-turki-tilindegi-esim-sozder

Септік жалғаулар
Зат есімдер сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысты айтылады. Олар әдетте септік жалғаулары арқылы келеді. Көне ұйғыр жазба ескерткіштері тілінде төмендегідей септіктер кездеседі.

  1. Атау 5. Жатыс

  2. Ілік 6. Шығыс

  3. Барыс 7. Көмектес

  4. Табыс

Атау Атау тұлғада тұрған сөздің ешбір жалғауы болмайды. Ол басқа септік жалғауларының жалғануына негіз болып есептеледі. Атау тұлғадағы сөздер түбір, туынды, біріккен, қос сөздер түрінде және тәуелдік жалғау түрінде келеді.
Ол бег тіріліп келті — Ол бек жиналып келді.
Тоғмақ болмасар, қарымақ, өлмек болмаз — Туу болмаса, қартаймақ, өлмек те болмас.
Ілік септік. Ілік септікте тұрған сөз заттың, қимылдың, не белгінің белгілі біреуге тән екендігін көрсетіп, -ың, -ің, -ның, -нің (нуң, нүң) аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.
Темүрнүң — темірдің бегнің — бектін.
бөрінің — берінің йернің — жердің
Оғлының — ұлының сабның — сөздің
Ілік септікте тұрған сездер ешуақытта жеке айтылмайды. Олар үнемі тәуелдік жалғаулы сөздермен тіркесте келеді.
Үчүн-чі ең кічігі — оғлының аты — Мағастава ерті — Екінші, ең кіші ұлының аты — Мағастава еді.
Текстерде ілік жалғаулы сөз ашық түрде де, жасырын түрде де келеді. Ілікте тұрған сөз сөйлем ішінде, негізінде, анықтауыш мүше қызметін атқарады.
Барыс септік. Барыс септік белгілі істің, қимылдың алған бағытын көрсетіп, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады:
а) -қа, -ке:
йылқықа — жылқыға іске — іске
тынлығқа — тіршілікке күчке — күшке
қанқа — қанға улуғқа — үлықка
б). -ғару, -герү, -ғары, -гері:
біргерү — бері қарай
йергерү — жерге қарай
теңрігерү — тәңірге қарай
-ғары, -гері аффикстері — құранды аффикстер. Олар -ға және -ру қосымшалары арқылы жасалған. Текстерде -ру, -рү аффикстері жалғанған сөздер де кездеседі:
оңару — оңға
іңерү — далаға
ыңару — ол жерге т. б.
в) -ра, -ре:
Өңре — алға ташра — сыртқа, далаға
г) -а, -е; Жіктік есімдіктері мен тәуелдік жалғаулы сөздерден соң жалғанады:
құтыңа — құтыңа күчүңе — күшіңе
башыңа — басыңа йеріңе — жеріңе
Ескерткіштердегі барыс септікте келетін сөздердіц мағыналары әр түрлі. Олар бет алысты, бағытты, мекенді және мезгілді көрсетеді. Сөйлем ішінде не толықтауыш, не пысықтауыш қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет