Диплом жұмысы Жұмыстың тақырыбы



бет8/22
Дата26.02.2023
өлшемі485 Kb.
#69979
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
4. Өздік есімдігі:
Өз — өз кентүн — өзі
өзүм — өзім
5. Болымсыздық есімдігі:
нең ештеңе
6. Жалпылау есімдігі:
барча — барша үкүш — көп т. б.
қамуғ — бүкіл
Есімдіктер де белгілі бір сөз табынын орнына жұмсалуына қарай сөйлемде кез келген мүше бола алады.

2 көне түркі тіліндегі есім сөз таптарының дамуы


2.1 Көне түркі тіліндегі зат есім


Зат есім – есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны. Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған қатысты ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана сөздер емес, соған сәйкес дербес қолданылатын да сөздер.
Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген. Зат есімдерге тән грамматикалық категориялардың тұлғалық (кейде фонетикалық) өзгерістерін, жеке аффикстердің пайда болуын және кейбір семантикалық өзгерістерін (мәнінің тарылу, кеңеюі) еске алмасақ, олардың қайсысының да өздерінің негізгі қызметтерінен айнымағандығын байқауға болады. Сондықтан зат есім деп аталатын сөз табының тарихи өзгерісі, оның тарихи жаңаруы туралы әңгіме қозғау мүмкін де бола бермейді.
Көптік категориясы және көптік жалғаулары. Түркі тілдерінің көне дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы жалғаулар арқылы да, яғни, морфологиялық тәсіл, сөздің лексикалык мағынасы, яғни, лексикалық тәсіл арқылы және сөз тіркестері, яғни, синтаксистік тәсіл арқылы да берілген.
Кейбір жеке сөздердің лексикалық мағынасының өзінде топтасу, жинақтау ұғымы жатады. Мысалы, йылқы (жылқы), барым (мүлік-дүние) тәрізді сөздер қолданылуына қарай жекелік те, топтау ұғымын да берген. Сонымен бірге, көптік ұғым сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы да жасалған. Мысалы, алты йегірма йаш (он алты жас), екі шад (екі шал), т.б. Сондай-ақ көптік мән қос сөздер арқылы да берілген. Мысалы, шад – апыт (шадтар, би-бектер), т. б.
Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы — көптік жалғаулары. Орхон-Енисей жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар, -т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі. Мысалы, беглер (бектер), кунчуйлар (әйелдер ханымдар), т. б. Жинақтық мән беретін сөздер көбіне -лар жалғауынсыз да қолданылған: Тоқуз оғуз бегілері будуну бу сабымын егүті есід қатығды тыңла деген сөйлем құрамында бег (бек) сөзі көптік жалғаумен келсе, жинақтык мән беретін будун (халық) сөзіне жалғанбаған. Кейінгі дәуір жазбаларында да -лар көптік мән берудің басты тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер енім сөзүм ешідіңлер (КК.). Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуымен салыстырғанда, көне түркі тілінің біраз ерекшеліктері бар. Олар мына төмендегідей: сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде -лар жалғауын қабылдайды: мақа төрт йеклер йақын келті (ЗБ). Кейде алдында сан есім айтылған бірыңғай мүшелердің әрқайсысына -лар жалғанып қолданылады, төрт атларым, йылқыларым (ЗБ). Әрине, бұл жерде ал-дыңғы сан есім бірыңғай мүшелердің әрқайсысына жеке-жеке қа-тысты деп те ойлауға болар еді. Қос сөздердің әр сыңарларына жалғанады: куртлар — қоңыздар (ЗБ). Кейде жинақтық мән беретін сөздерге де -лар жалғанып келеді: Қар, буз қамуғ ерішді. Тағлар суғы ақышты. Көкшін бұлт өрүшді. Қайғуқ болуб егрішүр (МК). Ал осы тәрізді сөздер ыңғайына қарай жекелік тұлғада қолданылады: Кулан түгел қумурты. Арқар, соқақ йумутты (МҚ). (Құландарды түгелімен аудырды. Арқар, киіктерді жиды). Қолданылу мәні тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар, құлан сөздерінің алдыңғы тау сөзінен айырмашылығы жоқ. Сірә, бұл реттерде -лар аффиксінің стильдік қолданылуын ғана байқауға болар.
А.М. Щербак -лар аффиксінің X–XIII ғ.ғ. жазбаларында мынадай қолданыстарды көрсетеді. -лар жалғауы изафеттің бірінші сыңарына ғана жалғанып келеді: Тағлар сувы (МҚ.). Кейде -лар изафеттің екі сыңарына бірдей жалғанып келеді: қушлар авлағулары. Кейде -лар изафеттік тіркестің соңғы, басынқы сыңарына ғана жалғанады. Ашру улу йазлықлы турмен менің йаман ішлерімнен, йаман сағынчымдан (КК.). «Менің жаман істерімнен, жаман сөзімнен аса үлкен жазықты болып тұрмын 5, 112 б.. -лар аффиксінің изафеттің құрамында осы қолданысы қазіргі қазақ тілінің кейбір заңдылықтарын барлап қаруға мүмкіндік береді. Изафеттің алғашқы сыңары көптік жалғаулы болып келуі қазақ тілінде тек мынадай ыңғайларда ғана мүмкін: Кісілердің келісі, уйлердің төбесі, т. б. Екінші сөзбен, изафеттік тіркестің бірінші сыңарының көптік жалғаулы болуы не көп нәрсеге заттың ортақтығын не көп затқа көп заттың тәндігін білдірумен байланысты. Бірақ соңғы ыңғайда сөз жинақылығы мақсатымен екінші сыңары жалғаусыз айтылады. Изафеттің екі сыңарына бірдей көптік жалғау жалғану қазақ тілінде стильдік мақсатпен ұштасып жатады. -лар аффиксінің қолданылуының үшінші түрі қазақ тілінде бір затқа көп нәрсенің тәндігін білдіру тәсілі есебінде жиі колданылады.
Қысқасы, -лар аффиксі өзінің мәні мен колданылуы тұрғысынан көне түркі тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған.
-лар аффиксінің этимологиясы жайлы көп пікірлер айтылды. Поляк ғалымы Т. Ковальский өзінің осы мәселеге арналған Дипломлерінде өзінен бұрынғы пікір — жорамалдардың барлығына талдау жасай келіп, -лар аффиксінің арғы төркіні болжалды санды (бірнеше, көп сөздері тәрізді) білдірген сөз болу керек деп есептейді 5, 142 б... В. А.Богородицкий бұл аффикстің қалыптасуын III жак жіктеу есімдігі мен -ар жұрнағының арасындағы ығысудың нәтижесі деп қарайды 7, 36 б.. Н.А. Баскаковтың Дипломлерінде -лар аффиксі құранды қосымша есебінде қаралады. Есім түбірлерден етістік жасайтын -ла (балта-ла, қылыш-та, тас-та, т. б.) істің қайталамалығын, дүркінділігін білдіреді. Мұның өзі, Баскаковтың ойынша, келер шақ есімшенің тұлғасы -р-мен бірігіп барып ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде көптік мән берудін қосымшасы есебінде қалыптасуға мүмкіндік берді 6, 222 б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет