Диплом жұмысы шымкент 2022 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік



бет1/5
Дата30.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#103838
түріДиплом
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Зияты зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту Диплом

  • ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
  • Шымкент 2022
  • Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
  • педагогикалық университеті
  • Зияты зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту
  • Орындаған Н.Б. Құлбай
  • Ғылыми
  • жетекші п.ғ.к., аға оқытушы С.А. Турмаханова

Мазмұны

  •  КІРІСПЕ 1 ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ ЖӘНЕ СЕЗІНУІ
  • 1.1 Зияты зақымдалған балалардың қабылдауы, сезінуі мен танымының жалпы сипаттамасы
  • 1.2 Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін естудің маңызы
  • 1.3 Зияты зақымдалған тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесі
  • 2 ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
  • 2.1 Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамыту ерекшеліктері.
  • 2.4 Эксперимент жұмыстары және оның нәтижелері 
  • ҚОРЫТЫНДЫ 
  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  • КІРІСПЕ
  • Диплом тақырыбының өзектілігі.
  • Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық және педагогикалық қолдау» туралы заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектігінің алдын алуға бағытталған [1]. Осығын орай, қазіргі таңда денсаулығындағы мүкісіне ұарамай, кез келген баланы бәсекелестікке лайық жеке тұлғаны қалыптастыру – бүгінгі күннің негізгі өзекті мәселелерінің бірі. Диплом жұмысына нысана болған зияты зақымдалған балалардың сөйлеу әрекетін дамыту да ең өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Қазақ қауымының ру-тайпалау кезеңдерінен бастап, оның халық болып құралған дәуіріндегі және ұлттық дамуы тұсындағы тілінің жалпы тарихын зерттеу де, оның тілінің даму барысын танып- білу де соңғы отыз-қырық жылдың ішінде ғана қолға алына бастағандығы белгілі. Бұл салада ғылыми негізде жазылып, жүйелі түрде баяндалған тұтас курстар кейінгі жылдарда пайда бола бастағанымен, бұған дейін де қазақ тілі тарихының жеке проблемалары, белгілі кезең-дәуірлердегі күй-қалпы, Абай, Ыбырай, сияқты қалам иелерінің әдеби тілді дамытудағы қызметі мен орны тәрізді мәселелер ғылыми ізденістердің, нақты талдаулардың объектісі болып келеді.
  • Диплом жұмысының мақсаты: Біздің өзіміздің дипломдық жұмысымызға зияты зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу әрекетіндегі дағдыны қалыптастыру тәсілдерін көрсету.
  • Диплом жұмысының міндеттері: зияты зақымдалған балалардың қабылдауы, сезінуі мен танымының жалпы сипаттамасын көрсету; зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін естудің маңызын меңгеру; зияты зақымдалған тіл кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек беру жүйесін нақтылау; зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілін дамыту ерекшеліктерін анықтау; балалардың сөйлеу әрекеті және сөйлеу әрекетіндегі дағдыны қалыптастыру тәсілдерін көрсету; эксперимент жұмыстары және оның нәтижелерін көрсету.
  • Зерттеуші ғалымдарының зияты зақымдалған балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту мәселелеріне байланысты зерттеу жұмыстарындағы жаңа идеялары жұмыстың басты бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Білім берудегі соңғы жетістіктері және ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектері мен оқулықтар, оқу құралдарындағы оқыту технологияларының теориялық-тәжірибелік қағидалары басшылыққа алынды.
  • Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы.
  • Зерттеу жұмысында зияты зақымдалған балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету жүйесі негізделді. Зияты зақымдалған балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі басты ұстанымдары анықталып, тұжырымдамасы жасалды.
  • 1 ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ ЖӘНЕ СЕЗІНУІ
  • 1.1 Зияты зақымдалған балалардың қабылдауы, сезінуі мен танымының жалпы сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет