Зиятының зақымдалған оқушылардың өзін- өзі бағалауы екі тәсілге бөлінеді:
1) өзі туралы алдын- ала көздеген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен салыстырып теңестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің қойған бағасы дәл келсе осы жетістікке жеткеннің белгісі деп санайды. Егер өзінің- өзі туралы бағасымен бұл жөніндегі оған берген бағасымен сай келмесе осының өзі жеткіншекті терең ойға қалдырады;
2) өзгелердің өзі туралы пікірін жинап соларды өзара салыстыру арқылы өзінің кеміс жақтарын білу. Мұндай жағдайда ақыл- ойы кем оқушылардың ісі туралы бағасы оған берген үлкендердің бағасына дәл келмеуі ықтимал.
1.2 Зияты зақымдалған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін естудің маңызы
Естуі бұзылған және нашар еститін балалардың психологиясын көп жылдан бері зерттеп келеді. Бұл салада көптеген зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулер нашар еститін және естімейтін балалардың сөйлеуін, қабылдауын, есін, ойлау процесін қарастырды. Отандық ғалымдар өздерінің бірнеше монографияларында естімейтін балалардың сөйлеуімен ойлауы туралы, танымдық іс-әрекеттер туралы, естімейтін балалардың психологиясы туралы, естің және ойлаудың дамуын атап көрсетті.
«Зияттың зақымдалуы» терминін тек кең мағынада емес сонымен қатар ол ерте жастағы зияты зақымдалған балалар тобына жататындықтан түсінікті нақты қабылдауға болады. Бірақ қазіргі кезге дейін клиникалық психиатриядағы «зиятының бұзылуы» мен «олигофрения» терминдері синоним ретінде қолданылып келді
Қорыта келгенде, өзін-өзі анықтауға психологиялық тұрғыдан дайын болуға өзіндік сана-сезім үлкен рөл атқарады. Ақыл-ойы кем оқушылардың өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы зияты зақымдалған оқушылардың психикасына, оның оқу және еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне, оның шындыққа қатынасының қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Өзін-өзі сана-сезімнің қажеттілігі өмірдің және іс-әрекеттің қажеттілігінен туындайды. Жеткіншек жасында өзіндік сана-сезімі жетіліп тереңдетіледі, жаңа түрлері пайда болады. Мұндай өзгерістер ақыл-ойы кем оқушылардың мінез-құлқына және жүріс-тұрысына ықпал жасайтын объективті және субъективті себептерге байланысты. Олардың ішінде, ақыл-ойы кем оқушылардың оқуына, мінез-құлқына, дербестілігіне талаптардың жоғарылауын және тағы басқаларды айтуға болады.