Диплом жұмысы Жұмыстың тақырыбы


Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары



бет10/22
Дата26.02.2023
өлшемі485 Kb.
#69979
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
dip -kone-turki-tilindegi-esim-sozder

Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары. Меншіктік пен меншіктелуші арасындағы қатынас, яғни, тәуелділік категориясы түркі тілдері құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Мұндай тұжырымға дәлел — түркі тілдері тарихындағы ең көне мұралар тілінде де қазіргі тілдегі тәуелдік категориясы мен оның көріністері көп өзгеріссіз (қазіргі тілмен салыстырғанда) берілген. Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен (арнаулы қосымшалармен), морфология-синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген. Тәуелдік жалғаулары көне мұралар тілінде мына төмендегідей болып отырады:
Жекеше: I ж. –м, (ым, -им, -ум, -үм, -ам, -ем); будун-ым (халқым), қаңым (әкем), қут-ым (құтым, бақытым). II ж. -ң, ың, -иң,
-
уң, -ұң, -үң, -аң, ең): қут-ың (сенің бақытың). III ж. -ы, -сы, (-ы,
-и, -сы, -си, -зы, -зи): уйасы (оның ұясы, ұрпағы), қағаны (ханы)
айғучысы (уәзірі).
Тәуелділіктің үшінші жағының бастапқы тұлғасы -ың, -сын (-ин, -син) деген пікір бар. Ал Орхон-Енисей жазбаларында мынадай сөйлем бар: ... табғач будунка беглік ұры оғылың кул болты, сілік қыз оғлың күң болты (табғач халқына мықты ұлы құл болды, таза қызы күң болды). Осы сөйлемдегі оғлың, қыз оғлың сөздері тәуелдік жалғаудың III жағында тұр, бірақ әдеттегідей емес, -ын.
Қөптік: I жақ: -мыз (-мыз, -миз, -мүз, -мұз, -ымыз, -имиз, -умуз, -амаз, -әмәз), ханымыз, ечимиз, қағанымыз.
II жақ: -қыз, -киз, (-ыңыз, -иңиз), -унуз, -үнүз: адашыңыз (сіздің жолдастарыңыз), қағаның (сендердің хандарың).
III жақ: -ы, -сы, -си, (-зы, -зи) -сылар, -силар.
Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей жеке де айтыла береді. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегідей, бірде менің кітабым бірде кітабым түрінде жеке де айтылады. Тәуелдік жалғауларының ашық дауыстылардан басталатын варианттары көне түркі тілі ескерткіштерінің бәрінде бірдей кездесе бермейді. Бұл варианттар көбінесе Шығыс Түркістаннан табылған жазбалар тілінде (манихейлік мәтіндер, сол сияқты кейбір ұйғыр жазбаларында) ғана ұшырасады, яғни, ұйғырлық варианттар. Тәуелділіктің II жағындағы сөз өзінің алдындағы сөздің ілік септікте тұруын бірде керек етсе, бірде керек етпейді. Бұл жағынан да қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарымен астасып жатады.
Сонымен қатар, қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік жолмен де берілетіні мәлім. Мысалы: біздің үй, сіздің бала, т. б. Меншіктілік мән туғызудың нақ осы тәсілі ежелгі түркі ескерткіштерінің тілінде де кездеседі: Бегін ат (бектің аты) (КТ). Мұнда да тіркестің соңғы сыңары тәуелдік жалғаусыз келген. Орта ғасыр ескерткіштерінде мұндай конструкцияның мына төмендегідей варианты кездеседі: Бу Мекке біздің турур — Бұл Мекке біздікі. Бу бәйіт аныңдүр — Бұл өлең оныкі. Бұлар кемекші етістікпен келген, қазақ тіліндегі -нікі тұлғалы конструкцияға сәйкес қолданылған. Бұл фактілерге қарағанда, «бұл кітап — менікі» тәрізді конструкциялар осындай тіркестердің негізінде пайда болса керек, -нікі аффиксі құрамы жағынан күрделі, тарихи жағынан екі бөлікке бөлінеді: -нің — ілік септік қосымшасы, -кі — сын есім жасайтын жұрнақ. Ілік септік қосымшасының соңғы дыбысы (-ң) элизияға ұшырап, -кі аффиксімен бірігіп кеткен. Қазақ тіліндегі -нікі аффиксі өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысының ықпалына қарай бірнеше вариантта айтылады: қаланікі, ауылдікі. Түркологияда В.В. Радловтың ізімен тәуелдіктің дауысты дыбыстардан басталған варианттары алғашқы болу керек дейтін пікір айтылып келеді. Көне түркі ескерткіштерін хронологиялық тұрғыдан салыстырып қарағанда, тәуелдік жалғауларының көптік тұлғасының III жағында мынадай ерекшелік бар: V–VIII ғасырлар ескерткіштерінде тәуелдік жалғауларының III жағы көптікте де, жекелікте де бірдей бір ғана аффикс арқылы беріледі (-ы, -сы — түбірдің соңғы дыбысына қарай). Ал ортағасырлық ескерткіштерінде екі түрлі: бірде жекелік тұлғамен бірдей, бірде -ылар, -сылар түрінде, яғни, -лар көптік жалғауы қосылып келеді. Алғашқы тәсілде бір ғана аффикс контекстегі мәніне қарай бірде заттың бір кісіге, бірде көп кісіге қатысты екенін білдірсе, екінші тәсілде аффикстер де әр түрлі болып отырады. Хронологиялық тұрғыдан, сөйтіп алғашқы тәсіл ескі де, соңғы тәсіл жаңа болса керек. Қазіргі қыпшақ тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде алғашқы, ескі тәсіл сақталған да, оңтүстік тілдерінде, татар, т. б. тілдерде соңғы, жаңа тәсіл пайда болған.
Түркологияда тәуелдік жалғауларының арғы негізі — жіктеу есімдіктері дейтін пікір тұрақталды. Түркі тілдерінің, тіпті жалпы алтай тілдерінің тарихын Дипломшілер өте көне дәуірде екпін түскен буыннан кейін айтылған жіктеу есімдіктері бара-бара өзінен бұрын тұрған, негізгі логикалық екпін түскен сөздің энклитикасына айналған дейтін пікірді бекерге шығармайды. Осы постпозициялық қолданыстың соңғы нәтижесінің бірі — тәуелдік жалғаулары болса керек.
Тәуелдіктің жекеше I жағы -м «мен» жіктеу есімдігінің қысқарған түрі есебінде танылса (сонда соңғы буын — ен түсіп қалған болады), жекеше II жағы -ң «сен» жіктеу есімдігінің қысқарған түрі есебінде (сонда алдыңғы се — буыны түсіп қалған болады) танылып жүр. Н.К. Дмитриев II жақтың қосымшасының түрінде келуін якут тіліндегі II жақ жіктеу есімдігімен (ен) байланыстырады 13, 111 б... Ал I жақтың көптік тұлғасы -мыз жекелік тұлға мен көптік жалғаудың қосындысынан (-м -ыз) қалыптасқандығы айқын. Айта кететін бір жай: қазіргі қазақ тілінде тәуелділіктіқ жекеше II жағы екі түрлі (-ң және -ыңыз) айтылатыны мәлім. Қазіргі норма оның біріншісін анайы тұлға (ң) есебінде түсінеді де, екіншісін (-ыңыз) сыпайы тұлға есебінде түсінеді, Ал осы тұлға тарихи тұрғыдан II жақ жекеше тәуелдік жалғауы мен көптік жалғаудың қосындысы: -ың, -ыз.
Тәуелдіктің III жағының түпкі төркінін В.В. Радлов «сын» (сипат мәніндегі) сөзі деп қараған. Қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік тәуелдіктің III жағы септік жалғауларында дыбысын қосып алады (баласына, баласында), т. б. Радлов бұл жалғауды о баста толық сөз болды дегенде осыған сүйенеді. Н.К. Дмитриев тәуелдіктің III жағы о баста дыбысымен аяқталған, яғни, о баста ң және -сың (түбірдің соңғы дыбысының ыңғайына қарай) түрінде болған деп қарайды. Соңғы кейін түсіп қалуы мумкін. Сөйтіп есептік жалғаулары қосылған уақытта ғана ескі пайда болады 23, 420 б.. В. Котвич тәуелдіктің III жағының пайда болуын сәл басқарақ түсіндіреді. Бұл ғалымның пікірінше түркі тілдеріндегі тәуелдіктің III жағы монғол тіліндегі сілтеу есімдіктерінің ілік жалғаулы тұлғасына сай (ін-у «мынаның» сін-у «оның») В. Котвич түркі тілдеріндегі тәуелдік жалғаулардың үш жағын да (есімдерге жалғанатын) жіктеу есімдіктерінің ілік септік тұлғасы негізінде пайда болған деп қарайды. Оған себеп-түркі тілдерінің бірсыпырасында (оңтүстік тілдерінде) I жақ жіктеу есімдігі бен түрінде айтылады да, тек ілік септікте ғана мен түрінде, м дыбысынан басталады 15, 12 б.. В. Котвич пікіріне қоса келтіре кететін факт мынадай: «Кодекс куманикусте» жіктеу есімдіктерінің ілік тұлғасы -м (-ым, -ім, -ум, -үм) түрінде де кездеседі: Білге кетік кішілер менім сөзүм ешітіңлер... .
Қазіргі қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін Дипломшілер де кейбір ауданның тұрғындары тілінде ілік септіктің -ім түрінде айтылатынын көрсетеді. С. Аманжолов батыс диалектісінің бір ерекшелігі есебінде ілік септіктің осы тұлғасын атайды 16, 315 б..
Н.А. Баскаков тәуелдіктің III жақ тұлғасын қалау райлық тұлға -сы, -сі мен байланыстырады. Сонда мұндай пікірге себеп болатын татар тіліндегі аласы келді тәрізді сөз тіркесі кұрамындағы -си аффиксінің қолданылуы. Н.А. Баскаковтың ойынша, осы жерде тәуелдіктің III жағы мен қалау рай тұлғасы семантикалық жағынан да, формалдық жағынан да сәйкес. Өйткені Баскаковтың түсіндіруінше, жаңағы форма мынадай өзгеріске түскен. ал+(ғ) а + ас (ығ)+ы келді>ала-сы келді. Сонда татар тілінде қолданылатын қалау рай мәнін беретін (әрі тәуелдіктің III жағы) аласы (келді) тұлғасы ал етістігінен қимыл есімі (ал-ғы), оның үстіне тағы да қимыл есім тұлғасы -сық жалғануы арқылы жасалады да, кейін сөз ортасындағы және соңындағы -ғ (қ) дыбысының түсіп қалуынан шағындалып аласы түрінде келеді.
Сонымен, тәуелдік жалғауларының I–II жағы да о баста шығу тегі жағынан жіктеу есімдіктерімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет