Диплом жұмысы Жұмыстың тақырыбы



бет7/22
Дата26.02.2023
өлшемі485 Kb.
#69979
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
оғланы бірлеұлымен бірге
отын бірле — отынмен бірге
өдін бірле — уақытпен бірге
кіші бірле — кісімен бірге
Сын есім
Көне ұйғыр жазба нұсқаларында кездесетін сын есімдер мағынасына қарай екі түрлі.

  1. Сапалық сын есімдер.

  2. Қатыстық сын есімдер.

Сапалық сын есімдер. Ескерткіштерде ешбір аффиксіз түбір күйінде заттың түр-түсін, сыр-сипатын көрсететін сапалық сын есімдер де кездеседі. Олар төмендегідей топқа бөлінеді 4, 145 б.:
1. Заттың түр-түсін білдіретін сын есімдер:
боз — боз сарығ — сары
йашыл — жасыл қызыл — қызыл
көк — көк
2. Заттың көлемі мен аумағын білдіретін сын есімдер:
артуқ — артық йумчақ — жұмсақ
бедүк — биік йумғылы жинақы
йінчке — жіңішке күчлүг — күшті
улуғ — ұлы, үлкен
3. Заттың сапа, сыр-сипатын білдіретін сын есімдер:
ач — аш тіріг — тірі
арығ — таза тоқ — тоқ
бош — бос ысық — ыстық, ыссы
йаблақ — жаман, төмен
Қатыстық сын есімдер. Текстерде қатыстық сын есімдер аффикстер жалғану арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Сын есімдер жасайтын аффикстердің бастылары төмендегідей:
-лы, -лі.
теңрілі — тәңрілі беглі — бекті
йарақлы — жарақты қатунлы — қатынды
йеклі — жанды, рухты
-лығ, -ліг, -лық, -лік:
көрүглүг — көрікті тонлығ — тоңды
адағлық — аяқты бағлығ — баулы
күчлүг — күшті
-сыз, -сіз, -суз,-сүз:
білігсіз — біліксіз йоқсуз — жоқсыз
інчсіз - қайғысыз түпсіз — түпсіз
сувсыз — сусыз
-дақы, -декі, -тақы, -текі. Бұл аффикс — жатыс септіктің -да, -де, -та, -те аффикстері мен сын есімнің -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған күрделі аффикс.
евіндекі — үйіндегі ажурлардақы — дүниелердегі
ічінтекі — ішіндегі
-қы, -кі аффикстері жалғанған сөздер текстерде мезгілдік және мекендік ұғымдарды білдіретін сын есімдер тудырады:
ічлі — ішкі бурунқы — бұрынғы
бүгүнкі — бүгінгі
-тег, -дағ есімдерге жалғанып, салыстырма мәнді сын есімдер жасайды:
күнтег — күндей антағ — сондай
Сын есімнің шырайлары
Көне ұйғыр жазба ескерткіштері тілінде төмендегідей үш түрлі шырайлар кездеседі. Жай шырай:
узун — үзын едгү — игі
қара — қара көк — көк
йашыл — жасыл
Салыстырмалы шырай:
бегрек — бегірек күнтег — күндей
артуқрақ; — артығырақ
Күшейтпелі шырай:
ең кічігі — ең кішісі ең ілкі — алғашқы
ең үлуғы — ең үлкені
Сын есімдер әдетте сөйлем ішінде анықтауыш болады. Кейде сын есімдер етістіктен бұрын болған мүшеден бұрын келсе, пысыктауыш та болады. Сын есімдер сөйлем соңында көмекші етістіктермен тіркесіп, баяндауыш та болады.
Заттанған сын есімдер сөйлем ішінде бастауыш та, толықтауыш та болады.
Сан есім
Ұйғыр жазба ескерткіштерінде сан есімдер мағынасына қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Есептік сан есімдер:
бір — бір йегірмі — жиырма
ікі — екі отуз — отыз
үч — үш қырқ — қырық
төрт — төрт еліг — елу
беш — бес алтмыш — алпыс
алты, алды — алты йетміш — жетпіс
йеті, йіті — жеті секіз он — сексен
секіз — сегіз йүз — жүз
тоқуз — тоғыз бін — мың
он — он түмен — он мың
2. Реттік сан есімдер. Текстерде реттік сан есімдер -інті, -нч, -ынч, -інч аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады:
екінті — екінші үчүнч — үшінші
төртінч — төртінші бісінч — бесінші
алтынч — алтыншы бір йегірмінч — он бірінші
3. Жинақтау сан есімі. Жинақтау сан есімі ескерткіштерде -егү аффиксінің жалғануы арқылы жасалады.
екігү — екеуі бірегү — біреуі
үчегү — үшеуі
4. Бөлшекті сан есімдер. Текстерде кейбір сан есімдер -ар, -ер, аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.
бірер — бір ғана, жеке үчер — үштен
ікірер — екіден онар — ондап
5. Аралас сан есімдер. Мұнда кіші сандар үлкен сандардан бұрын келеді.
үч йегірмінч — он үшінші біш йегірмінч — он бесінші
бір йегірмінч — он бірінші
Сан есімдер негізінде сөйлем ішінде анықтауыш мүше қызметін атқарады. Бірақ сан есімдер сөйлемнің басқа да мүшелері бола алады.
Есімдік
Ұйғыр жазба ескерткіштеріндегі есімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді 4, 148 б..
1. Жіктеу есімдігі:
Мен — мен біз — біз
сен — сен сіз — сіз
ол — ол олар — олар
Жіктеу есімдіктері септеледі:
Атау: мен — мен, біз — біз
Ілік: менің — менің, бізнің — біздің
Барыс: маңа — маған, бізге — сізге
саңа — саған, сізге — сізге
аңа — оған, оларқа — оларға
Табыс: мені — мені, бізні — бізді
сені — сені, сізні — сізді
Жатыс: менде — менде, бізде — бізде
Шығыс: ментін — менен, біздін — бізден
2.Сұрау есімдігі:
кім — кім қай — қай
не — не қачан — қашан
нече — неше қанча — қанша
нечүк — қалай
3. Сілтеу есімдігі:
бу — бұ, бұл ол — ол
Сілтеу есімдіктері де септеледі:
Атау: ол бу
Ілік: аның — оның буның
Барыс: аңа — оған буңа — бүған
Табыс: аны — оны буны — мүны
Жатыс: анта — онда бунта — мұнда
Шығыс: антын — одан бунтан — мұнан
Қөмектес: анын — онымен


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет